Негізгі түсініктер



Дата20.03.2023
өлшемі409,03 Kb.
#75611

Изопроцестер
2023 жылғы ҰБТ сынағына дайындық
@arystan_online_academy
ФИЗИКА
Мұғалім: Арын Ерсұлтан
Ұзақтығы: 1.5 сағат

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР


Теория 1/5

Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т - температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Изотермиялық процесс Бойль-Марриот заңы

Изотермиялық процесс – физикалық жүйеде тұрақты температурада жүретін процесс; Термодинамикалық күй диаграммасында изотермамен кескінделеді.


Теория 1/5
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Мысал есеп 1
Газ изотермиялық сығылып көлемін 5 л-ден 3 л-ге дейін төмендетті. Егер газдың бастапқы қысымы 120 кПа болса, соңғы қысымы неге тең?

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Изохоралық процесс Шарль заңы


Теория 1/5

Изохоралық процесс – физикалық жүйеде тұрақты көлемде жүретін процесс. Ол термодинамикалық күй диаграммасында изохорамен кескінделеді.


НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Мысал есеп 2
Газдың температурасын тұрақты көлемде 5 есе арттыру үшін қысымын қалай өзгерту қажет?

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Изобаралық процесс Гей-Люссак заңы


Изобаралық процесс – сыртқы тұрақты қысымда физикалық жүйеде өтетін процесс. Ол термодинамикалық диаграммада изобарамен кескінделеді.


НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Мысал есеп 3
Идеал газдың температурасы тұрақты қысымда 300 К-ге артқанда, оның көлемі 3 есе ұлғайса, бастапқы температурасы неге тең?

ИЗОПРОЦЕСТЕР


НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Есептер шығару
Газ изотермиялық 4 л-ден 1 л-ге дейін сығылғанда қысым 50 кПа-ға өссе, оның бастапқы қысымы неге тең?
Есептер шығару
Газдың қысымы изотремиялық 100 кПа-дан 120 кПа-ға дейін изотермиялық өсті. Егер газдың көлемі 4 л-ге төмендесе, газдың бастапқы көлемі неге тең?
Есептер шығару
Газ 12,32 л көлемді алып тұрды. Оны тұрақты қысымда 45 К-ге салқындатқанда көлемі 10,52 л болды. Газдың бастапқы температурасы?
Есептер шығару
Газдың температурасы тұрақты қысымда 27-ден 327 - ге дейін өсті. Газдың соңғы тығыздығының бастапқы тығыздығына қатынасын табыңыз.
Есептер шығару
Аузы бекітілген газ баллонының ішіндегі қысымы 27 температурада 100 кПа-ға тең. Осы баллонның 127 температурадағы қысымын анықтаңыз.
Есептер шығару
Тұрақты көлемде газдың температурасы 55- ке өскенде оның қысымы 20%-ке артса, газдың бастапқы температурасы неге тең?
Есептер шығару
24 л –лік баллон қысымы 100 кПа ауамен толтырылған. Кейін осы баллон көлемі 6 л болатын басқа іші бос баллонмен біріктірілді. Егер біріктірілгеннен кейін температура өзгермесе, біріккен баллондардың соңғы қысымы неге тең?
Есептер шығару
Егер идеал газдың абсолют температурасын 2 есе арттырғанда, оның қысымы 25% -ке артса, оның кһлемі қалай өзгереді.
Есептер шығару
Бастапқы көлемі 8 л идеал газды тұрақты температурада сыққанда көлемі 5 л болды, ал қысымы 60 кПа-ға артты. Массасы тұрақты газдың бастапқы қысымы.

ҚОРЫТЫНДЫ


Эфир-1
  • Бүгінгі тақырыптан не үйрендіңіздер?
  • Тақырып несімен қызықты болды?
  • Түсінбеген жеріңіз бар ма?

Коментарийге толық аты-жөндеріңізді жазып қалдырамыз!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет