Наурыз шеруі- қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар Қызыр ата: Руслан



Дата13.04.2023
өлшемі16,15 Kb.
#82004
Байланысты:
Наурыз шеру


НАУРЫЗ ШЕРУІ- Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар
Қызыр ата: Руслан, Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт береке әкелсін!
Меруерт. Жер – Ананы мекен еткен барша мұсылмандардың қасиетті - әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін. Жыл 12 ай, 365 күн асыға, аңсай күткен, жер жүзі мейірге, жылылыққа шомылған, қыз – бозбала құлпырған киелі Наурыз сендерді шаттыққа бөлесін!
(Осы кезде Тазша бала мен Алдаркөсе ортаға шығады)
Нұрбек: Тазша бала: Ассаламағалейкум, Қызыр ата!
Қызыр ата: Уағалейкумассалам, Алдар көсе, Тазша балам, екеулеріңнің бастарың қосылып қалыпты ғой, жақсылыққа болғай әрине.
Тазша бала: Нұрбек: Қызыр ата, біз жай қыдырып жүрген жоқпыз, ұлттық дәстүр, ән - жырды еске түсіріп, жастарға таныстырып жүрміз.


Алдар көсе: Бахош
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр: Жұмабек
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Қоян жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Алдар көсе Бахош:
Мен Алдармын, Алдармын, Бұл не қылған адамдар?
Сайтанды да алдаймын. Бұл кім десем, батыр,
Уа, жараңдар, жараңдар, Шығайбай ғой, апыр –ау!
Ана жаққа қараңдар. Меңсұлу қыз қасында,
Той қазанын көтерген, Шық бермес қой расында.
Алдар көсе: (шапанымен қазанды жауып жатқан Шығайбайдың Еркінбектің қасына келіп)
Не істеп отырсың, байеке?
Жұмыртқа басқан тауықтай
Қазанға жапқан шапаның,
Отқа жанса қауіп қой.
Еркінбек Шығайбай: қазан жоқ бұл жерде...
Алдар көсе: Қуын қара байекеңнің, Наурыз тойында қазанын қорғамақ!
(сол кезде дабыл қағылды) музыка
Алдар көсе: Аттан, Аттаныңдар!
Байеке, бол, тез аттан,
Қасқыр шапты қойыңа!
Шығайбай: Ойпырмай, бұл қалай!
(алқына жүгіріп шығып кетеді).
Алдар көсе: Бай асығыс кетті ғой қасқыр қуып,
Алыңдар, тамақ суып қалмасын.
Қызыр ата, байқаған шығарсыз өнерімді?
Қызыр ата: Алдарым – ай, мына тұрған мені де алдап кететін түрің бар – ау!
Тазша бала: Менің де қолымнан келмейтін іс жоқ.
Мереке қонақтарын би билетіп, ойын ойнатып жіберем!
Қызыр ата- жарайсың Тазша бала қонақтарымыз аш қалмасын, ас дайын болыпты отырып наурыз көжеден ауыз тиіп әлденіп алайық.


Тазша баланың сөзі:
Онда Қызыр ата дастарханның ашылу батасын осында отырған үлкен ақсақалымызға берейік.
Тазша бала домбырамен :
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өрістен.
Сақтай гөр деп істен,
Ақсақал бата беріскен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет