«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет58/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146
Пайдананылған әдебиеттер. 
1 Э.И.Адашкявичене. Баскетбол для дошкольников: Ӛзінін тәжірибесінен.  - 
М.: Просвещение
2. Баскетбол: Жоғары оқу орындарына арналған оқу қҧралы / 
3. Баскетбол: Дене тәрбиесі институтына арналған / Ю.И.Львов., 
4. Би Клер жене Нортон Кен. Упражнение в баскетбол. 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 
Ұ. Бейсенбай 
Ғылыми жетекшісі – М. Қасымханов 
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
Ғылымның  қай  саласы  болмасын  ӛз  тарихын  терең  зерттеп 
алмайынша  алға  баспайды.  Демек,  «зерттеуді  ӛз  тарихынан  бастау  – 
ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен 
мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму 
тарихына да қатынасы болса керек.  
 
Халықтың  ҧлттық    хәне  спорттық  ойындарының  да  ӛзіндік  тарихи 
даму  жолдары,  қалыптасу  кезеңдері,  тәрбиелік  маңызы  халықтың  саяси 
әлеуметтік-экономикалық  дамуына  негіз  болды.  Қазіргі  кемеліне  келген 
тарихи  ғылымдардың  дәлелдеуі  бойынша,  кҥні  бҥгінгі  бізге  жеткен  ҧлт 
ойындарының  қалыптасу  кезеңі  сонау  адамзат  баласының  жаратылған 
кҥнінен,  демек,  Қазақстан  жерінде  қалыптасқан  алғашқы  қауымдық 
қҧрылыстан  басталады.  Сонан  бері  біздерге  жетіп,  ойналып  жҥрген  ҧлт 
ойындарының ішіндегі әртҥрлі  қҧмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, 
қарагие,  тағы  басқалары  шамамен  алғанда  5000  жылдар  бҧрын 
ойналғандығы  жайында  ағылшын  ғалымы  Э.  Маккей  «  ...бҧл  ойындардың 
барлығы  дерлік  Азия  елдерінде  тайпалық  одақтардың  арасында  тарағанға 
ҧқсайды»  -  дейді.  Сондай-ақ  мҧндай  пікірлерді  Венецияның  саяхатшысы 
Марко  Поло  да  қостайды.  Ол  ӛзінің  Жетісу  бойында  болған  сапарында 
кӛрген  «Қызбӛрі»  ойыны  да  Қазақстан  территориясындағы  тайпалардың 
пайда  болған  кезінен,  яғни  таптық  қатынаспен  бірге  туғандығы  жайлы 
ескертеді». 
       Қазіргі  Қазақстан  жерін  мекендеген  ең  алғашқы  рулардың  әдет-
ғҧрыптарының  негізінде  дамыған  алуан  тҥрде  ойналатын  қазақтың  ҧлттық 
ойындары,  кӛшпелі  халықтың  дала  табиғатына  сай  дами  берді.  Әр  трлі 
ӛнердің  белгілі  бір  ортада  жҥйеленіп,  «театры  жоқ  елдің  театр  орнына 
кӛретін сауығы-еңбек мерекелері мен қыз ҧзату, бала сҥндеттеу мен ӛлгенге 
ас  беру  сияқты  ойын-тойларының  ӛзекті  драмалық  элементіне  жататын 
арқауы ән мен кҥй, халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша, нртеден 


154 
 
бергі ҧзақ сонар кӛшті» соңында мал бағып келген қазақ халқының да әдеті 
мен ӛзіндік жорамалы блды. Әр алуан дәуірмен, әр қилы кезеңдерді басынан 
ӛткізсе  де,  қазақ  халқы  ӛздерінің  кӛшпелі  тҧрмысында  қалыптасқан 
әдеттерін  рухани  азық  ете  білді.  Халақ  ӛмірдің  қандай  қиыншылығына  да, 
қуанышына  да  тӛзе  отырып,  осы  әдет-ғҧрыптарды,  толғау  жырлар  мен 
әндерді,  сарынды  кҥйлерді  кӛңіл  ашар  қуанышы,  қайғы-шерін  тарқатар 
алданышы,  ауыр  кҥндерде  ой  тербететін  жҧбанышы  етіп  отырған. 
Сондықтан  да  қазақтың  ойын-сауықтарының,  әдет-ғҧрыптарының  тҥпкі 
негізі  мал  ӛсіру  мен  экономикалық  қарым-  қатынастың  дамуымен 
байланысты. 
       Халық  ауыз  әдебиетінің  қағидасына  сҥйенетін  болсақ,  онда  қазақ 
балаларының  жас  ерекшеліктеріне  қарай:  «бір  жасқа  дейін  нәресте,  бір 
жастан  жетіге  дейін  сәби,  сегізден  он  тӛртке  дейін  жасӛспірім,  он  бестен 
жиырма беске дейін жігіт»- деп тӛрт топқа бӛледі. Осы дәстҥрлі қағиданың 
негізіне сҥйене отырып, біздер де ҧлт ойындарын бірнеше топқа бӛлдік. 
        Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі «Бесік жырын», 
«Саусақ  санау»,  және  «Тҧсау  кесу»  жырлары  жатады.  «Баланы  жастан» 
дегендей,  нәресте  дҥниеге  келгеннен  бастап  тәрбиеге  алынады,  «Бесік 
жырында»  ата-ананың  баласына  деген  ізгі  тілегін,  жақсы  ниетін,  еңбек 
сҥйгіш  те  ӛнерлі  болып,  жеке  бастың  пайдасы  немесе  даңқ  ҥшін  емес, 
халқына еңбек етуге тәрбиелеуді аңсаған ойын кӛреміз. 
       Енді  алты  сегіз  айға  дейін  «Бесік  жырын»  естіп  келген  нәресте 
саусағының жыбырлағанын қызықтап айналасындағы дҥниені бірінен-бірін 
ажырата бастайды. Осы сәтте ата-анасының «Саусақ санау» жырын естиді. 
       Қазақ    халқының  арасына  кең  тараған  бес  саусақтың  аттары  бар:  бас 
бармақ,  сҧқ  саусақ,  ортан  саусақ,  аты  жоқ  саусақ,  шынашақ.  Осы  саусақ 
аттарын бала тілінде ҧғынықты да жеңіл айтылуы ҥшін басқаша айтады: 
Бас бармақ, балан ҥйрек, ортан терек, шылдыр шҥмек, кішкене бӛбек. 
       «Саусақ  санау»  жырларының  тәрбиелік  маңызы-тіл  жаңа  шығып  келе 
жатқан нәрестені сәйлеуге қызықтырып қана қоймай, он бірге дейін санауды 
ҥйретіп,  сол  сандармен  қатар  заттардың  атымен  танысып  тілі  дамиды. 
Нәресте  ӛмірінің  келесі  кезеңі-еңбектеуден  ӛтіп,  қаз  тҧрып  аяғын  басар 
кезде, оның тез жҥріп кетуі ҥшін «Тҧсау кесу» жыры қолданылады. 
 
Екінші  топқа  сәбидің  дҥниеге  кӛзқарасын  қалыптастыратын  әр  тҥрлі 
ойыншықтар  мен  қҧмалақ  ойындары  жатады.  Қазақ  балаларында 
ойыншықтар  болған  жоқдесек  те  болады,    тек  қана  балалардың  ӛздері 
жасаған  зырылдауық,  қуыршақ    пен  балшықтан  істеген  ат,  тҥйе,  ит,  қой, 
т.б.жануарлар  бейнесі  ғана  болды.  Бҧл  ойыншықтар  сыртқы  әсемдігі 
жағынан балаларды онша қызықтыра қоймайды, сонда да антропологиялық 
кӛзбен  қарайтын  болсақ,  осы  ҧсқынсыз  ойыншықтар  балаларды  еңбекке 
баулып, ӛздері жасағандықтан аса қҧнды болды. 
 
Мәселен,  «Қой  бағу»  ойынында  балалар  қҧмалақты  пайдаланады. 
Тҥйенің кепкен қҧмалағынан «қойың, қойдың қҧмалағынан  «қозы» жасап, 
қораға  қамап,  «кӛшіп-қонып,  кҥнделікті  халық  ӛміріндегі  болып  жатқан 
оқиғалармен байланыстырады. Тіпті ойын ҥстінде қҧмалақтары бірінне-бірі 


155 
 
қосылып кетсе, қайтарып бермеуге тырысқан. Демек, балалардың ойындары 
сол  кездегі  қоғам  ӛміріне  негізделіп,  кҥнделікті  тіршіліктің  қалай 
қалыптасқандығын аңғартады. 
 
Ҥшінші топқа жасӛспірімдердің қозғалмалы ойындары жатады. 
         Тӛртінші  топқа  жігіттердің  ойындары  мен  ҧлттық  спорт  тҥрлері 
топталады. 
Қазіргі  қоғамдағы  жариялылық  жағдайында  білім  мен  тәрбиенің 
ҧлтымыздың  озық  дәстҥрлері  мен  тәжірибелеріне      негізделуіне  айрықша 
ден    қойылуы  тиіс.  Себебі,  жаңашыл  (инновация)  мектептерде,  
педагогикалық  білім  берудің    мақсат,  міндеттерін  толық  анықтау,  білім 
мазмҧнын  жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа 
мазмҧндағы  оқу,  әдістемелік    қҧралдары  мен  бағдарламаларын  жасау 
жҧмыстары  республика  ғалымдары  мен    кӛптеген  ғылыми  –  зерттеу 
орталықтары назарында. 
Мҧндай  жҧмыстарға  талаптың  туындауы  бҥгінгі  кҥнгі  оқу  –  тәрбие 
процесінде    жаңа  бағыттарға  деген  сҧраныстардан.  Тәрбие  жҧмысы  
ешқашан кҥн тәртібінен тҥспеген.  Ҧшы – қиырсыз жазира дала тҧрғындары 
ӛздерінің  сан  ғасырлар  бойғы  тарихында  жас  ҧрпаққа  тәрбие  берудің  бай 
тәжірибесін жинақтап, ҧлттық ӛзіндік салт – сана мен әдет – ғҧрып, рәсімдер 
туғызды. 
Кӛшпелі халық ӛзі  ӛмір сҥрген қоғамның әлеуметтік – экономикалық 
жағдайына,  мәдениетіне,  тарихына  орайлас  жас  буынға  тәлім  –  тәрбие 
берудің  айрықша  талап  –  тілектерін    дҥниеге  әкеледі.    Мәселен,  жас 
адамның  жҧртқа  танымал  моральдық  –  психологиялық  ӛлшемі  белгіленді. 
Оның  мәні  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  шынайы,  оташыл  азамат  тәрбиелеу. 
Міне  осы  қағида  сан  ғасырлық  дала  тҧрғындарына  қойылатын  моральдық 
талаптарды  айқындады.  Ол  талаптар:  кӛшпелі  мал  шаруашылығын  жете 
игеру, еңбексҥйгіштік, қиындыққа тӛзе білу, ел намысын қорғау, жаудан бет 
қайтпау, сӛз асылын қадірлеу, ат қҧлағында ойнау,  ата – ананы сыйлау, т.б.   
Осындай қоғамдық  қатынастарды кішкентайынан кӛріп – біліп ӛскен  
адамдарда  мҥдделестік,  ӛмірге    кӛзқарастың  сәйкестігі,  кісілік  қарым  – 
қатынастар  айқындалып,  жеке  бастың  бҧра    тартуына    мҥмкіндік 
қалдырмаған,  психологиялық  жағынан  «бір  ауыздан  қауымдасқан  жандар» 
ҥнемі  ӛзінің  рулық  одағына  етене  сіңіскен  салттар  мен    дәстҥрлерді 
ҧсынады.  Ал  бҧл  ҧстаным  ҧлттық    психология  мен  ҧлт  мәденитеінің 
сипатын айқындайтын факторлар. 
 
Қазақ ҥшін  ҧрпағын жалғастырар баланың баланың орны ерекше. Ал 
оның    жақсы,  жаман  болып  ӛсуі  оның  алған  тәлім  –  тәрбиесіне,  кӛрген 
ӛнегесіне  жинаған  тәжірибесіне  байланысты  екені  белгілі.  Ата-ананың 
басты  міндеті  де  баланы  тек  материалдық  жағынан  қамтамасыз  ету  ғана 
емес, оның бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіру. Бала ҧрпақты баулу, 
тәрбиелеу  –  аға  ҧрпақтың  мойнына  жҥктелетін  тарихи  парыз,  игілікті 
уәзипа. «Әйтеуір баланың қарны аш, иіні жалаңаш болмаса жетеді де, одан 
арғының қажеті не» деу ҧшқары ой. Асырау мен  асыл тәрбие беру екі сала 
мәселе,  айрмасы  жер  мен  кӛктей.  Қай  халықты  алсақ  та,  әлгі  айтылған 


156 
 
борыш –міндетті қалтқысыз пайымдайды. Мәселен, қазақ атамыз «Алдыңғы 
жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы» дейді. 
Қазақ отбасында тәрбиенің негізінен басты-басты сегіз тҥрлі мәселені 
қамтығанын атап ӛтеді. Біріншіден,  алдымен әдептілікке ҥйретуді кӛздеген 
әке-шеше  баласына  «әдепті  бол»  дегенді  басты  міндет  етіп  қойған. 
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейрімді болуға тәрбиелеген. 
Ҥшіншіден,  тіл  алғыш,  елгезек  болуға  баулыған.  Тӛртіншіден,  адал, 
шыншыл  болуға  ҥйреткен.  Бесіншіден,  ӛнегелі  ҧстаз  бен  кӛпті  кӛрген 
қарияның  сӛзін  тыңдап,  «ақпа  қҧлақ  болмай,  қҧйма  қҧлақ  бол»  дегеді 
бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, ҥлкенді, ата-ананы сыйлап 
қҧрметтеуге ҥйретуді ең басты міндет етіп қойған.  Жетіншіден, кісі айыбын 
бетіне  баспай,  біреуге  орынсыз  тіл  тигізбейтін  әдепті  азамат  бол,  әсіресе 
қаріп-қасірлердің  табиғи  кемдігін  (мҧрны  пҧшық,  кӛзі  қисық,  аяғы  ақсақ, 
т.б.) бетіне баспа деп ҥйреткен. Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық 
алдында  қызмет  ет,  бар  ӛнеріңді  соған  жҧмса  дегенді  ерінбей  –  жалықпай 
айтып   қана   қоймай,  жеке  ӛнегелер арқылы кӛрсетіп отырған.  
 
Халқымыздың  ӛткен  тарихы,  ерлік  рухы  жырланатын  батырлық 
жырлар арқылы «ыстық қайрат, нҧрлы ақыл, жылы жҥрек» деген ҧлы Абай 
айтқан  ҥш  қасиеттің  сәулесі  жас  ҧрпақ  кӛңіліне  ҧялады.  «Бала  болсаң, 
бағландай  бол,  ағайынға  қорғандай  бол».  Мҧны  тар  мағынада  емес,  кең 
мағынасында пайымдаған  халқымыз әр ҧланға азамат болып ӛсу – парызың, 
еліңе қорған болуды ойлап ӛс, жетіл, кемелден дегенді қҧлағына қҧйып ӛсті. 
Сондай-ақ  «Жылуы  болмаса,  тҥбіт  қасиетсіз,  жігері  болмаса,  жігіт 
қасиетсіз»,  «Қайраты  барың  ғана  қаһарман  боласың»,  «Жасық  ҧлан 
жауынгер  боп  жарытпайды,  жалпының  абыройына  кӛлеңке  тҥсіреді,  ҧятқа 
қалдырады» деп ҥйретті. 
Әкенің  баланы  Отанын  сҥюге  тәрбиелеудегі  алғашқы  ісі-  5-7  жасқа 
толған  ҧлына  туған  жерін  таныстыру.  Әке  ҧлын  қасына  ертіп  алып  туып-
ӛскен  жерін  аралатқан.  Ондағы  жер-су  атауларының  шығу  тарихын, 
жылдың  әр  мезгілінде  елдің  қайда,  қалай  кӛшетінін,  ата-бабасының 
зираттарын кӛрсетіп, осы жерде ӛмір сҥрген ата-бабаларының кейінгі ҥлгі-
ӛнеге болар істерін, ерліктерін әңгімелеген. «Осы жердің болашақ иесі ӛзің, 
ата-бабаңнан  қалған  жеріңді  қорғайтын  да  ӛзің»,  -  деп  жас  ҧрпақты  ӛзінің 
халық алдындағы қасиетті борышын сезінуге ҥйретіп отырған. 
Кӛшпелі  ата-бабаларымыздың  қазіргідей  белгілі  бір  жҥйеге  келген 
тҧрақты әскері, жоғары дәрежеде дамыған әскери қҧрал-жабдықтары, соғыс 
қаруларын  жасайтын  кәсіби  орны  болмағаны  тарихтан  белгілі.  Демек,  ата-
бабамыздың  ӛз  алдына  дербестігін,  жерінің  тҧтастығын  қорғап  қалуы  жас 
баладан  қарт  кісіге  дейін  ат  қҧлағында  ойнайтын,  қанына  сіңген 
жауынгерлік қасиетінен болған. Яғни, кезіндегі әскерлердің соғыс тәсілдері 
мен  айласы  ат  ҥстінде  жҥріп  садақпен  кӛздегенін  мҥлт  жібермеуінде, 
сойылды  дәлдеп  соғуында  болды  деуге  болады.  Міне,  осы  деңгейге 
халқымыз баланы кішкене  кҥнінен  мергендікке,  тӛзімділікке,  ат  қҧлағында 
ойнайтын  етіп тәрбиелеу арқасында жеткен деуге болады. Қазақ баласының 
шабандоздығы,  дене  кҥшінің  мығымдығы  туралы  қазақ  жеріне  келген 


157 
 
кӛптеген  шетел  саяхатшыларының  таңданыспен  айтқан  пікірлері  тарихтан 
кӛптеп  кездесетінін  білеміз.  Бҧл  жолда  халқымыздың  кӛптеген  ҧлттық 
ойындарының орны ерекше болған. 
Кҥн  ҧзаққа  қозы  соңында  жҥрген  балаларды  жинап,  әр  тҥрлі  қимыл-
қозғалыс ойындарын ойнатқан. Бҧл ойындар мақсатына, міндетіне қарай екі 
бағытқа жҥргізілген: 
Бірінші:  баланың  денесін  шынықтыру  ҥшін  ойналатын  ойындар  мен 
жаттығулар. Олар: иық қағыстыру, жҧдырық сермесу, ауыр кӛтеру, кҥресу, 
еңбектетіп  жарыстыру,  жаяу  кӛкпар  тартқызу,  маңдай  сҥзістіру,  балтыр 
байқасу,  білек кҥшін сынау, т.б. 
Екінші:  балалар  ержҥрек,  мерген,  жауынгер  болып  ӛсуі  ҥшін 
ойналатын  ойындар.  Оған  жататындар:  тартыспақ  (арқан  тарту,  кӛкпар 
тарту, садақ тарту, т.б.), шабыспақ (қылыштасу, семсер сайсу, т.б.), атыспақ 
(мылтық ату, найза тас ату, т.б.), шанышпақ (қанжар шаншу, сҥңгі шаншу), 
тастамақ (арқан тастау, шалма тҥсіру, бҧғақ салу), алыспақ (белдесу, кҥресу, 
т.б.). 
Бҧлардан  ӛзге  бала  ӛмірінде  ат  спорты  ойындарының  алар  орны 
ерекше  (бәйге,  аударыспақ,  ат  омырауластыру,  кҥміс  алу,  қыз  қуу,  кӛкпар, 
т.б.). 
Қазақтың  ат  ҥстіндегі  ойындары    келешек  жауынгер,  Отанды 
қорғайтын  азамат  дайындау  мектебі  болды.  Бәйгеге  шабатын  атқа  балалар 
мінеді. Балалар бәйгесіз де кҥнде жарысады. Ас, тойда жамбы ату, теңге алу, 
аударыспақ,  сайыс  дегендер  жастардың  ойыны  болса,  кӛкпар  – 
бҥкілхалықтық ойын. 
Кӛкпарға білекті сыбанып, ат қҧйрығын тҥйіп, жігіт ағалары, қызғанда 
тіпті  ақсақалдар  да  кірісіп  кетеді.  Жастайынан  ат  қҧлағында  ойнап  ӛскен 
қазаққа  кӛкпарды  бразилиялықтардың    футболындай  деуге  болады.  Ойын 
баланың ӛмірінде маңызды орын алады. Бірақ тҥрлі ойыңдардың арасынан 
шапшаң  қимылды  ойындарды  айырықша  бӛліп  айтуға  болады,  ӛйткені 
оларда  барлық  ойынға  қатысушылар  ӛте  белсенді  қимыл-қозғалыс 
әрекеттеріне  қатыстырыдады.  Бҧл  әрекеттер  ойынның  ережелері  мен 
ағымына байланысты және балалардың алдына ҥлкендер немесе олардың ӛзі 
қойған белгілі бір шартты мақсатқа жетуге бағытталған. Ауыл және қалада 
жастар  арасында  шап-шаң  қимылды  ойындар  кең  тараған.  Ешбір  халық 
мерекелері оларсыз ӛткен емес. 
Халық арасына кӛп тараған шапшаң қимылды ойындар ӛздігінен еркін 
пайда  болды,  олардың  ҧзақтығы  шектелмеді;  ойынның  қарапайым 
ережелері,  қимылдарға  қойылатын  талаптар  ойынға  қатысушылардың 
жалпы  келісімімен  қалыптасты,  ойнаушылар  әрқашан  қай  жерде,  қашан 
ойнауды,  қайда  қайтуға  болатынын,  жҥргізушіге  қанша  адамды  ҧстап  алу 
керектігін  және  т.с.с.  ӛздері  шешті.  Педагогикалық  ойдың  дамуына 
байланысты  халықтық  ойындардың  ішінен  тәрбиелік  маңызы  ӛте 
жоғарылары  біртіндеп  таңдалады.  Ҧзақ  тәжірибенің  арқасында  олардың 
мазмҧны  айқындалып,  ережелері  қалыптастырылды,  арнайы  тәрбиелік 
мақсаттарды  кӛздеген  жаңа  ойындар  жасалды.  Мазмҧны  мен  балаларды 


158 
 
ҧйымдастыруы  жағынан  ойындардың  сан  алуандығы  олардың  ішінен  кҥн 
мезгіліне,  ӛткізілу  шарттарына  сай,  балалардың  жасына  қарай,  олардың 
дайындық  деңгейін  ескеріп,  сондай-ақ  педагогтың  алдына  қойған 
мақсаттарына тура келетіндей етіп таңдап атуға мҥмкіндік береді. 
Балалардың  денін  сауықтыру  мен  бекіту,  қажетті  қимылдарға 
бейімділігін  қалыптастыру,  балалардың  кӛңіл-кҥйінің  кӛтеріңкі  болуына 
жағдай  жасау;  оларды  тәртіппен  достық  қарым-қатынастар  қҧрдастарының 
арасында  іс-әрекет  жасауға  баулу,  олардың  сӛз  байлығы  мен  сӛйлеу 
дағдыларын  жетілдіру  -  міне,  педагогтың  сан  алуан  ойындық  тапсырмалар 
арқылы  іске  асыра  алатын  тәрбиелік  мақсаттары.  Халық  ойындарын  іс-
жҥзінде  ӛткізу  оларды  тереңірек  зерттеп,  іріктеуді  кажет  етеді.  Халық 
ойындарына  толыққанды  сипаттаманы  олардың  пайда  болуы  мен  дамуын, 
оларды  этнографиялық  зерттеуде,  педагогикалық  бақылау  мен  пікірлерге 
сҥйене отырып зерделегенде ғана беруге болады. Этнографиялық зерттеулер 
барысында  қазақтың  ҧлттық  ойындарының  пайда  болуы  мен  дамуына 
ерекше  мән  беріледі.  Ойындардың  мазмҧны  халықтың  ӛмірі  мен 
тҧрмысының  ӛзгеруіне  сай  ауысып  отырды.  Қазақтардың  ойындарына  ӛз 
кезінде  Орта  Азия  халықтарының  ойындары  әсерін  тигізіп  отырды,  сол 
сияқты  керісінше,  кейбір  Орта  Азия  халықтары  қазақтардың  бірқатар 
қызықты  ойындарын  ӛздеріне  бейімдеді.  Сіздердің  назарларыңызға 
ҧсынылыл отырған қазақтардың ҧлттық ойындары жоғары қызығушылыққа 
ие:  бҧл  дене  тәрбиесінің  тамаша  қҧралы;  олал  мазмҧны  мен  сыртқы  тҥрі 
жағынан  да  ӛте  сан  алуан.  Қазақтың  ҧлттық  ойындары  командалық  және 
командалық  емес  деп  бӛлінеді.  Кейбір  ойындар  спорттың  тҥрлеріне  және 
жергілікті  ойындарға  дайындық  ретінде  қолданылуы  мҥмкін.  Осы 
жҧмыстың  негізгі  мақсаты  -  кейбір  қазақтың  ҧлттық  ойындарын  мектеп 
оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасында пайдалануға ҧсыну. 
Қазақтың  ҧлттық  ойындарын  оқушылармен  жҧмыста  қолдану  —  бҧл 
ойындар  оқушылардың  дене  тәрбиесінің  негізгі  мәселелерін  табысты 
шешуге,  олардың  денсаулығын  жақсартып,  ӛмірлік  маңызды  қимылдық 
бейімділіктерін  қалыптастыруға  ӛте  пайдалы.  Олар оқушыларға белгілі  бір 
тәрбиелік  әсерін  тигізеді:  батырлық  пен  батылдыққа,  табандылыққа, 
ҧстамдылыққа, ҧйымшылдыққа, жолдастық ӛзара кӛмекке, саналы тәртіпке 
ҥйретеді. Ҧсынылған ойындар сауықтыру мәселелерін шешуге де ӛз ҥлесін 
қосады:  жҥру,  жҥгіру,  секіру,  лақтыру  икемділіктерін  дамытады.  Кейбір 
ойындар оқушынарға гимнастика, жеңіл атлетика және спорттық ойындарда 
алған  біліктіліктерін  жетілдіруге  кӛмектеседі.  Бҧл  ойындарды  біз  жеке 
спорт тҥрлеріне дайындық топтарына жіктедік [27]. 
Ҧлттық  ойындарда  кейбір  қиындықтар  бар,  оларды  жеңу  ҥшін  оқушылар 
тиісті кҥш-жігер жҧмсауы тиіс. Қазіргі заман педагогикасында білімдік және 
тәрбиелік  мақсаттар  ӛзара  тығыз  байланыста.  Сондықтан,  білімдік 
мәселелерді  шеше  отырып,  тәрбиелік  мақсаттарды  орындаймыз,  ойын 
барысында  табандылық,  ҧстамдылық,  сабырлылық,  жеңіске  деген 
қҧлшыныс сияқты кӛптеген тҧлғалық қасиеттер қалыптасады. Қазақ ҧлттық 
ойындарында  ойыншылар  арасында  белгілі  қарым-қатынастар  орнататын 


159 
 
ережелер  бар.  Әрбір  ойында  ойыншылар  сол  ережелерге  сай  әрекет  етуі 
тиіс.  Ақырында,  сол  ережелерге  сай  ойыншылар  тиісті  іс-әрекеттерді 
таңдауы керек болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет