Н. Ж. ТҰралина ұлттық поэзия және стиль табиғаты



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі383,78 Kb.
#16559
  1   2   3   4   5


Н.Ж. ТҰРАЛИНА  

 

Н.Ж. ТҰРАЛИНА  

ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ ЖӘНЕ СТИЛЬ ТАБИҒАТЫ  

This article is devoted to the national poetry and style  

Стиль мәселесі әдебиеттану ғылымының маңызды нысандарының бірі.  

Стиль-әдеби  дамудың  деңгейі  мен  бағыт-бағдарын  тануда,  көркем  шығармашылықты  бағалауда 

ерекше орны бар ұғым.  

Стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында қолданылуда танылып, тарихи қалыптасқан тілдік 

тәсілдердің  жүйесі,  қазақтың  жалпы  халықтық  тілінің  стильдерін  ауызекі  сөйлеу  стилі  және 

кітаби-жазу  стилін,  іс-қағаздар  стилі  мен  ресми  стиль,  публицистикалық  стиль,  ғылыми  стиль, 

көркем әдебиет стилі деп бес түрге бөлінеді.  

Демек,  стиль  ең  алдымен  қолданылуда  өзіндік  ерекшеліктері,  айырым  белгілері  бар  тілдік 

элементтер жүйесі немесе әдеби тілдің өзіндік сөздік құрамы бар, грамматикалық тұлғалары бар

 

сараланған бір бөлігі. Стиль әдеби тілдің даму барысында қалыптасады. Ғылым ретінде стильдің 



филологиялық  және  өнертанымдық  ұғымдары  тағы  да  екі  бағыттағы  концепциямен  дамып 

зерттеле бастады. Олар: лингвистика мен әдебиеттану.  

Өмірдің басқа саласында да «стиль» туралы аз айтылмайды. Құжат стилі, ғылыми стиль, жұмыс 

стилі,  газет  стилі,  т.б.  тілде  стиль,  стилистика  әрдайым  сабақтаса  жүреді.  Әдебиетте  прозалық, 

фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтып жатамыз. Стиль әдебиетте негізінде екі түрлі 

мағынада:  кең  және  жай  мағынада  қолданылады.  Кең  мағынасында  –әдебиет  тарихы,  теориясы, 

әдеби  сында  XVIII  ғасырдан  бері  қарай  стиль  –әдебиет  әдісі  ұғымында  пайдаланылып  келеді. 

Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп аталады. 

Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады.  

Стиль жазушының барлық туындыларын түгел қамтиды. Жай қарағанда бір-біріне ұқсамайтын 

секілді  жазушының  әр  өлеңін  тереңірек  зерттесек,  өзара  ұқсастығын  көреміз.  Стиль  ұғымына 

жазушының  тілі,  сөйлем  құрылысы,  мәнері,  шығармаларының  композициясы,  оқиға  дамыту 

әдістері,  тақырып  таңдаулары,  жанрлық  ерекшеліктері,  тағы  да  басқа  компоненттері  кіреді.  Ең 

ортақ  мәселесі  –  идеялық  мазмұны.  Қазақ  жазушыларының  тілі  бейнелі,  құнарлы  екеніне  иек 

артып, қазір біраз әдебиеттанушыларымыз стиль дегеніміз тілдің байлығы деп ұғады. Рас, бұл да-

стиль.  Әдебиеттану  ғылымында  көркем  әдебиеттегі  стильді біртұтас  құбылыс  ретінде қарастыру 

салдарынан,  әдеби  стиль  туралы  таластардың  екіге  бөлінуі  орын  алып  отыр.  Біріншісі  –  стильді 

лингвистикалық  қырынан  ғана  қарастыру.  Екіншілері,  әдеби  стильді  тек  өнертанымдық 

концепциямен  ғана  зерттеуді  жөн  көреді.  Сонымен  бірге  әдебиетті  сөзбен  сурет  салу,  өнер  деп 

қоса түсіндіруді де орын алып келеді. Сондықтан әдеби стильді зерттегенде таразының екі басын 

тең  ұстаған  жөн.  Стиль,  әр  ақынның  шығармашылық  ерекшелігін  танытатын  маңызды  сипат 

болғандықтан,  оны  жан-жақты  және  терең  зерттеу  қажет.  Сонымен  бірге,  стиль  мәселесін  сөз 

еткенде,  шығарманың  мазмұнынан  ажыратып  зерттеу  қисынсыз.  Стиль  ақын  шығармасының  әрі 

идеялық, әрі көркемдік ерекшелігінің бірлігі болуы тиіс.  

Стиль  ақынның  көркемдік  құралдарын  өзінше  жетілдіру  шеберлігімен  тікелей  байланыста 

болады.  Стиль  жөніндегі  пайымдаулардың,  айтыс-тартыстардың  бәрін  жинақтайтын  болсақ,  оны 

кең  мағынада,  түрлі  арнада  түсіндіруге  болады.  Стильдің  әдіс  немесе  ағымдық  алмастыру 

болғанына көңіл бөлсек зерттеуші Қ.Жұмалиев нағыз стильді тек талантты жазушыдан ғана табуға 

болатынын  атап  көрсеткен.  «Стиль  -  шын  талант,  ұлы  ақын  жазушылардың  қаламдарына  ған 

сипат-дейді  ол.  Кез  келген  ақын  жазушыдан  стиль  іздеу  бекершілік.  Өйткені  барлық  өлең 

қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек қателескен болар едік. Дарын жоқта 

– стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас.Әдістен тыс стиль жоқ.Стиль әдістің құрамымен ғана танылады» 

[1,23-24-б.].  

Ақынның тіл шеберлігіне, сөз саптауына ырғақ, ұйқас, өз ерекшелігіне байланысты өзгешелігі 

стильдің құрамында ғана танылады.  

Стильдің  барынша  қалыптасып,  жетілуі  даралыққа  әкеледі.  Дегенмен  даралық  стильдік 

заңдылықтан ғана тұрмайды. Суреткер жалаң мәнерге бой ұрмағанда ғана өзі үшін аса маңызды 

материалды  туындатады.  Өзінің  ішкі  сезімін  басқара  отырып,  жалпы  идеал  ұғымымен  сәйкес 

өзіндік  түйсік  пен  өнер  заңдылығын  үйлестіре  отырып,  тың  болмыс  қалыптастырады.  Стильді 

әдебиеттану ғылымы тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны шығарманың 

тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру бірден-бір дұрыс жол. Стиль суреткер  

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет