Құндылық - бір нәрсенің маңыздылығы, мәнділігі. Халықтың, қоғамның мәдениеті, рухани өмірі үшін кез келген заттар, құбылыстар маңызды.
Құндылықтар ұғымы философияда, әлеуметтануда және этика ғылымдарынада зерттелінеді.
С.Л. Рубинштейн: «Құндылықтың болуы немқұрайдылықтың көрінісі емес, керісінше, адам үшін, оның өмірі үшін әлемнің әр түрлі маңызды қырлары мен аспектілері.
Құндылықтар туралы түсініктер
Сократ бойынша құндылық «адамның өмірді бағалауы».
Аристотель бойынша «жақсылық», «игілік» - жағымды мінез-құлық, рухани құндылықты бейнелейді.
Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады.
Сезім мен ақыл-ойдың ұштасуы және сол арқылы адам іс-әрекетінің белгіленуі.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінеді. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді.
Құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Адамдар өміріндегі құндылықтар
Рухани-адамгершілік құндылық – белгілі бір бағытты, мақсатты, жүйелі ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе.
Рухани-адамгершілік құндылық – адамның ішкі жан-дүниесі қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы.