Нурланұлы Нұрдастан



Pdf көрінісі
Дата16.10.2023
өлшемі51,24 Kb.
#116469


Дене жаттығуларының 
техникасы
орындаған:Нурланұлы Нұрдастан


Дене тəрбиесі жаттығуларының техникасы
Кез келген жаттығудың екі түрлі техникасын, тəсілін дұрыс немесе тəсілсіз, қате 
орындауға болады. Жаттығудың тəсіл техникасы дегеніміз не? Қимыл-əрекетті 
тиімді жолмен орындау - жаттығудың тəсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік 
дегеніміз – жаттығудың ағзаға ұтымды əсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет 
топтарын жаттықтыру) жəне əрекеттің нəтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп 
ұзындыққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс орындау кезінде барынша 
алысқа секіру).
Жаттығуды орындау техникасы əрқашан да дамып отырады. Ескі тəсілдер орнына 
жаңа, тиімді тəсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс 
жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену əдістемесінің 
кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол 
жеткізеді. Спорт дайындығының деңгейіне қойылатын өскелең талап, жаңа 
жетілдірілген спорт құрал-жабдықтарының пайда болуы, ескі тəсілдің 
орындалуының өзгеруі, жаңа жетілген жаттығу техникаларының пайда болуы. 
Мысалы, жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын алсақ, ерте кезде аяқты кезекпен 
қайшылап секірсе, келе-келе қырымен келіп аунап секіру, ал қазіргі кезде арқаны бере 
аунап секіру техникалары өмірге келді. Əрбір техника түрі ауысқан сайын биіктік 
кергісі де, əлемдік рекордтар да жоғарылай береді.


Дене жаттығулары техникасы - бұл қозғалыстарды орындау тəсілдері,
олардың көмегімен қимыл-қозғалыстық міндеттер
шешіледі. Дене жаттығуларының техникасы дегеніміз ізденістің, ғылыми 
анализдің жəне спортшының қимылды орындау əдісін практика жүзінде 
тексеруден өткен нақтылы нəтижелері. Техника деген түсінік 
педагогикалық немесе биомеханикалық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті. 
Педагогикалық тұрғыдан дене жаттығуларының техникасы деп қимыл 
қозғалысты орындаудың ең тиімді əдісін айтады. Тиімділік адам 
организміне ең қолайлы əсерінен (мысалы,
тұлғаны дамытуға, шынықтыруға қажет бұлшық ет топтарына əсер 
ету) жəне қимылдың нəтижесінен (мысалы, карғу қашықтығымен) кӛрінеді. 
Бірдей қимылдарды əртүрлі əдіспен де орындауға болады, бірақ оның ең 
қолайлысын ғана орындау техникасы деп атайды. Мысалы, əртүрліəдіспен 
жүзуге болады (кроль, брасс т.б.) бірақ кейбіреулер классикалық əдісті 
игермей-ақ жүзе алады.


Бұл жағдайда біз «жүзу техникасын игермеген» дейміз. Стандартты 
техника дегеніміз – шынығушылардың ең қолайлы негізде керекті 
кимылды орындауын көрсететін техника. Стандартты техника 
қимыл негізін көп өзгерістерге ұшыратпайды жəне орындалатын 
жаттығулардың кейбір злементтерін орындауда ауытқу 
мүмкіншіліктерін жоққа шығармайды. Техниканың жекелілігі екі 
бағытта жүзеге асырылады: жалпы адам тұлғасының жəне
адамдардың жеке тобының дене дайындығына байланысты 
стандартты техника деңгейінде өзгеру енгізетін кездегі типтік 
жекелілік жолымен немесе адамның жеке ерекшеліктерін ескеретін 
дербес жекелілік жолымен жүзеге асырылады. Дене жаттығулары 
техникасы өзгеріп, жетіліп отырады. Жоғары нəтижелерге жетуге 
ұмтылу, дене тəрбиесімен айналысушылардың дене əзірлігін 
жақсарту, қозғалыстың биохимиялық заңдылықтарын ашу, неғұрлым 
жетілдірілген спорт жабдықтарын қолдану техниканы жетілдіруге, 
жаттығулардың жаңа формаларын жасауға əкеледі


Дене жаттығуларын орындау (техникасы) əдістерінің тиімділігін бағалау 
критерийі сыртқы форма (конькимен мəнерлеп сырғанау) сандық нəтиже 
(секіру, жүгіру т. б.) немесе қимыл-қозғалыстық міндеттерді орындау 
(нысанаға тигізу) болып табылады. Дене жаттығулары техникасында 
буындар мен бөлшектерді анықтайтын негізді бөлек алып қарайды. 
Техника негізі - бұл қимыл-қозғалыстық міндеттерді шешу үшін қажетті 
жаттығудың басты элементтері. Техника негіздерінің белгілі бір 
элементтері болмаған кезде жаттығу орындалмайды немесе бұзылып
орындалады. Техниканың анықтауыш буыны - бұл белгілі бір қозғалыс 
техникасы негізінің мейлінше, маңызды жəне шешуші бӛлігі. Мысалы, 
жүгіріп келіп биіктікке секіру үшін техниканың анықтауыш буыны - екінші 
аяқтың алға қарай жоғары кӛтерілуімен жалғасып жататын бір аяқпен 
серпіле секіру, ал алысқа лақтыру үшін лақтыруға жұмсалатын соңғы күш 
болады. Жаттығуларда анықтауыш буынды орындау, əдетте, 
салыстырмалы түрде қысқа мерзімде өтеді жəне бұлшық еттің кӛп күш 
жұмсауын талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет