Святынин алексей



жүктеу 492.62 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі492.62 Kb.

                               

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                          



 

 

1. 



БАҚТЫГЕРЕЕВА АҚҰШТАП

 

2. 

ИПМАГАМБЕТОВ ӘНУАР

 

3. 

СВЯТЫНИН АЛЕКСЕЙ

 

4. 

ТАУБАЕВА АКМАРЖАН

 

5. 



ШҰҒАЕВ ИСЛАМ

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚТЫГЕРЕЕВА АҚҰШТАП 

(1944) 


 

 

 Ақұштап  Бақтыгереева   1944  жылы,  23  тамызда  Ақжайық 



ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі  (1969).  Орал  қаласындағы  С.Сейфуллин  атындағы  11  -  орта 

мектепті   бітірген  (1961).  1961-66  жылдары  Қазақтың  қыздар 

пединституттың  филология  факультетінде  оқыды.  Еңбек  жолын  «Орал 

ӛңірі» облыстық газетінде бастаған.  «Жұлдыз  » журналы (1970),  «Қазақ 

әдебиеті»  газеті  (1967)  редакцияларында,  «Жазушы»  баспасында  (1978) 

қызмет  атқарды.  «Ӛрімтал»  деген  алғашқы  ӛлеңдер  жинағы  1967  жылдары  жарық  кӛрді. 

Кейіннен «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), (Сені ойлаймын) (1973), «Ақ қанат » 

(1975),  «Бақыт  әні»  (1978),  «Жайық  қызы»,  «Белокрылая»  (1981),  «Ақ  желең»  (1985), 

«Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001) атты кітаптары басылып шықты. ақын ӛлеңдері орыс 

тіліндегі  «Песня.МЕчта.Любовь»,  «Чудесный  сад»  (1980)  топтамаларына  енді. 

«Советская женщина», «Огонек» журналдарының жүлдесін алған (1980) . ТМД елдері 

ақындарының  (Зүлфия,  Кузовлева,  Н.  Басиков,  С.Капутикин  және  т.б  )  ӛлең  -  жырларын 

қазақ тіліне аударған. 

Халқы еркелетіп Ақшағала атап кеткен Ақұштап Бақтыгереева, дүниежүзіне белгілі 

әрі  жергілікті  қаламдастарының  шығармашылығын  насихаттауға  да  ат  салысуда.  Ол 

«Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының белсенді құрылтайшыларының бірі. 

Ақын еңбегіне «Құрмет» орденімен ілтипат кӛрсетілді. Халықаралық «Алаш» әдеби 

сыйлығының иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». 

 

Әдебиеттер: 

Бақтыгереева  Ақұштап:  ӛмірдерек  //  Ақжайықтың  асыл  арулары:  энциклопедия.-Алматы, 

2013.-22-23 б. 

Бақтыгереева  Ақұштап:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы, 

2010.-172 б. 

Бақтыгереева Ақұштап: ӛмірдерек //Жайықтың мӛлдір сырлары.-Орал,2005.-9-20 б. 

Бақтыгереева  Ақұштап:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 

С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-86 б. 

 

***** 

Бақтыгереева А. Ақ айдын: ӛлеңдермен баладалар.- Алматы,2011.-144 б. 

Бақтыгереева А. Ақжелең: жыр жинағы.-Алматы,1985.-112 б. 

Бақтыгереева А.   Ақ қанат: ӛлеңдер.-Алматы,1975.- 64 б. 

Бақтыгереева А. Ақ шағала: ӛлеңдер.-Алматы,2001.- 424 б 

Бақтыгереева А. Бақыт әні: ӛлеңдер.-Алматы, 1978.-76 б. 

Бақтыгереева  А.  Гүлдесте:  ақын  шығармашылығы  жайлы  ой-  пікірлер,  сұхбаттар, 

арнаулар.-Орал,2009.-368 б. 

Бақтыгереева А. Жайық қызы: ӛлеңдер.-Алматы,1980.-286 б. 

Бақтыгереева А. Қуанышым, іңкәрім.-Алматы, 1971.-86 б. 

Бақтыгереева А. Сені ойлаймын:ӛлеңдер.-Алматы,1973.-85 б. 

Бақтыгереева А. Сүмбіле: ӛлеңдер.-Алматы,1990.-119 б. 

Бақтыгереева А. Әйел жайлы: ӛлең // Қазақ әдебиеті.- 2012.- 9 наурыз.-8 б. 

Бақтыгереева  А.  Жайыққа  жаутаң-жаутаң  қарадым  мен..:  ӛлеңдер//  Орал  ӛңірі.-2011.-  12 

мамыр.-11 б. 

Бақтыгереева А. Жайыққа сәлем де сен: ӛлең // Алматы ақшамы.- 2002.-16 мамыр. 

Бақтыгереева  А.  Жайықтың  ерке  Ботасы  ең..:  [Ботакӛз  Баймұқанқызы  туралы]  //  Орал 

ӛңірі.-2007.-11 желтоқсан.-4 б. 

Бақтыгереева А. Жапырақсыз  мұңаяды ақ қайың...: ӛлеңдер // Қазақ әдебиеті.-2009.- 18  

қыркүйек.- 8 б. 


Бақтыгереева А. "Ӛзіңе қайта оралған шағалаңмын": ӛлең// Орал ӛңірі.- 2009.-17 қыркүйек.-

11 б. 


Бақтыгереева А.  Ӛтеді-ау қай кезде де арманды қыз:ӛлендер // Жайық арулары.- 2004.-26 

тамыз. 


 

ИПМАГАМБЕТОВ  ӘНУАР 

                                                            (1912-1996) 

 

 

Жазушы,  аудармашы  Ипмағамбетов  Әнуар  Нұрғалиұлы  1912 



жылы  18  маусымда  Теректі  ауданы,  Тельман  ауылында  дүниеге  келген. 

Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан.  Әкесі  Нұрғали  Алаш  қозғалысының 

қайраткері,  патша  армиясының  полковнигі  болғандықтан  жас  кезінде 

қуғындалып,  Мәскеу  гидрометеорологиялық  институтының  3  курсында 

оқудан  шығарылған.  1956  жылы  М.  Горький  атындағы  Әдебиет 

институтын (Мәскеу) бітірген.  

1932-41 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде 

әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Қазақ радиосында бас редактор болған.  

 

1945-54  жылдары  «Қазақфильм»  киностудиясында,  Қазақ  мемлекеттік  кӛркем 



әдебиет баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. 

 

1962-72  жылдары  Целиноград  (қаз.  Ақмола)  облыстық  газетінің  редакторы  болды. 



Батыс Қазақстан облысындағы 1917-25 жылдардағы тарихи уақиғалар кезеңін суреттейтін 

«Жайықтың  сол  жақ  бетінде»  (1973)  атты  кітабы  жарық  кӛрді.  Н.  В.  Гогольдің  «Ӛлі 

жандар»  поэмасы  мен  «Ескілікті  помещиктер»,  Т.  Мерименің  «Кармен»  повестерін,  Э. 

Казакевичтің «Одердегі кӛктем» романын, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. 

 

Қызыл  Жұлдыз,  «Құрмет  Белгісі»  ордендерімен  және  бірнеше  медальмен 



марапатталды. 

Әдебиеттер: 

Ипмағамбетов Әнуар: ӛмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.-

306 б. 

Ипмагамбетов  Әнуар:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-188 б. 

Аға туралы сыр: аудармашы Әнуар Ипмағамбетов 80 жаста // Қазақ әдебиеті.-1992.-№29.-

13 б. 

 

 СВЯТЫНИН АЛЕКСЕЙ 

(1932-2011) 



 

      


Алексей  Михайлович  Святынин  1932  жылы  Теректі  ауданында 

туған. Кӛп жылдар бойы "Зенит" машина жасау зауытында еңбек етті. 

Ӛзінің  алғашқы  туындылары  журнал  беттерінде  жарық  кӛріп 

баспаханалардан кітаптары шыға бастаса да, ол ӛз еңбек ұжымынан қол 

үзген жоқ. 

      


1979  жылы  оның  ірі  шығармасы  "Завод"  атты  романы  жарық 

кӛрді.  Бұл  кітап  ӛзімен  бірге  қызмет  етіп  жүрген  жолдастары  мен 

әріптестеріне 

арналған, 

олардың 

ӛміріндегі 

мәселелерімен 

қиыншылықтары, қуаныштары бейнеленген шығарма болды. 

      

A.M.  Святыниннің  алғашқы  әңгімелері  Жайық  ӛңірінің  жас  прозаиктері  мен 



ақындарының  "За  днем  грядущим"  атты  жинағында,  "Простор"  журналы  мен 

республикалық басылымдарда жарық кӛрді. 

      

Алексей  Святынин  1986  жылдан  Қазақстан  Республикасының  Жазушылар 



Одағының мүшесі. Оның "Пробивной камень" (1984), "Лично ответственен" атты еңбектері 

жарық  кӛрген.  «Простор»  журналында  1990  жылы  «Перекати  поле»,  1994  жылы  «Три 



барака» атты повестері жарияланды. Сондай-ақ 2001 жылы «Святая простата», 2007 жылы 

«Эх, люди, люди...», 2009 жылы Казачьи затесы через смех м слезы» кітаптары шықты. 



 

Әдебиеттер: 

Святынин  Алексей:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,  2002.-

464 б. 

Святынин  Алексей:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-351 б. 

 

***** 

Святынин А. «Литература объединяет» // Приуралье.-2008.-19 июня 

Святынин А. Казачьи затесы через смех и слезы.-Уральск: Агартушы,2009.-348с. 

-(Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы) 

Святынин А. Пробный камень: повесть и рассказы.-Алма-Ата: Жазушы, 1984.- 160 с. 

Святынин А.Святая простота: повести и рассказы.-Алматы: Ӛлке, 2001.- 336с. – 

(Батыс Қазақстан қаламгерлері) 

Святынин А. Эх,люди,люди..: Шелковая грива коня.Роман : Три барака.Повесть.- Уральск: 

Полиграфсервис, 2007.- 400 с. 

 

 



ТАУБАЕВА АҚМАРЖАН 

(1958) 


 

Ақмаржан  Таубаева  -  ақын,  журналист.  1958  жылы  туған.  2001 

жылы  «Жайықтың  ақ  самалы»  тұңғыш  жыр  жинағы  жарық  кӛрді.  «Нұр 

апасы  Жайықтың»,  «Асыл  арқау»,  «Ұстаздар  әлемі»  жинақтары  шыққан. 

Ӛлеңдері  «Қазақстан  әдебиеті  -  2000»  байқауы  қорытындысы  бойынша 

«Күміс күйме» жинағына кіргізілген.  

1983  жылдан  ҚР  Журналистер  Одағының  мүшесі,  «Жайық  ұстазы» 

газетінің бас редакторы.  

1958 ж.17 қараша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық 

аулында  дүниеге келген.  

1976-1979  жылы  Орал  педагогикалық  училищесінде  оқыған.  1979-81  жылдары 

Қандық негізгі  орта мектебінде бастауыш  класс мұғалімі.  

1985 жылы Орал пединститутын бітірген. 1981-1990 жылдары  Ақжайық аудандық, 

облыстық  "Орал ӛңірі" газеттерінің қызметкері.  

1990-94 жылдары  Алматы қаласындағы   Жоғары партия  мектебінің  тыңдаушысы. 

Қазақстан Жастар Одағында баспасӛз хатшысы. 1994-1996 жж. Алматы қаласы  Бостандық 

аудандық "Қазақ тілі" қоғамының жауапты хатшысы.  

1994-1996, 1998-2001 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің қазақ тілі 

мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. 2002 жылдан  "Жайық ұстазы" газетінің  бас редакторы. 

1998 жылы "Нұр - апасы Жайықтың", 2001 жылы "Жайықтың ақ самалы" кітаптары жарық 

кӛрді. 

2001  жылы  "Сорос-Қазақстан"қоры  ұйымдастырған  "Қазақстан  әдебиеті  -  2000" 



байқауының қорытындысы бойынша  шығарылған "Күміс күйме" жинағына енді.   

2004 жылы облыстық "Үздік аудармашы"  байқауының бас жүлдегері, Халықаралық 

әйелдер форумына қатысушы.  

2005 жылы "Қанатты  әйел - 2" республикалық идеялар мен тауарлар  жәрмеңкесіне 

"Жайықтың мӛлдір сырлары" жинағын құрастырып апарды.  

2008 жылы "Ұстаздар әлемі" сұхбаттар мен очерктер жинағы. 

 

 


Әдебиеттер: 

Таубаева Ақмаржан: ӛмірдерек, ӛлеңдер //Жайықтың мӛлдір сырлары.-Орал,2005.-42-47 б. 



***** 

Таубаева А. Жайықтың ақ самалы: ӛлеңдер.-Алматы: Жас қазақ, 2001.-112 б. 

Таубаева А. «Нұр-апасы Жайықтың.-Орал: Дастан,1998.-72 б. 

Таубаева А. Ұстаздар әлемі.-Орал: Полиграфсервис, 2008.-118 б. 

 

 

ШҰҒАЕВ ИСЛАМ 



(1932-2001) 

 

Ақын  Исламғали  Шұғаев  1932  жылы  10  қарашада  Теректі 

ауданында  дүниеге  келген.  1954-56  жылдары  Сырым  (бұрынғы 

Жымпиты)  ауданындағы  халық  театрында  әнші,  актер,  Алматы 

республикалық  жасӛспірімдер  театрында,  қуыршақ  театрында  актер, 

Қазақ радиосы  «Кірпі» сатиралық  журналының бас редакторы болды. 

1967  жылы  ҚазМУ-дің  журналистика  факультетін  бітірген.  Оның 

сатиралық  ӛлеңдері  1950  жылдан  жариялана  бастады.  Исламғали 

Шұғаевтың  «Жаңылтпаштар»,  «Самал»,  «Тұлпар»,  «Найза»,  «Қисық 

айна», «Естімеген елде кӛп», т.б. жинақтары жарық кӛрді. 

Ф.  Кривиннің,  Мирзо  Тұрсынзаденің,  Роберт  Бернстің,  Зәки  Нуридің,  т.б.  ақын-

жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. 

 

Әдебиеттер: 

Шұғаев  Исламғали:  ӛмірдерек  //  Батыс  Қазақстан  облысы:  энциклопедия.-Алматы,  2010.-

534 б. 

Шұғайыпұлы  Ислам:  ӛмірдерек  //  Қазақстан  жазушылары:  анықтамалық  /  Құраст.: 



С.Қамшегер, Қ.Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.-435 б. 

 

***** 

Шұғайыпұлы И. Арудай әсем мамырым! ӛлең // Отан сақшысы.- 2000.-29 сәуір. 

Шұғайыпұлы И. Айналайын қазағым: терме // Отан сақшысы.- 1995.-16 желтоқсан. 

Шұғайыпұлы И. Алыпсатар: фельетон // Заң газеті.-1999.- 24 ақпан. 

Шұғайыпұлы И. Болар ма еді? фельетон // Отан сақшысы.- 2000.-1 сәуір. 

Шұғайыпұлы И. Мысқылдар мен сықақтар // Атамекен.- 1997. -29 қаңтар. 

Шұғайыпұлы И. «Нағыз бұзақылар»: Немировичтен // Заң газеті.-1998.-29 шілде. 

Шұғайыпұлы И. Пайғамбарым: ӛлеңдер // Жұлдыз.-1996.- №12.-38-43 б. 

Шұғайыпұлы И. Тәуелсіздік шуағы: ӛлең // Заң газеті.-2000. –13 желтоқсан. 



 



Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет