Негізгі идеясы



Дата07.09.2022
өлшемі23,36 Kb.
#38592




С .Аманжолов ШҚМУ университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1курс студенті Ынтымақ Ақжол

Уақыты

Ойшыл

Негізгі идеясы

Еңбектері

Б.З.Д 5-6ғ.

Конфуций

Патша Көк тәңірдің үлгісімен жақсылықтар жасау керек.Патша патшадай , әке-әкедей, бала-баладай болу принциптерін ұсынады.

Лунь Ю

Б.з.д. 384-322жж.



Аристотель

Гректердің саяси ой пікірлерін дамытқан.

Саясат, Афиналық политика, Этика, Риторика

Б.з.д. 427-347жж.



Платон

Платон Ізгілікті мемлекет құру идеясы.

Саятшы, Заңдар, мемлекет тб

Б.з.д.106-43жж.

Маркк Туллий

Мемлекетті бұрыс түрдк ойлауды басқару.

Мемлекет, Заңдар, діндер туралы еңбектер

1469-1527жж

Н. Макиавелли

тепе-теңдікті Макиавелли Діни көзқарасқа қарсы, мемлекеттік сақтау.

Патша, флоренция тарихы.

2.Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы.Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой – пікірлергеде бай. Оның ішінде ең биігі ислам философиясының негізін салушылардың бірі –біздің қандасымыз ұлы ойшыл әл-Фараби.Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі,астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Нәсыр Мухаммед ибн Тархан әл –Фараби (870-950 )жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға жақын Фараб қаласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Кайр , Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны әріптестері көзі тірісінде «екінші Аристотель» деп атаған екен.Әл Фараби ғылымның сан саласы бойынша 160 астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымдық қала тұрғындарының көз қарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл-Фараби «Рақымдық қала тұрғындарының көз қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекетті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды бір-біріне көмектестіріп, барлық жұрттың жақсы тұрмысына қам жеп, қамқорлық жасаған мемлекет қана өз міндетін атқара алады.Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс әрекетін, ерік қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды. Ол халықтар дастығын да насихаттаған.
Әл – Фарабидің бай мұрас Шығыс халықтарының саяси санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның әр түрлі салаларын дамытуға игі әсерін тигізді.

Жүсіп Хасхаджип Баласағұни (1021-1075) Аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Баласағұни туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі «Құтадғу білік» дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі -сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Баласағұнидің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне түсінікті болу үшін жазылған болуы керек.Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздеген. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлаған. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Қазақ халқының рухани мұрасында мәңгілік із қалдырған аты аңызға айналған ақын, жырау Асанқайғы Сәбитулы (14 ғ. аяғы 15 ғ. басы). Ол алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібекке ақылшы, жас мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Оны Ш. Уалиханов «көшпелілер философы» деп атаған. Хан мен халық арасында игілік үшін талас тартыс, дау жанжал туғанда, оны ушықтырып, өрбітпей реттеудің жолын, «ымыраға келу» теориясын ұсынған. Ол еліне мәңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған боларлық қолайлы жер- «Жерұйықты» іздеген, халқының болашағын ойлаған. «Жерұйықтың» суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағаш басы толған жеміс-жидек, жұт болмайтын, қайғы-қасіреттен аулақ құтты қоныс; ол елді жау алмайды, онда ел аласы, ру таласы жоқ, жаугершілікті білмейді. Асанқайғының мұндай жерді іздеуі әйгілі утопиялық социалистер Томас Мордың «Утопиясы» мен Т. Кампанелланың «Күн қаласындағы» саяси идеялармен үйлесіп, жымдасып жатыр.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандарда бар . Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет