Мұражай педагогикасының жоо білім беру жүйесіндегі орны



Pdf көрінісі
Дата28.01.2017
өлшемі286,71 Kb.
#2923

Мұражай педагогикасының жоо білім беру жүйесіндегі орны 

 Балыкбаева Г. Ш.  

«Педагогика және психология» мамандығының 2 курс магистранты,  

Ахмет Байтұрсынов атындағы  

Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай қ.  

 

Ата-бабамыздың  ақыл  мен  парасатқа  толы  мұраларын  жоғалтпай  сақтап,  бала 

тәрбиесіне  пайдалана  білудің  алар  орны  ерекше.  Осы  орайда  ашылған  түрлі  бағыттағы 

мұражайлар  бүгінгі  ұрпақтың  өткенді  танып–саралап,  бүгінге  сыни  көзбен  қарап, 

болашаққа көз жүгіртуіне жол ашуда. Мұражайдағы жәдігерлер оқу–тәрбие жұмыстарын 

жүргізуге көп көмегін тигізуде. Себебі оқушыға көп мағлұматты ауызша жеткізгеннен, бір 

нәрсені көзбен көрсету көкейге қонымдырақ болатыны ғылымда дәлелденген[1.]. 

Ұлттық  деңгейдегі  жалпы  орта  білім  берудің  маңызды  стратегиялық  міндеттерінің 

бірі – тұлғаны зерттеу, шығармашылыққа баулу арқылы әлеуметтендіру. Бастауыш мектеп 

оқушысын  әлеуметтендіру  нәтижесінде  адам,  азамат,  елжандылық,  ұжымшылдық 

қасиеттердің  алғашқы  түсініктерін  білуге,  мамандық  әлемі  туралы,  еңбектің  рөлі  мен 

маңызын сезіне білуге, экологиялық білімді игеруге міндетті болса, негізгі орта мектептің 

оқушысы  рухани–  адамгершілік,  азаматтық–патриоттық  қасиеттері  қалыптасқан,  ұлттық 

және  әлемдік  мәдениеттің  құндылықтарын  игере  білетін,  кәсіби  ғылым  саласын  таңдай 

алатын,  әлеуметтендіру  мен  өмір  сүру  нормаларын  қолдана  алатын,  ал  мектеп  түлегі: 

өзінің даралығын сезінетін, жеке азамат ретінде өзін-өзі дамытуға, өзінің позициясын іске 

асыруға,  өзі  дұрыс  деп  санайтын  жоспарлар  жасауға,  оны  қорғауға,  болашақ  маман, 

болашақ  отбасы  иесі,  қоғамның  жасаушысы  ретінде  сезіне  білуге  қол  жеткізуіміз 

қажет[2.4-5б.]. 

Қазіргі қоғам құрылымының күрделенуі жас жеткіншектің әлеуметтік рөлін белсенді 

игеруін  қажет  етеді.  Тұлғаның  қалыптасуына  қажетті  отансүйгіштік  пен  азаматтылықты 

дамыту  –  қазіргі  уақытта  басты  назар  аударуды  қажет  етеді.  Сондықтан  білім  беру 

жүйесінде  Қазақстандық  отансүйгіштік  рухты  қалыптастыратын  мақсатты,  жүйелі 

ағартушылық  жұмыстар  қажет.  «Қазақстан  Республикасының  2006-2008  жылдарға 

арналған азматтарды патриоттық тәрбиелеудің Мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның 

рухани  әлеуметін  жоғарылату  қажеттілігі  айтылған[3].  Әлеуметтенудің  негізі  болып 

табылатын  осы  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  өлкетану  және  тәрбие  жұмысын 

жандандыру,  білім  беру  мекемелеріндегі  мұражайларды  дамыту  мақсатында  «Қазақстан 

Республикасының  білім  беру  мекемелерінде  жұмыс  істейтін  мұражайлардың  ережесі», 

«Мектеп  мұражайларының  ережесін»  басшылыққа  ала  отырып,  оқу  орындарындағы 

мұражайларды  білім  берудің  негізгі  бөлігінің  біріне  айналдыру  қажет.  Бұл  бағытта 

мұражайлардың  атқаратын  рөлі  жоғары  деуге  болады.  Оқу  орындарындағы  мұражайлар 

белгілі  тақырыпқа  біріктірілген,  жинақталып  жүйеге  келтірілген,  қазіргі  кездегі  ережеге 

сәйкес  сақтап,  өткен  дәуірдің  мәдени,  тарихи  және  табиғи  ескерткіштерді  жинақтап, 

көпшілік бастама бойынша жұмыс істейді.  

Осындай мұражайлардың негізгі міндеттері: 

  -  тарихты  үйрену  арқылы  Отанға,  туған  өлкеге,  мәдени  және  тарихи 

ескерткіштерге,  мәдениет  пен  табиғатқа  сүйіспеншілікті  тәрбиелеуде  мұражай  заттарын 

жинап, сақтау;  

  -  туған  өлкенің  тарихи,  мәдени  және  табиғи  ескерткіштерін  қорғау  және 

насихаттау; 

  - болашақ маман мен халық арасында мәдени – ағарту жұмыстарын жүргізу. 

1658  жылы  Я.А.Коменский  өзінің  «Orbis  Sensilium  Hictus»  еңбегінде  алғаш  рет 

мұражай  құндылықтарының  көрнекі  құрал  ретіндегі  педагогикалық  аспектілерін  ашып 

көрсетті.  

Мұражайлардың мақсаты төмендегідей болды: 

- өнерді қоғамның барлық жігіне тарату


- көркем білімнің деңгейін көтеру; 

- индустриалдық өнердің сапасын жоғарылату. 

1880 жылдары мұражайларда оқушыларды ғылыми – техникалық және көркемдікке 

оқыту  мен  тәрбиелеу  бойынша  бірлескен  жұмысты  қамтамасыз  ету  үшін  мектеп 

мұғалімдерін  өзара  қатынас  қызметі  құрылды.  Қоғамның  барлық  жігіне  әсер  ететіндей 

деңгейде  мұражай  мен  мектепті  біртұтас  жүйеге  айналдырған  Г.Коль  болды.  Ол 

мұражайдың білім беру жүйесіндегі рөлін айқын түсіне отырып, былай деген: «Мұражай 

мен галереялар алдарына білімдік мақсат қоймайынша, тиімсіз және адам жалықтыратын 

мекеме болып қала береді».  

Г.Кольдің бұл ұстанымы мұражайдың білім беру жүйесіндегі рөлін айқындап берді 

десек болады. 

Бұл  тұрғыда  Англияда  алғашқы  білім  беру  жүйесіндегі  кәсіби  мұражай  болды. 

Англиядағы  мұражайлар  Америка  Құрама  Штаттарында  мұражай  ісінің  қалыптасуына 

үлкен  әсерін  тигізді.  Бұған  бірінен  соң  бірі  Нью-Йорк,  Бостон,  Филадельфия,  Чикагода 

ашылған  мұражайлар  дәлел  бола  алады.  Бұл  мұражайлардың  барлығы  дерлік  білімдік 

мақсатта құрылып, тіпті кейбірлерінде «мұражай мұғалімі» қызметі енгізілді. 1920 жылы 

прагматикалық  идеологияның үстемдік құруымен мұражайлар педагогикалық  мұражайға 

айнала  бастайды.  Мұражай  педагогикасы    ұғымы  ХХ  ғасырдың  басында  Германияда 

ғылыми айналымға енді. 

Біздің  елімізде  мұражай  педагогикасы  1970  жылдардың  басынан  айналымға  енді. 

Қазіргі  уақытта  мұражай  педагогикасымен  айналысу  тек  тарихшы  мұғалімдердің  ғана 

емес, басқа да пән мұғалімдерінің тарапынан қызығушылық тудырып отыр. 

Мұражай  –  тарихи  қалыптасқан  институт.  Ол  үлкен  білімдік  әлеуметке  ие.  Оның 

қызметінің бір бағыты ретіндегі мұражай педагогикасы білім кеңістігіндегі тұлғаға рухани 

–  адамгершілік,  азаматтық-патриоттық,  тарихи-өлкетанулық  тәрбие  беруде  тәжірибеге 

еніп отыр. Мұражай мен мектептің өзара әріптестігіне бағытталған гуманитарлық білімді 

жаңарту – ХХІ ғасырдың басындағы жаңа білім беру парадигмасы болмақ[3,45б.]. 

Мұражай  педагогикасы  дегеніміз  –  тұлғаның  арнайы  ұйымдастырылған  заттық-

кеңістік  ортаға  кірігуінің  туындысы,  яғни  оның  өнер  туындыларының,  табиғи 

ескерткіштердің,  экспонаттар  –  яғни  көркем  орындалған  жануарлар  үлгілерінің, 

өсімдіктер  композицияларының  әлеміне  енуі.  «Енудің»  тиімді  нәтижесі  мұражайға 

келушілердің  мұражай  экспонатын  қабылдау,  оның  ассоциациялық  ойлауының 

ерекшеліктеріне байланысты болады. 

Мұражай педагогикасының негізгі қызметін әр түрлі әдебиеттерден, сонымен қатар 

мұражай  жайындағы  журналдардан  («Мир  музея»,  «Музеиум»)  қарастыра  отырып, 

мұражайдың  педагогикалық  қызметін  келесі  негіздерге  жіктеуге  мүмкіндік  алдық  (1-

кесте)[4,8-10б]. 

«1-кесте». Мұражайдың педагогикалық қызметі 

Мұражайдың педагогикалық қызметі 

Білімділік 

Көру,  есту  арқылы  қабылдау  және  ақпаратты  меңгеру;  оқу 

бағдарламасының  аумағын  кеңейтетін,  экологияға,  зоологиялық 

объектілерге 

қызығушылығын 

арттыратын 

дидактикалық 

материалдарды қолдану; 

Дамытушылық  Ойлауды,  интеллектуалдық  сезімді,  есте  сақтауды,  сенсорлы-

физиологиялық құрылымды, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру

Тәрбиелік 

Мақсатқа бағытталған қызмет өзіндік сапаны, көзқарасты, сенімді 

қалыптастырады, келушіні тәрбиенің қарым-қатынастық жүйесіне 

қосады,  білім  берумен  қатар  қоғамдық  тәжірибенің  әр 

элементтерін,  олардың  интериозациясын-қоғамдық  қызметінің 

элементтерін түсіну арқылы адам психикасының ішкі құрылымын 

өзгертеді  және  экстериозация  –  психиканың  ішкі  құрылымын 

белгілі бір іс-әрекетпен бейнелеуін игертеді; 


Ағартушылық 

Шеберлікке,  әдетке  дағдыландыру,  алынатан  ақпаратты  дәл 

қабылдауды қалыптастыру

Профориентациялық  Болашақ 

мамандықты 

анықтайтын 

триггерлік 

мотивті 


қалыптастыру. 

 

Оқытудағы  қызметінің  мазмұны  мұражайдың  тыңдаушылармен  жұмысын 



ұйымдастыру  түрлерімен  және  білім  беру  жүйесімен  қарым-қатынасынан  көрінеді. 

Мұндай  қарым-қатынастың  мұражай  жинағында  жүзден  аса  түрлері    бар,  оның  ішіндегі 

негізгі  түрлерге  мыналар  жатады:  дәріс,  экскурсия,  дайындық  сабақ,  ғылыми  оқулар, 

үйірмелер,  әдеби  кештер,  киносеанстар,  концерттер,  қызықты  адамдармен  кездесу, 

мерекелер,  тарихи  ойындар,  сайыстар  және  викториналар.  Сонымен  қатар  түрлерге 

мынадай  сипаттама  беруге  болады:  дәстүрлі-жаңа,  динамикалық-статистикалық,  топтық-

жекеше,  белсенді-белсенсіз,  жай-кешенді,  бір  реттік-тоқсандық,  ақылы-ақысыз  және  т.б. 

Мысалы,  жаңа  түрлердің  пайда  болуына  негіз  болған  дәстүрлі  түрлерге  дәрістер, 

экскурсиялар,  конференциялар,  ғылыми  оқулар,  дайындық  сабақтар,  үйірмелер  жатады. 

Мұражай  қызметінде  жаңа  технологиялардың  дамуына  байланысты  мәдениеттің  басқа 

салаларына қатысты кірме түрлер дәстүрлі емес болып қарастырылады[5,340б]. 

Қазіргі  кезде  мұражайдың  оқыту  қызметі  келушінің  шынайы  және  потенциалдық 

тұлғасына  бағдарланған,  осыған  байланысты  оның  келесі  негізгі  бағыттарын  көрсетуге 

болады:  ақпарат  беру,  оқыту,  шығармашылық  бастауды  дамыту,  қатынас,  демалыс. 

Мұндай бөлу шартты, себебі бағыттарға өзгергіштік тән, тұрақсыз, әдетте олар бір бірімен 

тығыз  байланыста  және  бір  аспектілерде  жанасады.  Алайда  мұражайдың  педагогикалық 

қызметінде  әдістемелік  дағдыны  қалыптастыру  үшін  оның  мақсаты  мен  айтылған  әр 

бағыттардың 

міндеттерін 

айқын 


жоспарлап 

алу, 


сонымен 

қатар 


мұражай 

тыңдаушыларымен  жұмыстың  және  педагогикалық  әсер  етудің  ең  қолайлы  түрін  ойлап 

табу қажет.  

Оқыту  қызметінің  кез  келген  түрінің  негізгі  принципі  –  келушілерге  өз 

қызығушылығымен  айналысуға  мүмкіндік  беру  және  өзіндік  қалыптасуға  жағдай  жасау. 

Бұл жерде мұражайға келушілердің типі мен дәрежелерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру 

маңызды  болып  табылады.  Жұмыстың  тиімділігі  мұражайдың  мектеппен  өзара  қарым-

қатынасына, мектеп және мұражай педагогикасы интеграциясына байланысты.  

  Қазіргі  кезде  мұражайдың  оқыту  қызметі  –  мұражай  жұмысында  басты 

бағыттардың  бірі  болып  табылады,  соның  ішінде  әсіресе  мұражай  жұмысы  балалар  мен 

жасөспірімдер 

арасындағы 

тыңдаушыларға 

бағытталған. 

Осыған 

байланысты 



мұражайларда  балаларға  және  үлкен  тыңдаушыларға  негізделген  арнайы  бағдарламалар 

өңделуде  және  жаңа  құрылымды  оқыту  бөлімдері  жасалуда,  сонымен  қатар  балалар 

орталығы, экспозициялар, отбасына арналған көрмелер ұйымдастырылуда. 

Қорыта  келе  айтарымыз,  мектеп  –  тәрбие  орталығы.  Ұрпақ  мәселесі  ол  еліміздің 

болашағының  қамы,  жалпы  ұлттық  мәні  бар  биік  мәселе.  Олай  болса,  бүгінгі  ұлт 

мектептерін  жаңаша  құру  барысында  еліміздің  табиғатын,  экологиялық  ахуалын  көздің 

қарашығындай  сақтап,  оны  гүлдендіруде  бұл  мәселе  бүгінгі  күннің,  өмірдің  маңызды 

талабына  айналуы  тиіс.  Ол  үшін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  Республика  Білім  және  Ғылым  қызметкерлерінің  II  съезінде  сөйлеген 

сөзінде атап өткендей: «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – 

шығамашылық  тұрғыдан  ойлай  білетін  жеке  тұлғаны  мәдениетті,  рухани  биік  деңгейде 

тәрбиелеу болып отырғандығына баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте 

білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, Отанын сүйе білу сияқты асқақ сезімдерге 

тәрбиелеу қажеттігі» өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атаймыз. 

 

Әдебиеттер тізімі: 


1.

 

Ахметжан  Қ.С.  Қоғам  дамуының  жаңа  кезеңіндегі  музейлердің  әлеуметтік-мәдени 



функциялары.  //  Музей  және  қоғам.  Дөңгелек  үстел  отырысына  қатысушылар 

баяндама жинағы. -Астана: 2006. 13-16б.  

2.

 

Дүйсебаева  М.Ж.,  Қайсанова  Г.,  Мектеп  мұражайлары  –  туған  өлке  шежіресінің 



бастауы. // Білімдегі жаңалықтар. 2008. №4,(24). 66-68б 

3.

 



Оспанова Ә. Мектеп және мұражай педагогикасы. // Қазақстан тарихы. 2009. №1. 56 б. 

4.

 



http://www.abcvolga.ru/muz/kb/experts_m 

5.

 



Әбенбаев Ш.С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.- Алматы: «Дарын», 2005. -340 б. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет