Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктері
Жоспар:
1.Нәрестенің қимыл-әрекеттері
2.Нәрестенің зейіннің дамуы
Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды.
5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.
1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері
Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды.
7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.
Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы маңызы.
2. Нәрестелік және бөбектік кезеідегі баланың анатомиялық және физиалогиялық ерекшеліктеріне сипаттама берңіз.
3. Нәрестелік кезеңдегі пстхикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалыңызына талдау.
4. Нәрестенің ересектермен қарым қарынасы және оның алғашқы сөздері туралы не білесіз? .
5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым қатынас жасауының мінң неде?
Әдебиеттер:
1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.
2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011
3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |