Молекуалық биология және медициналық генетика


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата04.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
 
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 
 
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» 
Молекуалық биология және медициналық генетика 
кафедрасы 
Тест тапсырмалары 
Редакция: 1
64 беттің 4 беті 
50. Шпатель көмегімен адамның ұртының кілегей қабатының жасушаларынан 
қырынды алынды. Боялған жағындының эпителий жасушаларында мөлшері бірдей 
емес бірнеше сопақша ядролар айқын көрінді. Бұл жасушалардың бөлінуі қандай 
жолмен жүрді? 
51. Оогенез үш кезеңге бөлінеді: көбею, өсу және пісіп жетілу. Өсу кезеңіне енген 
жасушалар қалай аталады? 
52. Митоздық циклдің синтез алдындағы кезеңінде ДНҚ синтезі жүрмейді, 
сондықтан ДНҚ молекулаларының мөлшері хромосомалармен бірдей. Синтез 
алдындағы кезеңде адамның сомалық жасушасында қанша ДНҚ молекуласы бар? 
53. Жасушаның тіршілік циклі кезінде тұқым қуалайтын материал мөлшерінде 
тұрақты өзгеріс болады. Жасуша онтогенезінің қай кезеңінде ДНҚ молекуласының 
екі еселенуі жүреді? 
54. Адамның сомалық жасушалары диплоидты (2n хромосома). Алайда қызыл сүйек 
кемігінің полиплоидты жасушаларында (мегакариоциттер) 64n-ге дейін хромосома 
болуы мүмкін. Олардың пайда болу механизмін қалай атайды? 
55. Ісік жасушаларының үлгісінен жылдам бөлінген жасушаларда ядроның тікелей 
бөлінуі анықталды. Хроматиннің бөлінуі мен конденсациясы кезінде ахроматин 
жіптердің пайда болуы байқалған жоқ. Жасушаның бөлінуінің бұл түрі қалай 
аталады? 
56. Сперматозоид жетіспеген гаплоидты хромосома жиынтығын жұмыртқа 
жасушасына әкелген соң бластомерлер түзіле бастайды. Бластомерлер қай жерде 
түзіледі.
57. Құрсақішілік өмірдің бірінші аптасының соңында адамның ұрығы жатырға еніп, 
имплантацияланады. Жүктіліктің осы кезеңінде эмбрион қалай аталады?
58. Ұрықтанғаннан кейін жатырдың эндометриясына бластоцистаның енуі қанша 
уақыттан кейін жүреді?
59. Қай кезеңде дамудың туа біткен ақаулықтары жиі дамиды?
60. Дамудың қатерлі кезеңдерінде ұрық морфогенездің жаңа кезеңіне өтетіні белгілі. 
Ортаның қандай факторларына ұрық сезімтал болып келеді? 
61. Ұрықтануға дейін жыныс жасушаларында болған өзгерістер қандай даму 
ақаулықтарына алып келеді? 
62. Ооциттердің өсу және пісіп жетілу кезеңдерінде, сонымен қатар жұмыртқа 
ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа цитоплазмасында түрлі жергілікті өзгерістер 
болады. Бұл үрдіс қалай аталады? 
63. Жасушаның ұрықтың барлық үш қабатына және де белгілі жағдайларда тұтас бір 
ағзаны дамыта алуға қабілеті қалай аталады? 
64. Жасушаның арнайы фенотипінің қалыптасуына және оның арнайы қызметтерді 
атқара алу қабілеттілігін қамтамасыз ететін генетикалық үрдіс қалай аталады? 
65. Төменде келтірілген жүктіліктің мерзімі нәрестелік кезеңге сәйкес келеді 
66. Жүктіліктің 9-шы аптасынан туғанға дейінгі адамның даму кезеңін атайды 
67. Төменде келтірілген дәрілік препараттардың қайсысы тератогенді? 
68. Даму кезеңінде жасушаның көптеген даму жолынан өзінің бағытын таңдап 
алуы: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет