«Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік»



бет1/2
Дата24.09.2022
өлшемі17,69 Kb.
#40075
  1   2
Байланысты:
Лұқман Хакім


Лұқман Хакім
Лұқман аса дана, табип болған кісі. Жалпы көзқарас бойынша пайғамбар емес, дәрігер болған. Лұқман Хакім жайлы мағлұматтар аз кездеседі. Аллаһ тағала Құран кәрімде Лұқман Хакім жайлы былай дейді: «Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік».
Лұқман ибн Бағур ибн Нахур ибн Тарих. Тарих Азар деген есіммен де белгілі. Лұқман Хакім Аюб а.с. пайғамбардың жиені. Ол мың жыл өмір сүріп, Дәуіт а.с. пайғамбармен кездесіп, одан ілім үйренген. Лұқман Хакім Дәуіт а.с. пайғамбардың заманында Бәни Исраил қауымына қазы болып өткен.
Лұқман Хакім Хабашстандық құл яғни негр және ағаш ұстасы болған.
Лұқман Хакім Судандық. Аллаһ тағала оған даналық берді бірақ пайғамбарлық емес. Ол тігіншілікпен айналысқан. Көп сөйлемейтін, көп ойланатын, зерек, күндіз ұйықтамайтын, ешкім оның түкіргенін көрген емес. Күліп, ойын-сауық құрмайтын. Даналық сөздерден басқа айтқан сөздерін қайталамайтын.
Ол нағыз тақуадар, ұлы даналыққа ие, ғибадатшыл жан болатын. Ол Аллаһты жақсы көрді, Аллаһта оған даналық бере отырып оны жақсы көрді. Даналыққа жету үшін шындықты тілімен айтып, ішкі жан-дүниесімен, жүрегімен ойланып, парыздарды орындау керек. Лұқман Хакім сөйлегенде даналықпен сөйлейтін, ой жүгірткенде де солай, іс-қимылды да даналықпен орындайтын.
Лұқман Хакім хабашстандық қара құл әрі ағаш ұстасы болатын. Бір күні оның қожайыны оған мына қойды бауызда деді. Ол бауыздап болған кезде, қожайыны: қойдың ең жақсы деген екі кесек етін кесіп ал деді. Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін кесіп алды. Кейін қожайыны енді ең жаман екі жерін кесіп ал деді. Лұқман тағы да тілі мен жүрегін ұсынды. Осы кезде қожайын Лұқманға қарап: ең жақсы жері дегенімде тілі мен жүрегін кесіп алдың, ең жаман жері дегенімде де тілі мен жүрегін кестің деді. Сонда Лұқман Хакім былай деп жауап берді: Егер осы екеуі адал болса бұлардан жақсы жер жоқ, ал егер бұл екеуі бұзылса бұлардан жаманы жоқ.
Лұқман Хакім томпақ ерінді, жалпақ аяқты қара құл болатын. Бір күні бір адам Лұқман Хакімді сөзін мұқият тыңдап отырған адамдардың ортасынан көреді. Сырттан қарап тұрған кісі Лұқманға қарап: сен бұрын менімен қой баққан адам емессің бе деп сұрады. Лұқман: ия, ол менмін деп жауап берді. Сен мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрағанда, Лұқман Хакім: шыншылдық әрі маған қатысы болмаған нәрсеге араласпау арқылы деп жауап берді.
Шынында Аллаһ Лұқман Хакімге даналық берді. Бір күні Лұқманды бұрын білетін бір адам келіп: сен қой бағып жүрген, пәлен тайпаның құлы емессің бе деп сұрады. Лұқман Хакім ия деп жауап берді. Әлгі адам мына дәрежеге қалай жеттің деп сұрады. Лұқман Хакім: Аллаһтың қалауымен, аманатты орындаумен, шындықты айту және маған қатысы жоқ іске араласпау арқылы деді.
Абу Дарда р.а. бір күні Лұқман Хакім туралы әңгімелеп былай деді: оның байлығы, бала шағасы болмады. Бірақ ер жүрек, батыр, қайсар болды. Лұқман Хакімнің жанұясы, бала-шағасы болған. Олар өзінің көзі тірісінде дүние салған. Бірақ Лұқман олар үшін қатты қайғырған жоқ. Ол патшаларды зиярат ететін. Оларға қарап, ойланатын. Осы себепті оған берілуі керек нәрсе берілді. Лұқман Хакім аскетик адам болған. Дүниеқоңызданып, мал мүлік жинамаған, оған бұрылып та қарамаған.
Оның Таран есімді ұлы иман келтірмегендерден болған екен. Осы себепті Лұқман ұлы иман келтіргенге дейін, оған үгіт-насихат етуді тоқтатпаған. Ғұламалар Лұқман Хакімнің Аллаһтың ізгі құлы, дана, Аллаһтың досы, бірақ пайғамбар болмағандығына бірауыздан келіскен.
Дәуіт а.с. пайғамбар Лұқман жайлы былай деген: «Лұқман сен ізгілерденсің. Саған даналық берілген, сен қайғыдан ұзақсың. Маған пайғамбарлық берілген, осы себепті маған қайғы-қасірет жақын».
Лұқман Хакімнің мазары Палестинада, Рамла қаласына жақын жердегі Сарфанд ауылында деп айтылады.
Құран Кәрімде Лұқман Хакімнің атымен аталатын сүре бар. Аталмыш сүреде Аллаһ тағала Лұқман Хакімді былайша сипаттайды:
«Негізінде Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкірлік етсе өзі үшін шүкірлік етеді. Ал кім күпірлік етсе, Аллаһ еш нәрсеге мұқтаж емес, Аллаһ мұңсыз әрі мақтауға лайықты».
Шүкірлік етуден мақсат Аллаһ тағалаға итағат ету, құлшылық ету, ғибадат ету. Даналықтың негізгі алғы шарттары Раббысына шүкірлік ету болып есептеледі. Шүкірлік ету тек тілмен емес, ойлау, пікірлеу, сөзінде және іс-әрекетінде де көрінуі тиіс. Шүкірлік етуші адам оған берілген Нығметтердің тек қана Аллаһтан екендігіне толық сенімді болады.
Күпірлік – араб тіліндегі "كفر" «куфр» деген сөздің баламасы. Ол имансыздық, кәпір болу, қарсы келу, шүкірлік етпеу, жақсылықты білмеу деген мағыналарды білдіреді.
Сонымен бірге Құран кәрімде Лұқман Хакімнің ұлына айтқан үгіт-насихаттары да кездеседі:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет