Напишите здесь подпись к фотографии



Pdf көрінісі
Дата24.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#75874


Жеке тұлға
Айтмухамбет Ақжан
Асқарова Аяулым
Байсақ Малика
Болатқызы Аяжан ШТҚ-212


Тұлға — жеке адамның мақсатының
орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі
жөніндегі ойын, еркін іске асыруға
дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз -
адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы.
Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда
ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені
істерде алдымен еркін ақыл-парасат
таразысына салып, оны іске асыру жөн бе,
басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға
қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен
санаға бағынышты.


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән
мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы
ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай
талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта
жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің,
көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген
құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды
құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы
құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер -
сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы
мүмкін.


Адам өмірде өзі жіберген
қателіктерден де, басқалардың
қателіктерінен де сабақ алады. Оны
қайталамауға тырысады. Мұны
педагогикада адамның өзін-өзі
тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың
өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны
өзінің жақсы қасиетіне айналдыру
өмір заңы.


Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де,
өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде
өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер,
мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне
ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам
өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның
еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір
тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып,
содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін
байытады.


Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім
шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы
арқылы жүріп отырады. 
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы
философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық
ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті
мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген
философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық,
ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа
П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика"
(М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім
берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның
құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы,
практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық
еңбектері жарық көрді.


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет