Орындаған: Таңсықбай Ә.Қ Топ: МҚТӘ-11



Дата06.01.2022
өлшемі9,39 Kb.
#12691

Орындаған: Таңсықбай Ә.Қ

Топ: МҚТӘ-11



Құшақтасу.
Алдында - қалың ағаштың саясында жіңішке өзектің қасында Қарагөзге сыртын беріп, бір қыз, бір жігіт құшақтасып ойнап отыр… (М.Әуезов "Қаралы сұлу).
Көкке тиген биік тау

Құшақтасқан тұманмен,

Қосылысып есен-сау,

Бал алысқан құмармен. (М.Жұмабаев " Жазғы таң")
Бәрі де бір адамның баласындай, біріне-бірі сүйеніскен, айқасқан, құшақтасқан. (Ж.Аймауытов "Қартқожа")
Самолет қазір жерге қонады, мен жүгіріп қасына барам, Шегенмен құшақтаса кетем… (Ғ.Мүсірепов " Қазақ солдаты")
Құшақтасып, күлісіп, біраз мауқын басқан соң екі әйел үй, тұрмыс, тіршілік жайын сөз етіп кетті. (М.Мағауин "Әйел махаббаты")
Иілу.
Не қылса бір құрметті адам ғой деп,

Əзім тұрып, иіліп сəлем берді. (А.Құнанбаев "Әзім әңгімесі")


Менің халіме ем болатын ашық бір сөзіңізді неге айтпайсыз? — деп аз тұрып, қасына келіп, иығына иығын тақап тұрып, бетіне таман иіліп:

— Сүйгенім, айтыңызшы байлаулы сөзіңізді! Мен дерттімін, қинамаңызшы! — деді. (М.Әуезов "Сөніп-жану")


– Ата, – дедім мен иіле төмен қарап. (Қанша арып-шаршап қиындық көріп жүрсем де ол кісінің жүзіне тура қарамаған инабатты келіні едім ғой, қайтейін) (О.Бөкеев “Бәрі де майдан”).
Мен бұл апатты доғадай иіліп тұрып көрдім. (Ғ.Мүсірепов "Жапон балладасы")
Ыстық мұнай ысқырып атқылап аспанға көтеріледі де, доғадай иіліп келіп жер бетін сарт-сұрт сабалай құлайды. (Ғ.Мүсірепов "Бірінші фонтан")
Құшағын жаю.
Алдымда құшақ жайып қарсы алатын

Сүйген жарым - мейірімді ол қара жер! (М.Жұмабаев "Сүйгеніме")


Төсін басып бір ұмтылды,

Жатты жайып құшағын. (С.Сейфуллин "Аққудың айырылуы")


Уыз сәби ұйқыда балбырасын,

Жайып құшақ жәннәт бақ албырасын. (М.Мақатаев "Ару ана")
Мұқағали келуімізді күтпей-ақ жауындарға, аласұрған ағындарға да қарамай жүрегімізде дауыл тұрғызып жердің бүкіл сағынышын арқалап қанатын жазып, құшағын жайып, бізге қарай самғап ұшты. (А.Кеңшілікұлы "Мәңгілік сәулесі")
Әлгінде ғана төсегінде әлдекімге құшағын жайып, бауырын тосып жатқанын өз көзіммен көрмедім бе? (Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры")
Ернін тістеу.
Қыз ернін тістеп алды. «Иә, аздап қисық екені рас. (Х.Мураками "Зомби", ауд. Д.Рамазан)
Көз алдына сондағы Тананың ернін тістеп, солқ-солқ жылаған кейпі келді. (С.Мұратбеков "Отау үй")
Мына екеуінің жаңағы сөздерінің тұсында ернін тістеп жымдай қатып тұрған… (М.Әуезов "Шатқалаң")
Қайтып келсем, ана кезін жұмып ернін тістелеп баланың «жолдасына» толғатып жатыр екен. (Ғ.Мүсірепов "Адамның анасы")
Ернін жымқырып тістеп алған. (Ә.Нүрпейісов "Соңғы парыз")
Тілін шығару.
...Алдымда мынау фәни-тыржалаңаш,

Шығарып тілін маған, сиқы ашты. (М.Мақатаев "Шәмілге жазған хаттардан")
Күнікей көзін бажырайтып, тілін шығарып:

- Әшейін айтам,- деді. (Ж.Аймауытов "Күнікейдің жазығы")


Маған қарап тілін шығарып:

– Мақтаншақ! Үлкен болғаныңа мақтанасың ғой, брр... – деп мазақтап сыртқа қаша жөнелетін. (С.Мұратбеков" Менің қарындасым")


Тамам бала... „шата-шата", „бастықтың баласы"— деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы — Нұржан мен Аманжан ара түспеуші ме еді… (О.Бөкеев "Қар қызы")

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет