Национальной академии наук республики казахстан


А. А. Генбач, К. С. Олжабаева



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата01.02.2017
өлшемі14,97 Mb.
#3200
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

А. А. Генбач, К. С. Олжабаева  
 
Алматы энергетика жəне байланыс университеті, Алматы, Қазақстан  
 
ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ КИНОСЪЕМКА ЖƏНЕ ГОЛОГРАФИЯ ƏДІСІ АРҚЫЛЫ  
ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ КАПИЛЛЯРЛЫҚ-КЕУЕКТІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ  
ІШКІ ҚАЙНАУ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Аннотация.  Cұйықтықтың  капиллярлы-кеуекті  құрылымда  қайнауының  ішкі  сипаттамасын  зерттеу 
үшін стендтер жүргізіледі. Оптикалық əдіс ретінде СКС-1М камерамен жылдам кино түсірілім жəне гологра-
фиялық интерферометр пайдаланылды. Жылу беру коэффициентінің бағасы мен капиллярлы-кеуекті жабын-
дары  бар  жылуалмастырғыштардың  тізімі  берілген.  Кеуекті  жүйенің  жұмыстық  жəне  шекті  сипаттамала-
рының инженерлік есебі сипатталған. Əртүрлі білтелер, меншікті жылу ағындары жəне салқындату шығын-
дары үшін жылу- жəне масса тасымалдау құбылысының кинограммасы орындалады. Кинограмманың үзін-
дісі  фитильден  шыққан  тамшы  қалдығын,  артық  тамшы,  құрылым  ұяшығындағы  бу  көпіршіктерін  бейне-
лейді.  
Түйін сөздер: жылуағын; жылуберу; кеуектік құрылым; жылу электр станция. 
 
 
Сведения об авторах: 
Alexander Genbach – Professor Dr. Sc., Almaty University of Power Engineering & Telecommunications
Kazakhstan. E-mail: katerina-1@rambler.ru;  
Olzhabayeva Karlygash – Ph.D. Student, Almaty University of Power Engineering & Telecommunications, 
Kazakhstan. E-mail: karla210784@mail.ru  
 
 
 
 
 

ISSN 2224-5278                                                                                 Серия геологии  и технических наук. № 6. 2016 
 
 
109 
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF GEOLOGY AND TECHNICAL SCIENCES 
ISSN 2224-5278 
Volume 6, Number 420 (2016), 109 – 115
 
 
 
M. B. Nurpeisova, O. S. Kurmanbaev  
 
Kazakh National Technical University after K. I. Satpaev, Almaty, Kazakhstan. 
E-mail: marzhan-nurpeisova@rambler.ru, olzhas_ak@list.ru 
 
LAWS OF DEVOLOPMENT OF GEOMECHANICAL PROCESSES  
IN THE ROCK MASS MAYKAIN MINE
 
 
Annotation. The paper deals with the study and establishment of the laws of development of geomechanical 
processes at the combined way of development of mineral deposits.In domestic and foreign practice, development of 
mineral deposits increasing use is combined (open-underground) development technology. One of these deposits in 
Kazakhstan is a gold mine Maykain, which requires individual technical solutions and reliable completion of geome-
chanical studies podkarernyh stocks taking into account protection of mineral resources, the environment and 
industrial safety.The results of research obtained by the authors in the implementation of scientific research in accor-
dance with the complex target program "Geomehanicheksoe study parameters podkarernyh mining reserves of the 
mine" Maykain "with today's surveyor-geodetic instruments that provide high accuracy and performance of sur-
veying. 
Keywords: geomechanical processes, rocks, monitoring, techniques, patterns; modern appliances. 
 
 
ƏОЖ 552.1(574) 
 
М. Б. Нұрпейісова, О. С. Курманбаев 
 
Қ. И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы, Қазақстан 
 
МАЙҚАЙЫҢ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ГЕОМЕХАНИКАЛЫҚ 
ҮРДІСТЕРДІҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
 
Аннотация. Мақалада пайдалы қазындыларды құрама тəсілмен игерудегі геомеханикалық процестерді 
зерделеу  жəне  олардың  даму  заңдылықтарын  анықтау  қарастырылған.  Отандық  жəне  шетелдердегі  тəжі-
рибеде құрама тəсілмен кен игеру технологиясы кеңінен таралған. Қазақстандағы осындай кен орындарының 
бірі – арнайы техникалық шешімдер мен карьер астындағы кен қорын қазып алуда жер қойнауын қорғауды, 
қоршаған орта мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескеретін сенімді геомеханикалық негіздеме жа-
сап, жүзеге асыруды қажет ететін «Майқайын» алтын кенорны. Кешенді мақсаттағы «Майқайын кенішіндегі 
карьерасты алтын қорын қазып алу параметрлерін геомеханикалық негіздеу» бағдарламасына сəйкес, зама-
науи маркшейдерлік-геодезиялық аспаптарды қолдана отыра жүргізген жəне түсіріс жұмыстарынының дəл-
дігі мен еңбек өнімділігін жоғарылатқан, авторлардың ғылыми-зерттеулерінің нəтижелері келтірілген. 
Түйінді  сөздер:  геомеханикалық  процестер, тау  жыныстары,  мониторинг,  əдістер,  заңдылықтар,  зама-
науи аспаптар. 
 
Кіріспе.  Қазіргікезде  Қазақстанның  алтын  өндіру  саласы,  жер  қойнауындағы  геологиялық-
экономикалық жағынан қолайлы жағдайдағы қордың үлкен бөлігі игеріліп, қалған 45%-дайы терең 
қабаттарда  орнасқандықтан,  бірқатар  қиыншылықтарды  бастан  кешіруде.  Ондай  кенорындарына 
Майқайың, Ақбақай, Васильков жəне т.б. жатады.  
Игерілуге жаңадан кірісіп жатқан кен орындары алтын өндірудің төмендеп бара жатқан дең-
гейінің  орнын  толтыра  алмайды,  өйткені  олардағы  қор  нашар  сапалық  көрсеткіштерімен  сипат-
талады. Осыған байланысты алтынөндіру өндірісін тұрақты жəне тиімділігі жоғары жұмыстармен 
қамтамасыз ету үшін кен игерудің ашық əдісінен жерасты əдісіне көшу қажеттілгі туындайды. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
110  
Осы  күнгі  тау-кен  өндірісінің  өнеркəсіптік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  талаптарын 
қанағаттандырудағы, маңызды мəселе – сейсмикалық қауіпті аймақтарда тау жыныстары массиві-
нің жай-кұйі туралы сенімді мəліметтер алу. Күрделі геомеханикалық мəселелер саласындағы зерт-
теулерге  жасалған  талдау,  техногендік  апаттардың  тəуекелін  төмендетуге,  жалпы  кен  орындарын 
игерудің  экономикалық  тиімділігін  жоғарылатуға  бағытталған,  геомеханикалық  мониторинг 
жүргізудің, тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін(КДК) модельдеудің, тау-
кен-металлургия  кешендерінің  (ТМК)  қалдықтарын  іске  асырудың  жаңа  əдістемесін  даярлауға 
негіз болды. 
Геомеханикалық процестерді алдын-ала болжау тау-кен өндіру өндіріс дамыған барлық елдер 
үшін маңызды мəселе екендігіне, 2005 жылы Австралияда өткен тау-кен соққылары мен шахталық 
сеймика  жайындағы 6-Халықаралық  симпозиумның  материалдары  дəлел [1]. Геомеханикалық 
процестерді  басқаруға  барлық  жерде  көп  көңіл  аударылуда,  оның  дəлелі  бұл  тақрыпқа  арналған 
жариялымдардың күннен-күнге өсуі [2].  
Сонымен қатар, маркшейдерлік-геодезиялық тəжрибеде тау жыныстары массивінің жай-күйін, 
заманауи  аспаптарды  қалдану  арқылы,  геомониторингтеудің  біріңғай  əдістемесінің  жоқтығы. 
Сондқтан  да,  массивтің  жай-күйін  бағалау  жəне  болжауда  геомониторинг  жүргіудің  заманауи 
геодезиялық  əдістерін  енгізу – тау-кен  жұмыстарының  қауіпсіздігі  мен  кен  орындарын  игерудің 
экономикалық тиімділігін жоғарылатудың негізі болмақ. 
Тау  жыныстарының  жылжуы  мен  кен  қысымы  жəне  карьер  беткейлерінің  орнықтылығы 
сияқты мəселелерді шешу – массивтің жай-күйін заманауи геодезиялық əдістер негізінде жүргізі-
летін  геомеханикалық  мониторингсіз  шешуге  болматындығын,  тау-кен  өндірісінің  мамандары 
жақы біледі.  
Осы  айтылғандардың  барлығының  Майқайын  кенішінде  тəн  сипаттары  бар.  Майқайын  кен-
орнында  карьер  астын  кеулеп  қазудың  əсерінен  тау  жынстары  массиві  мен  жербетінің  жылжуын 
(терең  орлар)  ҚазҰЗТУ-дың  «Маркшейдерлік  іс  жəне  геодезия»  кафедрасының  ғылыми-қызмет-
керлері заманауи аспаптардың көмегімен зерттеді.  
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, Майқайын алтын кен орнын құрама тəсілмен игерудегі гео-
механикалық  процестердің  даму  заңдылықтарын  анықтау  үшін,  таужыныстары  массивінің  жай-
күйін  қадағалауда  жоғары  дəлдікті  жəне  түсіріс  жұмыстарының  өнімділігін  қамтамасыз  ететін, 
заманауи геодезиялық əдістерді өндіріске енгізу.  
Зерттеулерге  зертханалық  жəне  шахталық  жағдайдағы  зерттеу,  аналитикалық  есептеулер, 
бақылау нəтижелерін математикалық статистика жəне компьютерлік модельдеу əдістері кірді. 
Кендерді  құрама  тəсілмен  игеруде  тау  жыныстары  массивінің  тек  бір  ғана  учаскесіне  ашық 
жəне жерасты тау-кен жұмыстарының əсерінен бір мезілде немесе бірінен кейін бірі, бірнеше есе 
жүктеме  түсуіне  байланысты,  күрделі  геомеханикалық  процестер  туындайды.  Мұндай  жағдайда, 
яғни массивке əсер ететін факторлардың көптігінен жəне олардың кеңістік пен уақыт аралығында 
өзгерісе ұшырап отыратындықтан, геомеханикалық жай-күйді бағалау өте қиын. 
Сонымен  қатар,  құрама  тəсілмен  кен  игеру  кезіндегі  геомеханикалық  жағдайдың  күрделілі-
гінен  жерасты қазбаларын су басып кету қаупы жəне оның салдарынан, кəсіпорны өте қиын  кері 
жағдайларға  ұшырайды. 2009 жылы  «Майқайын»  кенішінің 3-қабаттағы  жерасты  қазбаларын  су 
басып кетуі оған дəлел. Бұл тек Қазақстан үшін ғана маңызды мəселе емес. Мəселен, 2006 жылы 
Қытайдың Хунбэй провинциясындағы шахтаның забойын, 2010 ж. «Северокузбауголь» АҚ қарас-
ты «Северная» шахтасында, 2013 жылдың наурыз айында Украинадағы «Крепенская» шахтасын су 
басып кетіп, қаншама адам қаза тапқан. 
Осының  барлығы  күрделімасштабты  тау-кен  жұмсытарын  жүргізудің  əсерінен,  геологиялық 
ортаның геодинамикалық жəне гидрогеологиялық тəртібінің бұзылуына əкеліп соғуы «Майқайың» 
кенішінде жүргізілген ғылыми жұмыстардың нəтижелері айқын дəлел [4].  
Зерттеу  жұмсытары  жүргізілген  «Майқайың»  табтиғи-техникалық  жүйесі: 1 жерасты  кеніші-
нен  жəне  карьерлерден,  қалдықтар  сақтағыштары  бар  байыту  фабрикасы  жəне  осыларға  лайық-
талған инфрақрылымнан тұратын геологиялық орта болып есептеледі.  
Майқайың кенорнын игерудің бір ерекшелігі жоғарыда қарастырылғандай, яғни кен жер беті-
не шығып жатқандықтан, оны 60–80 м тереңдікке дейін ашық əдіспен, ал қазір жерасты кенішімен, 
яғни құрама əдіспен игерілуде. Кенді құрама тəcілмен тигеру жағдайында, əсіресе кенді жекелеген 

ISSN 2224-5278                                                                                 Серия геологии  и технических наук. № 6. 2016 
 
 
111 
блоктарға бөліп, қоймалау жүйесімен игеріп, соным ен қатар блокаралық жəне төбелік кентіртек-
терді де қазып алған кезде, тау-кен жұмыстары тереңдеген сайын, таужыныстары бүкіл созылымы 
жəне тереңдігі бойынша тірегін жоғалтып, беріктігі бұзылады да, опырылып бос қуыстарға қарай 
құлай бастауы тікелей əсер етеді.  
Мұндай  жағдайда  жерасты  тау-кен  жұмыстарының  əсер  ету  шекарасын  анықтау – терең 
карьер беткейінің сырғу бетін айқындаумен шектеледі. 
Сондықтан  да,  бірқатар  тау-кен  мəселелерін  шешудегі  есептеу  əдістерін,  табиғи  жəне  кен-тех-
никалық факторларды, сонымен қатар олардың тапу жыныстары беріктік қасиеттерінің кеңістікте жə-
не уақыт аралығында өзгеріп отыратындығын ескере отыра нақтылы жағдайға сəйкес жетілдіру қажет. 
Осы саладағы көптеген зерттеу жұмыстарынақарамастан, кен орындарының кен-геологиялық 
жағдайларының  күрделілігі  мен  əрқилылығынан,  техногендік  апаттардың  тəуекелін  болжау  жəне 
басқару мəселесі əлі күнге дейін өз шешімін толық тапқан жоқ.  
Табиғи-техникалық жүйе аймағында геодезиялық бақылаулар жүргізу əдістемесіне жəне оның 
нəтижелерін  геомеханикалық  жəне  гидрогеологиялық  факторлармен  байланыстырып  марк-
шейдерлік талдау жасау, жер бетінің шөгуін (ЖБШ) анықтаудың тиімді тəсілдерінің жоқтығынан 
туындаған. Бұл өз кезегінде, тау жыныстарының деформация-лануын зерделеуде ЖБШ параметр-
лерін  анықтаудың  сенімділігін,  жылдамдығын  жоғарылататын  заманауи  электрондық  аспаптарды 
қолдану  арқылы  бақылауды  жəне  де  бақылаудың  маркшейдерлік-геодезиялық  əдістерін  жетіл-
діруді талап етеді. 
Деформациялану  үдерісінің  уақыт  аралығындағы  толық  сипатын,  геодинамикалық  монито-
рингке негізделген, табиғи-техникалық жүйені (ТТЖ) зерттеудің кешенді əдістемесімен ғана қол-
данып жүзеге асыруға болады. Ұсынылып отырған кешенді əдістеме (1-сурет) де ТТЖ-ні зерттеу-
дің жəне ондағы қауіпті жағдайды болжаудың геофизикалық, геордезиялық жəне т.б. өлшеулерден 
жəне де олардың нəтижелерін өңдеуден тұрады [3]. 
Кен  ауданының  геологиясы  мен  тектоникасын  зерделеу,  кернеулі  күйін  эксперименттік  ба-
ғалау арқылы жəне модельдеу егізінде массивтегі «энергияғақаныққан» зоналар іріктеледі, олар өз 
кезегінде геомеханикалық мониторингтің шекарасын анықтайды. Содан кейін, деформациялар мен 
геофизикалық  өрістердің  параметрлерін  анықтаудан  тұратын,  қауіпті  зонаны  мониторингтеу 
басталады.  
Əрі  қарай  жылжу  процесінің  заңдылықтары  мəлімет  жəне  оның  аумалы  жағдайының  пара-
метрлері экперттік жүйеге түседі, жəне де ол жердегі деректер қорын ғылыми түрде талдау негізде 
ТТЖ-ге баға беріледі,ТТЖ-нің жай-күйіне баға беріледі дн жер қойнауы мен жер бетін қорғаудың 
қажетті шешімдері негізделеді. 
Əрі  қарай,  табиғи-техникалық  жүйедегі  жылжу  үдерісі  заңдылықтары  мен  аумалы  жағдайы 
жайлы барлық мəлімет эксперттік бөлімге түседі. Ол жердегі мəліметтер қоры мен ғылыми түрде тал-
дау негізде ТТЖ-ге баға беріледі жəне де қажетті шешімдер қабылданады. Мұндай шешімдердің мақ-
саты – ТТЖ-нің əрі қарай жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету немесе оны аумалы жағдайдан шығару. 
Майқайың кен орнын игерудің қоршаған ортаға, бірінші кезеңде тау жыныстарының кернеулі-
деформацияланған  күйіне  тигізетін  кері  əсерінің  көлемі,  карьерлерде  ірі  жылжымалар,  опыры-
лулар,  ал  кеніштердің  төменгі  қабаттарында  кысым  мен  кен  соққылары  сияқты  күшті  апаттарды 
туындататын, жер қойнауындағы техногендік бұзылыстар қатарына жатады. 
Рудалық  алаңының  геологиялық  құрылымына  төменгікембрий  жасындағы  вулканданған-
шөгінді  тау  жыныстары  кіреді (2-сурет).  Майқайың  кенорны  күрт  құлама  алтынды  желілерден 
тұрады,  ол  желілердің  қалыңдығы 0,2–4,0 м.  Рудалық  денелердің  бойлық  ұзындықтары  100–                      
680  метрлік  аралықта.  Алтын  желілерін  қоршаған  тау  жыныстарына  беріктік  коэффициенті                       
f = 14-16 тең гранодиориттер, березиттер (f = 11-14), кварциттер (f = 16-18) жатады.  
Рудалық  алаңның  құрылымында  ажырау  бұзылыстары  үлкен  роль  атқарады,  олар  орталық 
синклиналь маңында кеңінен таралған. 
Əрі  қарай,  табиғи-техникалық  жүйедегі  жылжу  үдерісі  заңдылықтары  мен  аумалы  жағдайы 
жайлы барлық мəлімет эксперттік бөлімге түседі. Ол жердегі мəліметтер қоры мен ғылыми түрде 
талдау негізде ТТЖ-ге баға беріледі жəне де қажетті шешімдер қабылданады. Мұндай шешімдер-
дің мақсаты – ТТЖ-нің əрі қарай жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету немесе оны аумалы жағдайдан 
шығару. 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
112  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет – ТТЖ-дегі қауіпті жағдайларды зерделеу əдістемесінің сұлбасы 
 
Карьерлер мен олардың үйінділерінің, қалдықтарсақтағыш, жерасты кен өндірудің бір-бірімен 
қабаттасқан  əсер-ықпалдарының  көлемі  екінші  қатардағы  кернеулер  алаңының  күрделі  заңды-
лықтарын туындатады. Бұл құбылыстың бір түрі – вертикаль ығысулар. Сондықтан, мұндай аудан-
дардағы  өндірістің  əсер  етудінің  көлемі,  геомеханикалық  процестердің  шектен  шығып  кететін 
апаттарынан сақтану үшін жан-жақты зерттеулер жүргізіліп қадағалап отырады. 
Мұндай  жағдайда  тау  жыныстары  массивінде  тундайтын  геомеханикалық  процестердің  ке-
ңістік-уақыттық  өзгерістерін  тек  жүйелі  бақылаулардан;  олардың  нəтижелерін  математикалық 
өңдеулерден;  массивтің  жағдайына  талдау  жасаудан  жəне  болжаудан,  кері  əсерлерді  басқарудың 
шешімдерін жасаудан тұратын геомеханикалық мониторинг ұйымдастыру қажет. 
2013 жылы кен орнының кен-геологиялық жағдайын зерделеудің нəтижелері негізінде жербеті 
жəне  жерасты  бақылау  станцияларының  жобасы  жасалынды.  Жобада  электронды  тахеометрлер 
мен жерсеріктік позициялау жүйесінің GPS қабылдағыштарын пайдалану арқылы аспаптық марк-
шейдерлік-геодезиялық  бақылауларға  негізделген  геомеханикалық  мониторинг  жүйесін  құру 
қарастылды. 
Маркшейдерлік-геордезиялық  жұмыстарда  электронды  тахеометрлер  мен GPS аспаптарын 
кеңінен қолдану таужыныстары массивінің жылжу параметрлерін уақыт аралығында дəл жəне тез 
анықтауға мүмкіндік туғызады. 
Табиғи-техникалық жүйені (ТТЖ) зерделеу 
Кенорнының 
геологиясы мен 
тектоникасын  
талдау 
Таужыныстары
массивінің кернеулі-
деформациялық  
кұйін талдау
Массивтің дефор-
формацияланған 
күйін аспаптық 
бақылау 
Геомеханикалық мониторингтеудің қауіпті шекарасын анықтау 
Қауіпті зонаны геомеханикалық мониторингтеу 
GPS - 
стати
ка
  
ОКҚ
: m
x,
y
= 0,010; 
m
z
= 0,010 
Тахеометри
ялықОК
Қ
: m
x,
y
= 0,250; 
m
z
= 0
,020 
Фототеодолиттік
 
ОКҚ
: m
x,
y
= 0,030; 
m
z
= 0,010 
Аэрофотогеодезия
-
лықОКҚ
: m
x,
y

0,007; m
z
= 0,011
 
Лазерлік
 сканерлеу

ОКҚ
: m
x,
y
= 0,050;  
m
z
= 0,050 
Табиғи-техникалық жүйенің қиын жай-күйін бағалау 
 жəне басқару шешімдерін қабылдау 
Мониторингтeудің геодезиялық əдістері 

ISSN 2224-5278                                                                                 Серия геологии  и технических наук. № 6. 2016 
 
 
113 
 
2-сурет – Кен орнының құрылымдық-геологиялық картасы: 
1 – iрi кесекті орташа құрамды туфтар; 2 – орта кесекті орташа құрамды туфтар, лавобрекчиялар;  
3 – майда кесекті орташа құрамды туфтар, андезит порфириттерi; 4 – негізгі құрамды туфтар; 5 – андезитті-базальттық 
порфириттер; 6 – шөгінді жыныстардың қабаттары; 7 – базальттық порфириттер, бадамтастық афир лавалары;  
8 – габбро-диабаздар; 9 – гидротемальды-метасоматиялық кварциттер; 10 – кварц-серицит-хлоритты тақтатастар;  
11, 12 – кен сiлемдерi: 11 – алтын-барит-полиметаллды, 12 – күкіртті-колчеданды; 13 – айырылымды бұзылыстар 
 
2014 жылы барлық рудалық желілерді қамтитын, бес профильдік сызықтардын тұратын бақы-
лау станциясы салынды. 2014–2016 жж. аралығында карьер беткейлері мен жерасты қазбаларының 
орнықтылығын  қадағалау  үшін  Швейцарияның Leica Geosistems фирмасының  роботталған  элек-
трондық  ТС1201  тахеометрін  қолданып 16 сериялы  бақылаулар  жүргізілді.  Электронды  тахео-
метрді  қолдану  өлшеу  процесін  автоматтандырады  жəне  аспаптың  шағылдырғыш  призмаларына 
көздеудегі  қателікті  жояды,  жəне  далалық  жұмыстарға  жұмсалатын  уақытты,  сонымен  қатар, 
өлшеу  деректерінің  электронды  түрде  қалыптасуынан,  өлшеу  нəтижелерін  камералдық  өңдеу 
əжептəуір жеңілдейді. 
Кеніштерді  таужыныстары  массивінің  деформациялануын  көпжылдық  маркшейдерлік  аспап-
тық  бақылаулар  тəжрибесі  мониторинг  жүргізуде GPS құрылғыларын  қолданудың  əдістемесін 
енгізуге мүмкіндік туғызды. 
Электронды тахеометрмен биіктік белгісін берудің дəлдігі тригонометрниялық нивчелирлеуде 
биікайырымды есептеудің қателігімен анықталады 
2
2
2
2
2
2
2
2
2
sin
cos
v
L
h
m
m
m
L
m







, мм, 
мұнда m
δ,
 m
L,
 m

– вертикаль бұрыштың, арақашықтық жəне аспап пен шағылдырғыш биіктіктерінің 
орташа квадраттық қателіктері. 
Leica  ТC1201  электронды  тахеометрі  бойынша  осы  шамалардың  орташа  квадраттық 
қателіктері m
δ
= 1″; m
 L 
= 2 мм±0,5L мм/км; m
 V 
= m
 i 
= 1мм тең. 
Сөйтіп,  Майқайын  кен  оьрнында  көпжылдық  кешенді  геомеханикалық  мониторинг  жүргізу 
(2014-2016 жж) негізінде тау жынстарының жылжу сұлбасы алынды (3-сурет). Мұнда кен қысымы: 
жеңілденген  жəне  жоғарылаған  екі  аймақтан,  жəне  де  бір-бірінен  айырмашылығы  бар  қасиет-
терімен ерекшелінгетін 5 зоналар бар. 
Жеңілденген  аймақ,  массивтің  əртүрлі  дəрежедегі  бұзылыстарымен  сипатталатын  опырылу, 
жарып  өтетін  жəне  жергілікті  жарықшақтар  сияқты  зоналарға  бөлінеді.  Зоналардың  сипаттамасы 
мен сандық параметрлері кен игеру кезіндегі тау жыныстарының геомеханикалық жəне гидрогео-
логиялық жай-күйін бағалауда пайдаланылады. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
114  
 
 
3-сурет – Құрама тəсілмен кен игерудегі тау жыныстары жылжуының сұлбасы. 
Зоналар: 1 – опырылу; 2 – жай иілу; 3 – шекті кернеулі күй (карьер түбі қабатындағы созылу жəне сығылулар);  
4 – сырғу призмасы; 5 – карьер жағдауы массиві; 4 жəне 5 – зоналарды бөліп тұратын А-Б – сызығы(сырғу бет) 
 
Кен орнының табиғи гидрогеологиялық жүйенің түбегейлі өзгеруі су нысандарының опырылу 
зоналарына түсіп қалған немесе бірнеше жарып өтетін жарықшақтары, немесе техногендік жарық-
шақтары бар иілу зоналарына кезіп қалған жағдайда болуы мүмкін [5]. 
Сонымен  қатар,  карьер  түбінің (1-қабаттың  төбелік  кентірегінің)  жəне  этажаралық  кентірек-
тердің салмақ түсетін қабілетін зерттеуге баса көңіл аударылды.  
Майқайың  кен  орнын  игерудің  жай-күйіне  талдау  жасау  екі  ұстанымда  жасалынды.  Бірінші-
ден, массивтегі судан қорғайтын қабатта (СҚҚ), кеніштің бос қустардына (кен қазбаларына) су өтіп 
кететін каналдар болу мүмкіншілігі бар, қауыпты вертикаль жарықшақтардың дамуын бағалау.  
Екіншіден,  тау-кен  жұмыстарының  əсерінен  қабаттың  жоғарғы  жағында  əлсіз  зоналардың 
пайда болу жағдайы қарастырылды, себебі ол зоналар жер бетіндегі нысандар мен инженерлік им-
мараттарға шын мəнінде қауіп төндіруі ықтимал. 
Сөйтіп, тау жыныстары массивінің жай-күйін кешенді бағалаудың, кен орнының, оның ішінде 
кеулеп қазылатын қабаттың геологиялық қүрылымы ескерілетін жəне тау-кен жұмыстарын геоме-
ханикалық қамтамасыз етудің сапасын жоғарылататын əдістемесі (1-сурет) жасалынды.  
Өз  кезегінде,  геомеханикалық  болжаудың  нəтижелері  техногендік  бұзылыстар  шоғырланған 
зоналарды  айқындап  жəне  бөле  зерттеу  үшін  геофизикалық  жəне  геодезиялық-маркшейдерлік 
бақылаулар жүргізілетін ең қауіпті учаскелерді айқындауда үлкен роль атқарады. 
Жүргізілген  зерттеулерден  алынған  іс-тəжрибелік  жəне  теориялық  нəтижелердің  өндірске 
енгізілуі  тек  құрылыстарды  қорғап  қана  қойған  жоқ,  сондай-ақ  сақтандыру  кентіректеріндегі 
қалтырылған пайдалы қорды толық игеруге мүмкіндік туғызды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет