«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет1/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
f60871e926df7e0


Манғыстау облыстық медицина колледжі



«Мейірбике ісінің негіздері»
пәнінен теориялық дәрістер
және іс-әрекеттер жинағы

«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы
«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы болашақ орта буын медицина қызметкерлеріне арналған.

АЛҒЫ СӨЗ

Халыққа медициналық көмек көрсету барысында
жоғары білімді дәрігерлермен бірге орта буынды
медицина қызметкерлерінің атқарып жүрген жұмысы
да аз емес. Дәл айтқанда,мейірбике ол дәрігердің науқасқа белгіленген тағайындауларды дер кезінде орындап,науқастармен тіл табысып,бөлмелердің санитарлық – гигиеналық тазалықты сақтап,жағдайы нашарлағанда шұғыл көмек шақыртып, ал дәрігер келгенше өзі барлық көмек түрін көрсету ауыр міндеттерді атқарады.Мейірбике жауапкершілікпен жұмысты атқару үшін жалпы науқасты күтү әдістерін меңгерумен бірге,кәсіптік этика және деонтологиямен
толық қаруланып,мейірімді шыншыл, жан – жақты білімді болу шарт.Кәзіргі кезде орта буынды дәрігерлердің жағдайын жақсарту мақсатында
мемлекет тарапынан көптеген шаралар жасалынып жатыр.Бұл кітапша жұмыс бағдарламасы негізінде
жалпы науқасты күту жайлы,мейірбикелердің атқаратың жұмыстары жүйелі түрде көрсетілген.
орта арнаулы медицина кызметкерлерін дайындау
саласында теориялық және практикалық іс-әрекеттер
жинағы мамандығы «Медбикелік іс» 2-3-4 курс оқушыларына және оқытушыларға арналған құрал
ретінде пайдалануға болады.
Кіріспе:

Мейірбике жұмысысының қоғам тілегі мен тіршілік жағдайлары өзгерген сайын ғасырлар бойы өзгеріп отырады. Кейінгі жылдарда қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтау жүйесіндегі жетістіктерге байланысты мейірбикенің алатын орны әлде қайда өсті, яғни мейірбикелік қызметке қойылатын талаптарда артты. Оның себептері:


- созылмалы және онкологиялық аурулармен ауратың адамдардың, мүгедектердің санының көбеюі, қарт адамдардың басым болуы.
- мемлекеттік құрылымының өзгеруі,осыған байланысты әлеуметтік қобалжу, тұрғындардың тұрмыстық жағдайының нашарлауы, дәрігерлік көмектің қымбаттауы, экологиялық апаттар.
Мейірбике ісінің негізгі түсініктерін философиялық ұғыну тенденциясы 30- жылдары п.б. 50-жылдардың ортасында әрбір медициналық колледждің мейірбике ісі концепциясы тұралы өзіндік жеке дара түсінігі болды.
Мейірбике ісінің тарихы мейірбике ісінің дүниеге келуі,қайырымдылық бикелерінің ұйымы, Ресейдегі мейірбике ісінің негізін қалаушылар, Флоренс Найтингейл, әскери іс- әрекеттер, Халықаралық Қызыл Крест пен Жарты ай комитетінің пайда болуы тарихы, Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтады.
Мейірбикелік кәсібінің мәртебесі өсуде. Науқастың автономиялығын, абыройын және қоғаммен әрі әлеуметтік талаптармен үйлесімділігін сақтай отырып, мейірбикелік процесті кәсіптік денгейде жүзеге асыру мейірбике ісінің мақсаты болып табылады.
Мейірбикелік процесс негізгі орын алады. Ол денсаулықты қалыптастыруға аурулардың алдын-алуға бағытталған мейірбикелік күтім жүргізеді.
Мейірбике - қажетті білім мен дағдыларды мең -герген маман: тәуелсіз және денсаулықты қорғау саласында қоғамның және жеке адамдардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында күтім жүр -гізуге жауапты.
Қазіргі кездегі мейірбике ісі-мейірбике ісінің философиясына негізделген ғылым және өнер. Адам-көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар бір тұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған орта мен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамды әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсініп білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні-бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті, қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу. Мейірбикелік процестің жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын-алуды;
шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
. ішкі мүшелер аурулары кезіндегі
науқастардың мәселелерін;
. мейірбикелік процестің мәнін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет