Нұра аудандық орталық кітапхана



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#7313
  1   2   3

 

Нұра  аудандық орталық кітапхана

 

 

Кітапханаларды дамыту секторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тау тұлғалы ақын

 

 

(

Мұқағали Мақатаевтың 85

-

жылдығына арналған



 

сценарийлер жинағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

Тау тұлғалы ақын: сценарийлер жинағы /Нүра аудандық орталық кітапхана; 

кұраст. Кітапханаларды дамыту секторы.



Киевка, 2016. 

- 20 

бет



 

        


2016  жылы  шығармашлығы  әрбір  адамның  жүрегін  тебірентетін  ақын  Мұқағали 

Мақатаевтың  туғанына  85  жас  толар  еді.  Бүгінде  бұл  есім  қазақ  поэзиясының  символы 

болып табылады. 

  

       



Сценарийлер  жинағы  кітапхана  пайдаланушыларында    көрнекті  қазақ  жазушысы, 

ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың  тұлғасымен,  өмірімен,  шығармашылығымен  таныстыру 

мақсатында  құрастырылды

  

     



Сценарийлер жинағына енді

 - 



Тау

 

тұлғалы ақын 



поэзия кеші)

 

 -  


Менің Мұқағалиым

    


(әдеби –

 

музыкалық кеш)



 

 - 


Викторина

 

 - 



Өзіңсің поэзия пайғамбары

 

(



поэзия сағаты)

 

 - 



Аллея поэта

    


(поэтический час)

 

 -  



Мукагали Макатаев –

 

поэт из Карасаза



     

(беседа


 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Тау

 

тұлғалы ақын

(М. Мақатаевтың 85 жылдығына арналған поэзия кеші



 

Сахна  безендірілген.  Музыка  ырғағында  Мұқағалидың  өз  дауысы  «Есіңе  мені 

алғайсың» өлеңі оқылады.

 

Кітапханашы:

 

Қайырлы  күн,  өнер  сүйер  қауым,  өлең  сүйер  қауым,  қадірменді 



көрермен!

 

Білемін бір керемет күн туады,



 

Жан


-

жағым жаннаттайын құлпырады.

 

Шықпақ болып шындыққа ұмтылады,



 

Құлпыдағы  жүрегім  бұлқынады, 

деп  жырлаған  жыр  дүлдүлі,  қазақ  өлеңінің 



аспанында  ерекше  жарқыраған  жұлдыз,  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  туғанына  85 

жыл толып отыр. 

 

Кітапханашы:

 

Бүгін менің туған күнім, ой, пале

-

ай,


 

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

 

Банкет жасап берер едім өзім



-

ақ,


 

Тәңірдің бір жарытпай

-

ақ қойғаны



-

ай!


 

Мына дүние неге жатыр үндемей,

 

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.



 

Құшақ


-

құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

 

Мынау –


 

шапан,


 

Мынау –


 

атың, мін! –

 

демей.


 

Мынау жұртқа жақпады ма әлде нем?

 

Бекер өмір сүргенім бе



әлде мен?

 

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,



 

Босқа өмірім өтті ме екен, әуремен?

 

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,



 

Басқа арнаға бұрдым ба? Әлде жырымды.

 

Өзегіңе тепсең



-

дағы ұлыңды.

 

Тойланбаса тойланбасын не етейін.



 

Той көрмей

-

ақ, сый көрмей



-

ақ өтейін.

 

Қаламымды берші маған, бәйбіше,



 

Болашаққа арыз жазып кетейін!

 

Кітапханашы:

 

Атына



-

заты сай, Алтынкеннен алтын, Тұзкөлден тұз, Көміршіден көмір 

шығатын,  сарғая  күтеді.  1941  жылы

 

он  жастағы  Мұқағали  әкесіне  арнап  «Әкеме»  атты 



өлеңін жазған. Бұл оның алғашқы өлеңі еді.

 

«Әкеме» өлеңі оқылады.



 

Кітапханашы:

 

 

Әже, сен бірге жүрсең меніменен,

 

Өліге мен өзіңді тілемеген.



 

Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,

 

Ақ  кимешек  жоғалса...  нені  көрем?  –



 

деп  өзі  жырлағандай,  Мұқағали  ер  мінезді, 

айбынды әжесін ерекше құрметтеген.

 

«Сөнбейді әже шырағың» әні орындалады.



 

Кітапханашы:

 

Асыл  жыр  боп  ақтарылған  ақиық  ақын  өлеңдерін  үлкен  де,  кіші  де 

сүйсіне  оқиды.

 

Ақын  өлеңдерінің  өміршендігі,  олардың  мағынасы  терең  мазмұнында,  кез



-

келген  адамның  жүрегіне  қона  кетер  қарапайымдылығына  жатса  керек.  Ендеше,  біздің 

мектеп оқитын оқушыларға кезек берейік.

 

Кітапханашы: 



 

От па дерсің жүрегін барлап тұрып,

 


Жалынымен балқытар шоқ боп тұрып.

 

Мұқандардың сарқыты бар мұнда деп,



 

Жар салатын «Автограф» өлеңі оқылады.

 

Кітапханашы:

 

Ақын  жаны  нәзік  әрі  тәкәппар.  Бірақ,  шын  ақын  жаратылысынан 



қаншама  өзімшіл,  менмен  болғанымен,  сескенетін  бір  ұлы  күш  бар,  ол  –

 

халқы. 



Мұқағалидың ұлылығы сол, ол –

 

халық деген құдіреттен үнемі жүрексінетін.



 

«Халқыма» өлеңі оқылады.

 

Кітапханашы:

 

Ұқсайтын нөсер, жауын, дауылдарға,



 

Жырлары бермес берік дамылдарға.

 

Өз халқын жан досына балап өткен



 

Ұлы өлең Мұқан жазған «Елім барда».

 

Кітапханашы:

 

Әділдіктен айырмай еш бақытын,

 

Тірісінде жырлаған бар жақұтын.



 

Халқын, тілін, қастерлеген Отаным,

 

Өлең аты аталар «Үш бақытым».



 

Кітапханашы:

 

Осынау қарапайым қара өлеңде қаншама ой жатыр десеңші.

 

«Сені  маған  егіз  ғып  жаратқан  ба?»  деп  жырлаған  ақын  өзін  өлеңнен  бөліп 



қарамайды. Қазақтың қара өлеңін құдіретті күшке теңейді.

 

«Қара өлеңі» оқылады.



 

Кітапханашы:

 

Тау менің несібеме, тиіпті ерік.

 

Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.



 

Ақсақалдар «Тау бол!» дейтін маған,

 

Таудай  болғым  келеді,  биік  керек, 



деп  жырлаған  Мұқағали  ақын  өзін  «мен 

таулықпын» дейді.

 

«Мен таулықпын» өлеңін оқылады.



 

Кітапханашы:

 

М.  Мақатаевтың  сөзіне  жазылған  өлеңдерін  осы  кітапханалық  іс



-

шараларда орындап жүреміз. Мұқағали соғыс жылдарында интернатта оқыған екен.

 

Кітапханашы:

 

Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап 



аққан суына,  самал желіне,  мақпал түніне бала кезден

-

ақ  ғашық  болып өссе керек. Алған 



әсерлерін өлеңіне де өре білген.

 

Кітапханашы:



 

Желек жапқан көктемі мен жазғын

-

ай,


 

Қатар жүрген үйрегі мен қазын

-

ай.


 

Туған жерге арналған бұл өлеңі

 

Аталады «Қайран Қарасазым



-

ай».


 

Кітапханашы:

 

Әуелі әнді тыңда, ән өлмейді,

 

Әнсіз тамұқ, кең болсын әлем, мейлі.



 

Әлемді кезіп жүрген махаббат бар,

 

Ән соны әрқашан да әлдилейді,



деп ақын жырлағандай, «Қарасаздың шыбығын жел 

тербеген», «Сәби болғым келеді» әндерін тындайық.

 

Кітапханашы:

 

«Шын  поэзия  жасырынып  тұрған  дүние  сұлулығының  шымылдығын 



сыпырып тастайды», 

деген екен Шелии. Ал, Мұқағали өз күнделігінде: «Мен бір нәрсеге –



 

поэзияның  тіршілікпен  бірге,  яғни  адаммен,  табиғатпен  бірге  өлетініне  кәміл  сенемін. 

Адамзат  жаны  қатігез  тартса,  тарта  берсін.  Қайтсе  де,  бір  парасатты  адам  қалады.  Ол

  - 


ақын.  Ақырғы  сөз  соныкі», 

деп  өзінің  поэзияға  деген  сүйіспеншілігін  жеткізеді.  Ендеше, 



Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.

 

«Поэзия»  өлеңі оқылады.



 

Кітапханашы:

 

Ақынның әлемдік поэзияның алтын қорына именбей қосуға тұрарлық 



баға  алған  ғажайып  туындыларының  бірі  де,  бірегейі  де  «Өмір  сүрейік  алмасып»  деп 

аталатын өлеңі. Тебіреніске толы ақын жаны табиғат сырының бір бөлшегіне айналғандай. 

Ақиық  ақын  өзінің  жаны  табиғаттың  тамаша  көркі  жас  қайың  жанымен  ұштастырады. 

Мұқағали  ақын  басқаша,  жаңаша  өмір  сүруді  аңсайды.  Ол  өзіңін  айтпақ  ойларын 

табиғатпен тілдесе отырып жеткізеді. Олай болса, туындыны бірге тыңдап көрейік.

 

«Жапырақ жүрек жас қайың» әні орындалады.



 

Кітапханашы:

 

1948 жылы ауылдағы орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы ҚазҰУ



-

нің филология факультетіне оқуға түседі. Тұрмыс қаражат қиыншылықтарына байланысты 

2-

курстан  әрі  қарай  оқуын  жалғастыра  алмай  ауылға  оралып,  ауылдық  кеңестің  хатшысы 



болып қызмет етеді.

 

Кітапханашы: Бірде, аудан орталығы Нарынқолға комсомол билетін алуға Мұқағали 

қасында Әбдіке деген досымен келе жатқанда, бозжорға атпен келе жатқан бір бойжеткен 

қызға кездеседі. Мұқағали түбінде осы қызға үйленемін деп ант етеді. Кейін ауылда мұғалім 

болып  жүрген  әлгі  қызға

 

кездесіп  қоғамдық  жұмыстарда  көбіне  бірге  болып  жүреді.  Әлгі 



Ләсима атты қыз Баян болып, Мұқағали Қозы болып спектакльде ойнайды.

 

Кітапханашы:



 

Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,

 

Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.



 

Рахатта іші

-

сырты ауылдың,



 

Қуантсаңшы сен де, сәулм, кеп мені, 

деп сағынышты жыр арнаған сүйіктісіне ақын 



1949 жылы қосылып, жеке шаңырақ көтерді. Ол кезде Мұқағали 18, ал сүйген жары Лашын 

21 жаста болған екен.

 

Кітапханашы:

 

Жастықтың шаттығымен қуған арман,

 

Сұлуын сағынатын суға барған.



 

Тербеліп, тебіреніп, ән тындайық

 

Ендеше әннің аты: «Құмған алған».



 

Кітапханашы:

 

Мұқағали өлеңдері лирикаға толы. Жалпы ақынның 50 шақты өлеңіне 



ән  жазылған.  Оның  өлеңдерін  оқи  отырып,  ауылынызға,  балалық  бал  дәуренінізге  еріксіз 

ой жүгіртесіз, сағынасыз. Ендеше, сағыныш сазына бөленейік.

 

«Дариға, домбырамды берші маған» әні орындалады.



 

Кітапханашы:

 

Келші бермен, ақ халатты періштем,



 

Уың бар ма, суың бар ма мен ішкен?

 

Жетім құстай жер бауырлап жатырмын.



 

Жебе мені, ақ қанатты періштем.

 

Кітапханашы:

 

Мұқағали  көп  ауырды,  оның  ауруханада  жатып  жазған  өлеңдері  өз 



алдына бір төбе. Бұл ақынның қысқа ғұмырының соңында найзағайдай ойнатқан жан азабы 

еді  ғой.  Мұқағали  жырлағанда  жанын  қинаған  дертімен  қоса  бір  қиналыс,  ауыр  жылдар 

белгісі қалды.

 

«Жоқ, дәрігер» өлеңі оқылады.



 

Кітапханашы:

 

Алматыға  қоныс  аударғаннан  кейінгі  жерде  Жазушылар  Одағына 



«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында қызмет атқара жүріп, көзінің тірісінде 8 

жыр  жинағын  шығарады.  Оның  соңғысы  1976  жылы  жарық  көрген  «Өмірдастан»  атты 

кітабы.

 

Кітапханашы:



 

Осы кітабын өзі көріп қуанып, сол жылы 27 наурызда бар болғаны 45 

жасында  дүниеден  өтті.  30

-

дан  асып  барамын, 



деп  орда  бұзған  ақын,  қырқында  қамал 

алған еді. Өмірінің соңында 10

-

15 жылында өндіріп, сапалы да жоспарлы жазды.



 

Кітапханашы:

 

Табиғат  ананың  мейірімін,  берекесі  мен  мерекесін  сезім  суреттері 



арқылы  барынша  көзге  елестетіп,  көңілге  қондыруға  тырысқан  ақын  «Есіңе  мені 

алғайсың»өлеңінде «өмір туралы ойлан, қарауға ниет етші» деген ұсыныстарын алдымызға 

көлденең тартқан сияқты. Ендеше, осы әнді бәріміз бірге қосылып шырқайық.

 

«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

 

Кітапханашы: Өмір дегенге,

 

Тірлікте сірә, жетер ме ой?



 

Жарық сәуледен, басқаның бәрі бекер ғой.

 

Бекер ғой бәрі,



 

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,

 

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой! –



 

деп жырлаған Мұқағали Мақатаев.

 

Кітапханашы:

 

Көзінің  тірісінде  Мұқағали  өзінің  туындыларына  сенді.  Оған  дәлел, 



Мұқағалидың еңбектегі, өлеңдегі қазақ халқының ғана емес әлем халқының жүрегінен орын 

ала бастауы. Өзі туып

-

өскен Хантәңірі шыңындай тау тұлғаға айналуы. 



 

Кітапханашы:  «Өлмес  өнері  –

 

өлеңімен  жалпақ  елінің  жүрегіне  жол  тауып,  бүкіл 



халықтың  сүйіспеншілігіне  бөленген  ұлы  перзенттің  ұрпаққа  ұран  болған  жырларын  елі 

ешқашан есінен шығармасы шындық» деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

 

 

 



Викторина

 

 

1. 

Ақынның қайтыс болған қызының атын ата. (Майгүл)

 

2. 

Мұқағалидың  өлең  жинақтарын  ата.  («Қарлығашым,  келдің  бе»,  «Дариға  жүрек», 

«Өмір дастаны» т.б. өлең жинақтары шыққан.)

 

3. 

Қайсы ақынның «құдіретті комедиясын( аударды? (Дантенің)

 

4. 

Қайсы ақынның сонеттерін қазақша сөйлетті? (В. Шекспирдің)

 

5. 

«Қош махаббат» пьесасының авторы кім? (М.Мақатаев)

 

6. 

Ақынның туған жері туралы не білеміз?

 

7.  «Мұқағалидай  ақыны  болған  халық  бақытты  халық».  Бұл  кімнің  сөзі?  (Фариза 



Оңғарсынова)

 

8. 

Қандай бата тілек білесіңдер?

 

9. 

Туған жер сағындырды, келді есіме,

 

Өзім келіп енді оны көрмесембе.



 

Тағыдай тауда өскен тарлан едім,

 

Таңылдым емхананың бөлмесіне,



 

Кім кепілдік береді өлмесіме.

 

-

Бұл өлең қанша тармақтан тұрады? (5)



 

10. 

Жоқ күндерім бар күндермен өтеліп,

 

Баршылыққа, таршылыққа ет өліп.



 

Күйігім мен қуанышым қолдасып,

 

Келе жатыр мені иыққа көтеріп.



 

-

Бұл өлең



 

қандай өлең ұйқасы? (Қара өлең ұйқасы)

 

11. 

Қысқа жіп келмей күрмеуге,

 

Қысқа жіп келмей байлауға.



 

Қысылып жүрген құр кеуде,

 

Қыжылдап босқа қайнауда.



 

-

Қандай дыбыс қайталауға жатады.



 

(Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау. Ассонанс)

 

 

 



Менің Мұқағалиым

 

(Әдеби


-

музыкалық кеш)

 

Кітапханашы: Қайырлы күн, қадірменді «Көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер 

қауым!


 

Сырым да –

 

осы,



 

Жырым да –

 

осы,


 

Алдыңда.


 

Байқашы бір

 

Бықсыдым


 

ба, жандым ба?

 

Махаңдар жоқ,



 

Махандардың сарқыты –

 

Мұқағали  Мақатаев  бар  мұнда, 



деп  бір  күндік  сәуледей  ағып  өткен  қысқа 

ғұмырында  қазақтың  ұлы  ақыны  М.  Мақатаев  ұрпақтарға  ұлан

-

ғайыр  мұра  қалдырып 



кеткені  баршамызға  мәлім.  Дара  дарын,  айтулы  ақын,  халқының  қара  өлеңін

 

құдіретке 



айналдырған  М.  Мақатаевтың  шығармашылығына  арналған  «Менің  Мұқағалиым» 

тақырыбында өтетін кешімізде біз сіздермен бас қосып отырмыз. 

 

Кітапханашы: Жыл керуені ала жылжыған сайын М. Мақатаевтың артына қалдырған 



өшпес  мұрасы  жарық  жұлдыздың  қараңғы  түн  қойнауынан  құпия  сәулесін  шашқандай 

жарқырай,  өркендей  түсіп,  айшықтала  түсуде.  Ол  өмірде  көп  қиыншылық  көрді, 

жалғыздықтан  жапа  шекті,  төңірегіндегіндегілердің  түсінбеушілігінен  қажыды,  өмірінің 

рахаты  аз  болды.  Бірақ  шындап  ұққан  ақын  –

 

Мұқағали  өмірдің  шын  рақатын  мейлінше 



сезініп  кеткен  аса  бақытты  адам.  Өйткені  ол  –

 

бізге  көрінбейтін  сиқыр  бояулардан,  бізге 



естілмейтін құпия дыбыстардан тоят ала білген жұмбақ ақын.

 

Кітапханашы: Өмір дегенге



 

Тірлікте сірә, жетер ме ой!

 

Жарық сәуледен



 

Басқаның бәрі

 

бекер ғой.



 

Бекер ғой бәрі,

 

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,



 

Өмір дегенің бір күндік сәуле екн ғой!

 

Қазақта  «өлі  разы  болмай,  тірі  байымас»  деген  жақсы  мақал  бар.  М.  Мақатаевтың 



өлеңдері  өзінің  көзі  тірісінде  түгелмен  жарық  көрген  жоқ.  Оған  кезінде  әміршілік

-

әкімшілік 



саясат кедергі болды. Бүгінде ақын ағамыздың өлеңдері егемен еліміздің еркін аспанында, 

азат  даласында  қыран  құстай  самғап  жүр.  Оған  ақынның  соңғы  жылдары  жарық  көрген 

өлеңдер жинағы, ол туралы естелік кітаптары куә.

 

Кітапханашы:  М.  Мақатаев  қазақтың  ұлы  ақыны  және  ХХ  ғасырдың  ақыны  деп 



танылды.  70  жылдық  мерейтойында  «Атамекен»  кітабына  Қазақстан  Республикалық 

Мемлекеттік сыйлығы берілді.

 

Ақынның  көптеген  шығармаларына  қазақтың  атақты  композиторлары  ән  шығарды. 



Алматы қаласының орталық көшелерінің бірі М. Мақатаевтың атымен аталады.

 

Ұлы  ақынның  өлең  шығармалары  ұрпақтан



-

ұрпаққа  жалғаса  бермек.  Қазақ 

поэзиясынның көгінен орын алған заман жаршысы мұзбалақ ақынның өзі өмірден өтсе де 

өлеңдері өлген жоқ.

 

Кітапханашы: Позия!



 

Менімен егіз бе едің?

 

Сені мен


 

сезесің бе, неге іздедім?

 

Алауыратқан таңдардан сені іздедім,



 

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 

Саф  алмастай  поэзиясын  бір  елдің  мұрасындай  етіп  қалдыра  білген  ақынның 



өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы 

әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

 

1 бөлім: «Поэзия –



 

жүрек тілі» (өлеңдерін оқу).

 

Кітапханашы: Ән сал жаным!



 

Әніңмен тербет мені.

 

Бір сәт тынсын, тірлік жер



-

көктегі.


 

Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтады.

 


Мұқағалидың  сөзіне  жазылған  әндер  бүгінгі  таңда  барша  жұрттың  жүрегінен    берік 

орын алып, қуанышымен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.

 

2 бөлім: «Ән сал, жаным» (әндерін орындау).



 

бөлім: Мұқағалидың өмірінен викториналық сұрақтар.



 

1.

М.  Мақатаев  қай  жерде,  қай  жылы  дүниеге  келді?  (М.  М.  1931  жылы  Алматы 



облысы, Нарынкөл ауданы, Қарасаз аулында дүниеге келген)

 

 



2.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? (Мұхаметқали)

 

 



3.Мұқағалидың  неше  баласы  бар?  (баласы  алтау,  қазір  төртеу.  Ұлдары  Жұлдыз, 

Айбар, қыздары –

 

Алмагүл, Шолпан)



 

 

5.Лашынның шын аты кім? (Ласима)



 

 

6.Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? (Ф. Оңғарсыноваға)



 

 

7. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңде жазған? (Менің анкетам)



 

 

8.Ақынның анасының аты кім? (Нағиман)



 

 

9.Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тартты? (Сергей Есенин)



 

10.Мұқағали ағамыздың өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім? (Нұрғиса Тілендиев. 

«Сарыжайлау», «Дариға домбырамды берші маған» т.б.)

 

11.Мұқағалидың әкесінің аты кім? (Сүлеймен)



 

Кітапханашы: Менің қасымда болсаңшы кешірімді

 

Сабыр етші, тауысайын несібімді,



 

Басталмаған ісім көп, аялдашы

 

Қақпашы тым ертерек есігімді.



 

1976  жылы  26

-

наурызда.  Бұл  күн  қазақ  поэзиясының  басына  қара  бұлт  үйірілген, 



орны  толмас  өкініш  пен  қайғы  толы  қаралы  күн  болды.  Бұл  күн  «ажал»  аты  келместің 

кемесі өз «Барсакелмесіне» өр тұлғалы, ғаламат ақынымызды мәңгілікке алып кетті.

 

Кітапханашы: Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған 



ғажайып  сырлы  өлеңдерімен  кең  байтақ  қазақ  даласының  әр  түкпірінен  өзінің 

оқырмандарын  тапқан  Мұқағали  өлеңдері  ешқашан  өлмейді.  Ақынның  сөзі  өлмесе,  өзі  де 

өлмегені.

 

Кітапханашы:  Міне,  тағдыр  таразысының  тарлан  талантқа  өлшем  емес  екеніне  көз 



жеткіздік.

 

«Тіршілігінде шекпен кимей, шен алмай,



 

Еңбегінің қызығында көре алмай.

 

От болып жанып,



 

өтіп кеткен ақынға

 

Мәңгілік  қып  өмір  берген  өлең



-

ай»,


деп  Айтақын  жырлағандай  өлең  өлмейді. 

Ендеше оны жазған ақын

 

да өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп



-

көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек. Осымен әдеби

-

сазды кешіміз аяқталды.



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет