Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады



Дата20.11.2022
өлшемі15,54 Kb.
#51291
түріРеферат

17.Сіз рефератты қарап шығуға мерзімінен бірнеше күн бұрын ұсынуыңыз керек. Қорғау кезінде оның негізгі бөлігін айтудың қажеті жоқ. Сол кездің өзінде рефератты қорғау сұрақ-жауап кешіне айналмауы керек, ол бәрін айтып шығуға мүмкіндік бермейді. Өз жауабыңызды сауатпен және қисынмен негіздеңіз. 5-15 мин ішінде рефераттың өзектілігі жайлы, қойылған мақсат пен міндеттер туралы, зерттелген материал, негізгі бөлімнің құрылымы жөнінде, жұмыс барысында жасалған тұжырымдарыңызды айтып үлергеніңіз маңызды.
Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады:
— рефератқа қойылатын ресімді талаптардың сақталуы;
— тақырыпты сауатты ашу;
— ұсынылған реферат туралы айқын айта білу;
— қойылатын сұрақтарды түсіну қабілеті мен оларға нақты жауаптар таба білу.
19.құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету;
3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;
7) барлық оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдайлар жасау.
18.Ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда грамматикалық ережелерді меңгеріп, оларды түсініп, дұрыс қолдана білудің маңызы өте зор. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыпты меңгеру – күрделі жұмыс. Грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, меңгеріп, орынды қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында сурет бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру, әңгімелеу жұмыстарын жүргіземін.
Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айта білуге, сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап беруді үйретуге тырысамын. Мәтінде кездесетін таныс сөздермен, сөз тіркестермен және меңгерілген жаңа сөздермен сөйлем құрастыруға, әңгімелей білуге дағдыландырамын.Әр сыныпта тақырыптар бойынша тест сауалдарын қолданып, жарыс, саяхат, ойын сабақтарын өткіземін.
Жаңа заман сабағы дәстүрлі тақта мен бор арқылы емес, электрондық құралдардың көмегімен, интерактивті тақтамен оқушылардың белсенділіктерін арттыра отырып өткізіледі. Өз тәжірибемде интерактивті тақтаны қолдана отырып «Білімпаздар сайысы» атты сыныптан тыс шара өткіздім. Мультимедиялық мәтін жазылған бейне материалдар, слайд, суреттер, сызбалар, кестелер қолдандым. Оқушылар күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көру арқылы естеріңде сақтайды. Бастауыш сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тіл байлықтарын ақпараттық қатынастық технология арқылы дамыту оқушының өзіндік білім алу іс-әрекетін компьютерлік бағдарламалық және техникалық жабдықтардың көмегімен іске асырылады.
Оқушылар «Жыл мезгілдері», «Құстар», «Үй жануарлары және аңдар» атты кітапшалар дайындап келеді, ол жұмыстарын оқушылар алдында оқып қорғайды.
«Қай ауыл жеңді?», «Кім көбірек біледі?», «Қатені тап» тағы басқа түрлі сөздік ойындарын жиі өткіземін. Оқушылардың қазақ тіліне ынталылығын арттыру үшін мынадай ойындарды өткізуге болады; біріншісі: «Кім көбірек сөз табады?» Мысалы: саңырауқұлақ-ақ, қара, су, құлақ, уық. Екіншісі:бір оқушы сөзді айтады, екінші оқушы сөздің соңғы әрпіне жаңа сөзді ойлап табады.Мысалы: қарға, алма, ат, тауық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет