МөЖ: Тарихнамадағы ғұндар тарихының мәселелері



Дата20.09.2022
өлшемі40,52 Kb.
#39573

МӨЖ: Тарихнамадағы ғұндар тарихының мәселелері
Қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрған, б.з.б. ІІІ б.з. ІІ ғасырларында Орталық Азияда орналасқан ғұн мемлекетінің тарихының зерттеле басталуы ХVІІІ ғасырдан бастау алады. Батыс ғалымдарының ғұн мәселесіне қызығушылық туғызуы V ғасырда Атила бастаған ғұндардың Шығыс Еуропаға келуімен тығыз байланысты. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ғұн мәселесін зерттеушілер негізінен ғұндардың шығу тегі және олардың ба-тыс ғұндармен байланысы, сондай-ақ саяси тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ал ғұндардың қоғамдық құрылымы, әсіресе мемлекеттік мәселесі назардан тыс қалып отырды.
Кеңестік дәуірге дейін ғұндардың тарихы – Орталық Азия-ны мекендеген тайпалар қатарында айтылып, арнайы зерттеу-лер жазылған жоқ. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, көшпелілер тарихы арнайы зерттелмегенімен оларға қатысты археоло-гиялық ескерткіштерде қазба жұмыстары жүргізіле бастады. ХІХ ғасырдан бастап зерттеле бастаған ғұн дәуіріне қатысты археологиялық ескерткіштерді Кеңестік және Ресейлік Теплоу-хов, Г.П. Сосновский, С.В. Киселев, А.П. Окладников, А.В. Да-выдова, П.Б. Коновалов, С.С. Миняев, С.В. Даниловтар, Моң-ғолияның Доржсурэн, X. Пэрлээ, Д. Цэвэндорж, Қытайдың Го Сусинь, Сюн Суньжуй, Жапонияның Эгами Намио, Като Сим-пей сияқты археологтары зерттеген. Бүгінгі күнге дейін аталған елдер аумағындағы белгілі болған 3500-дей обалардың 700-де қазба жұмыстары жүргізілген. Кеңес дәуірінде Бурятияның астанасы Улан-Уде маңынан табылған Иволгин қалашығын ар-хеолог Давыдова зерттеген. Ноин-ула обасына да қазба жұмыс-тары жүргізіліп, бірқатар тың мәліметтер алынды.Алғаш, 1925 жылы қарастырылып отырған мәселеге қатыс-ты археолог-ғалым П.К. Козловтың экспедициясы барысында Ноинула ескерткішіне жүргізген қазба жұмыстары негізінде жарық көрген еңбегі жарияланды. 1947-1952 жылдары А.П. Окладников басқарған КСРО ҒА ғалымдары мен Моңғолия ғалымдары бірлескен Солтүстік Бурятия-Моңғолияға жасаған археологиялық экспедициялары нәтижесінде бұрын қытай де-ректерінде айтылған мәліметтерді толықтыратын ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығына, әскери өнері мен көрші халық-тарымен этникалық, сауда және басқа да қатынастары жөнінде тың мәліметтер жинауға мүмкіндік туды. Кеңес дәуірінде көш пелілердің қоғамдық құрылымы кең түрде зерт-теліп, тарихты маркстік-лениндік концепция бойынша таптық көзқарас негізінде кезеңдерге бөлуге сай «көшпелі феодализм» жайлы пікір-таласқа ұласып жатты. 1930 жылдары кеңестік әдебиеттерде бес сатыдан тұратын формациялық кезеңдеу толықтай күшіне енді. Алғаш 1934 жы-лы археолог С.П. Толстов ғұндарда классикалық құлдық қоғам болды. Негізен «құлдар қолға түс-кен қытайлардан құрылып, егін шаруашылығ-мен айналысты» деген пікірді ұсынды. Ғұн мәсе-лесін зерттеген келесі бір ғалым А.М. Бернштам болды. 1951 жылы шыққан А.Н. Бернштамның «Очерк истории гуннов» атты еңбегінде тарих-қа таптық тұрғыдан қарау көзқарасы анық кө-рініп тұрды. Монографияның кіріспе бөлімінде ғұндардың шығу тегі мәселесі сөз болды. Жал-пы ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы көшпелілер тарихын зерттеген жекеленген ғалымдар Батыс және Шығыс ғұндардың шығу тегі екі бөлек де-ген пікір білдірді. Ал ғалымдардың негізгі бөлігі шығыс ғұндар батысқы жылжу арқылы Еуропа-ға жетті деген пікір білдірді. Осы мәселе аясын-да ғұндардың батысқы жылжу бағыты зерттеле бастады. Бернштамның өзіне дейінгі ғұн мәселе-сіне қалам тартқан зерттеушілердің еңбектерін саралай келіп, ғұндардың шығу тегі жайлы 4 ба-ғытты ұсынады. Олар:А) «Ғұндар монғол тектес болды» деген ба-ғытты қолдаушылар қатарында П. Паллас, Н. Шмид, Н.Я. Бичурин, К. Нейман және т.б бар.B) «Ғұндар түркі тілдес болды» деген ұстанымды Абель Ремюза, Ю. Клапрот, Ф. Мюл-лер, В.В. Радлов, Л.Н. Гумилев қолдады.C) «Ғұндар фин угор тектес» деген көзқарас негізінен фин ғалымдары: М. Кастрен, Коски-нен, П.К. Усларлар ұстанған. D) «Ғұндар славян тектес» ұстанымын ХІХ ғасырдағы Ресей зерттеушілері Д.И. Иловайс-кий, Д. Венелин, А. Вельтмандар қолдаған [1, 27б.]. Аталған еңбек екі тараудан тұрады. Aвтор бірінші тарауда Бурятия және Солтүстік Моңғо-лиядағы ғұндардың археологиялық ескерткіш-теріне жүргізілген қазба жұмыстары негізінде оларда әлеуметтік теңсіздік болғанын, ғұн қоға-мы бірнеше тапқа бөлінгенін атап көрсетті. Екін-ші тарауда, батыс ғұндар жайлы жаза отырып, Рим империясындағы құлдық қоғамның ыды-рауына көшпелілердің жорықтарының тікелей әсер болғандығын айтады. «Көшпелі қоғамда таптық қоғам болды» де-ген көзқарас қытай деректері бойынша білікті маман саналатын Е.И. Кычановтың еңбегінде ерекше көзге түседі [2, 356 б.]. Оның концеп-циясы бойынша көшпелі мемлекет тек қана қорғану мен шабуылдау құралы болумен қатар, бекзадалар мен ауқатты топтың өздерінен кедей тұратын тайпаластарының үстінен билік етудің тетігі болған деп көрсетіледі.Ғұн мәселесіне қалам тартқан келесі археолог – С.В. Киселев еді. Ол ғұндарда мемлекеттіліктің алғашқы формасы көрініс тапқанын атап көрсе-тіп, ішкі теңсіздіктің алғашқы көрінісі байқала-тынын, «тонаушылық жорықтарда негізінен ру басылары мен шаньюлар байып отыратынын» жазады. Жалпы, 1950-1960 жылдары жазылған еңбектерде «ғұндар қоғамы алғашқы қауымдық құрылыстан «әскери демократиялық» жүйеге өту кезеңіндегі қоғам ретінде қарастырылады. Қазақстан археолог-ғалым А.К. Ақышев 1977 жылы Қазақ КСР тарихы (ежелден бүгінгі күн-ге дейін) оқулығында «ғұндар тайпалық қауым-нан ерте таптық қоғамға өту сатысында қоғам» түрінде сипатталады [3, 258 б.]. 1960 жылдары жарық көрген М.И. Рижский мақалаларында ғұн қоғамы «мемлекеттік типтегі тайпалар бірлесті-гі» түрінде бағаланады [4, 342-353 бб.]. Ғұн қоғамын неғұрлым прогрессивті тұрғы-дан бағалаған көпшілікке аса таныс емес ғалым Г.П. Сосновский еді. Ол өзінің Ұлы Отан соғы-сына дейін жазылған, алайда баспасөз бетінде жарық көрмеген ғұндар жайлы еңбегінде «Ор-талық Азиядағы мемлекеттің барлық белгілері көрініс тапқан бірінші көшпелі империя» деген пікір білдіреді [5, 23 б.]. 1960 жылдардағы «жылымық» кезең тари-хи зерттеулерге де өзінің ықпалын тигізді. Осы жылдарда көрнекті түркітанушы Л.Н. Гумилев өзінің «Хұнндар» еңбегін жариялады. Ол өз ең-бегінде «ғұн қоғамы «тайпалық бірлестік» емес, керісінше 24 рудан құралатын жеке тайпа, ру-басылары «тең адамдардың алдыңғы қатарында болды» деп көрсетті. Алтай өңірінде ғұн тайпа-ларына қатысты «Пазарық» қорғанын зерттеген археолог С.И. Руденко «ғұндарда «әскери де-мократиялық жүйе» болды» деген пікір білдіре-ді[6, 66-70 бб.]. 1970 жылдары бірінші жартысында жарық көрген B.C. Таскин, А.В. Давыдовалар еңбек-терінде ғұн қоғамы «ертемемлекеттік сипатта» болды деген пікір білдіріледі. B.C. Таскин қы-тай деректерін аудара отырып, өзінің еңбегінде ғұн мемлекетін «әлі таптық қоғамға жетпеген, әрі авторитетті билік орнамаған, ру-тайпалық белгісі анық көрінетін жүйе» ретінде сипаттай келе, ғұндардың шаруашылығы, империяның әкімшілік-саяси құрылымы, басқару жүйесі, жайылымдық жер мен малға меншік түрлері ту-ралы маңызды тұжырымдарын ұсынады. Ғұндар жайлы келесі бір пікір білдіруші А.М. Хазанов скифтер мен ғұндардағы мемлекеттік құрылым-дары ұқсастығын көрсете келіп, «ертемемле-кеттік сипатта» болғанын айтады және аталған мемлекеттер көрші отырықшылықпен айналы-сатын халақтарға шабуыл жасау арқылы оларды салық төлеуге мәжбүрлейтінін» атап көрсетеді [5, 25б.]. Кейінгі жылдары ғұндар жайлы жазыпжүрген ғалымдардың арасында В.В. Трепав-ловты атап өтуге болады. Ол ғұндар мен басқакөшпелі тайпаларда «ертемемлекеттік сипат-тағы құрылым болғанынымен келісе отырып,Орталық Азиядағы көшпелілер мемлекетте-рінде ғұндардан бастап кейінгі көшпелілерде«мемлекеттік дәстүрдің» жалғастық табатын-дығын растайды.Ежелгі көшпелі мемлекеттер жайлы пікірді жалғастыра отырып, А.И. Мартынов Оңтүстік сібір мен Орталық Азиядағы көшпелілер (дин-линдер, юечжилер, ғұндар) өздерінің дамуы барысында «жабайылықтан» өзіндік ерекшелі-гі бар «дала өркениетінің» негізін салушылар болды деген прогрессивті пікірін білдіреді. Ғұн-дар жайлы оң пікір білдірген ғалымдар арасын-да ерекше көзге түсетіні – көшпелілердің тари-хын зерттеуші С.А. Плетнева. Ол ғұн мемлекеті «көшпеліліктен қалалыққа» бейімделген дала-лық феодализмнің көрінісі бола отырып, «өзі-нің дамыған жартылай отырықшы экономикасы, тұрақты әскері, қатал заңы, мемлекетте шенуік-тердің ұрпақтан ұрпаққа берілетін иерархиялық жүйесі, жазуы мен біртұтас діни жүйесі бар» құрылымы бар дәстүрлі қоғам екендігін мойын-дайды [7, 85-87 бб.]. Көрнекті шығыстанушы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар кезеңіне қатысты ең-бектер жазып жүрген Санкт-Петербург ғалымы С.Г. Кляшторныйдың Т.И. Султановпен бірлесе жазған «Казахстан летопись трех тысячилетие» еңбегінде «ғұн мемлекеті, өзінің қоғамдық құ-рылымына сай, қатаң иерархиялық жүйеге не-гізделген құрылым болды» деп атай келіп, б.з.б. V-ІV ғасырлардағы жундардың әскери демокра-тиялық жүйесінен бастау алып, көрші тайпалық бірлестіктер мен қытай патшалықтарымен өмір мен өлім үшін күрес жүргізді. Мемлекеттің негі-зін салушы мен оның мұрагерлері «барлық садақ тарта алатын» халықтарға билік жүргізе отырып, «шымнан салынған үйлерде тұратын халықтар-дан» басым түсуді өзіне басты мақсат санады. Мұндай мемлекет бір орталыққа бағынған, әске ри-әкімшілік қаһидаға негізінде құралған импе-рия түрінде ғана өмір сүре алатын еді» деп баға береді.Көшпелі тайпаларға қатысты соңғы жыл-дары жазылған еңбектер қатарында Е.И. Кы-чановтың монографиясын атап өткен жөн. Ол «көшпелі мемлекеттердің» қалыптасуы мен да-муын скифтер мен ғұндардан бастай отырып, маньчжурларға дейін сипаттай отырып, «ғұн-дарда мемлекеттіліктің қалыптасуы ішкі даму-дың нәтижесінде болды» деп оң баға береді. Қазіргі кездегі посткеңестік елдердің ғалым-дары ішінде ғұн мәселесін терең зерттеп жүрген зерттеуші Н.Н. Крадин. оның Орталық Азияның көшпелілеріне арналған бірнеше монографияла-ры бар. Соның ішіндегі ең құндысы, әрі бүгінгі күнде ғұн мәселесіне арналған бірден-бір зерт-теу жұмысы болып табылатын «Империя Хун-ну» еңбегі. Автор өз еңбегінде өзіне дейін ғұн мәселесіне қалам тартқан барлық ғылыми еңбек-терге талдау жасай келіп «Хұн мемлекеті Орта-лық Азиядағы бірінші көшпелі мемлекет болды» деген тоқтамға келеді.Ғұндар жайлы шет елдерде жарық көрген ең-бектер қатарында түркиялық ғалым Бахреддин Өгелдің екі кітаптан тұратын «Ұлы ғұндар ме-мелекеті» атты еңбекті атап ерекше атап өткен жөн [8, 29 б.]. Жапон ғалымы Нобуо Ямада хұн қоғамын ішкі этникалық байланысы бар қуат-ты тайпа түрінде көрсетеді. Келесі бір ғұн қо-ғамы туралы пікір білдірген Т. Барфилд болды. «Көшпелілер үшін мемлекеттілік институты іш-кі сұраныстан туған қажеттілік болмады. Мем-лекеттілік – көшпелілерде көрші отырықшы өр-кениеттерге бейімделуінен туындаған [5, 29 б.]. Келесі бір Ресей ғалымы Р.Н.Безертинов «б.з.б.ІІ ғасырында Солтүстік-Шығыс Азия-да бір орталыққа бағынған екі мемлекет: Хань әулеті мемлекеті (Қытай) және Хұн империясы орналасты» деп көрсете келіп, «Қытай сияқты алып мемлекетке қарсы тұру үшін көшпелілерде біріншіден, өзін-өзі қамтасыз ете алатын шару-ашылығы, екіншіден – күшті әскері, үшіншіден халықты біріктіретін ортақ идеологиясы және біртұтас дүние танымы мен діні болу керек» болды деген көзқарас білдіреді [9, 4]. Ғұндарда осының барлығы болды. Үш жүз жылға созыл-ған теке-тірес күрестің соңы «Аспан асты елі» пайдасына шешілгенін бәріміз тарихтан білеміз. Осы жерде соңғы он жылдықтарда Ресей тарих-шылары Кеңестік дәуірден қалған көшпелілер-ді- «варварлар» қарау көзқарасынан бас тартып, Еуразия тарихында көшпелілердің алатын орны-на оң баға беріп жатқанын көруге болады. Бұл көзқарастың кең етек ала бастағанына бүгінгі Ресейдің геосаяси жағдайында Қиыр Шығыста орналасқан көршісі Қытайдың күш қуатының күн санап артып келе жатқанымен де байланыс-ты болуы мүмкін. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихшы-лары да Орталық Азияны ежелгі және ортаға-сырларда мекендеген көшпелі тайпалардың та-рихын зерттеуге үлкен көңіл бөліп келеді. Бұған Кеңестік дәуірде тарихшылар тек қазіргі Қазақ-стан аумағын мекендеген тайпаларды ғана өз мемлекетінің тарихымен байланыстыруы себеп болған сияқты. Ал шындығында қазақ халқын құраған тайпалардың көбі бастапқыда Орталық Азия аумағын мекендеп біртіндеп осы күнгі тер-риторияға қоныс аударған. Мұндай этностардың қатында ғұндар, көне түркі тайпаларыын, кейін-гі керей, найман, қоңырат, жалайыр және т.б. тайпаларды атап өтуге болады. Көшпелі тайпаларды зерттеуде этнолог Н.Э. Масановты атап өтуге болады. Ал «көшпелі өр-кениет» деген ұғымды алғаш қолдана бастаған Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышевтер болды. Ал ар-хеолог К.М. Байпақов «дала өркениеті мен өр-кениеттер» деген ұғымды пайдаланған дұрыс деген пікір білдіреді. Көшпелі қоғам мәселесін зерттеумен айналысып жүрген Ж. Артықбаев «Әлем тарихын зерттегенде, көбіне Шығыс пен Батыс мәселесі айтыла келіп, осы екі өркениетті байланыстырушы Ұлы дала мәселесі үнемі на-зардан тыс қалып отыратынын» атап көрсетеді [10,106 б.]. Бүгінгі күнде «көшпелілер – өркениетті бүл-дірушілер» және «көшпелілер – өркениетті бай- ланыстырушылар» деген қос көзқарас қатар қол-данысқа ие болып келуде.Отандық тарихшылардың еңбектерінде ғұн-дар тарихын зерттеу кенже қалып келе жатқан мәселелердің қатарынан табылады. Өйткені, ежелгі Ғұн мемлекеті қазіргі Қазақстан аума-ғынан тыс жерде орналасқандықтан, зерттеу обьектісінен тыс қалып қалу үрдіске айналған. ҚР ҰҒА Ш. Уалиханов атындағы тарих және эт-нология институты дайындаған бес томдық Қа-зақстан тарихында аталған мәселені профессор К.Ақышев жазған [11,...]. Ғұндар тарихын зерт-теуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ-ситетінің тарихшы ғалымдары біршама үлес қо-суда. Атап айтқанда, профессор Қ.Т. Жұмағұлов батыс ғұндар мәселесімен айналысып, бірқатар еңбектер жазды. Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары мәселесі – қазақ халқының этни-калық тарихын зерттеп жүрген профессор Т.О. Омарбековтің еңбектерінде, жекеленген мәселе-лер тарихшы Е.Н. Нояновтың ғылыми мақалала-рында көрініс тауып жүр. 2013 жылы ҚР Мемле-кеттік Хатшысының «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасына сай университетте ашылған, директоры профессор Т.О. Омарбеков болып табылатын «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеудің Республикалық ғы-лыми-зерттеу орталығы» Еуразия даласын ме-кендеген ежелгі тайпалардан бастап, Кеңес дәуі-рінде көшпелі тайпалардың отырылықшылыққа көшуінен туындаған дағдарысқа дейінгі мәселе-лерді зерттеу қолға алынып отыр. Қарастырып отырған мәселеге қатысты тың көзқарастағы ең-бектер жарық көреді деп күтілуде.

Əдебиеттер:


1Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. – Л., 1951. – 228 с.
2Кычанов Е.И. Очерки истории тангутского государства. – М., 1968. – 356 б.
3Акишев К.А., Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. – М.: Искусство. 1978. – 285 с.
4 Рижский М.И. Гунны в Забайкалье // История Сибири. Т.І / отв. ред. А.П. Окладников. – Л., 1968. – С. 342–353.
5Крадин Н.Н., Империя Хунну, изд 2-ое. – М.: Лотос, 2001. – 312 с.
6Руденко СИ. 1962. Культура хуннов и ноинулинские курганы. – М.; Л.: АН СССР. С. 66–70.
7Плетнева С.А., Кочевники средневековья. Поиски исторических закономерностей. – М.: Наука, 1982. – С. 85–87.
8Бахреддин Өгел. Ұлы ғұндар мемелекеті. 1-2 кітап. – Алматы,1993.
9Безертинов Р.Н. Китай и кочевой мир. – Казан, 2011.
10 Артыкбаев Ж. Казахское общество:традиции и инновации. – Астана, 2003. – 106 с.
11 Қазақстан тарихы, 5 томдық. – Т.І. – Алматы, 1996.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет