О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы


«Бауырларыңа қарсы шайтанға



Pdf көрінісі
бет29/37
Дата20.07.2023
өлшемі4,58 Mb.
#104576
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
«Бауырларыңа қарсы шайтанға 
жәрдемші болмасаңдаршы»,
– деп айтты», – деген. 
Қоғамдағы ара қатынас сақталып, жақсылық пен 
ізгілік үзілмей, бір-бірімізді жақсы көріп, бірігіп қоғам 
құрып, құлшылықтарымызда, іс-әрекеттерімізде бір 
қарыс болса да бірімізден біріміз алшақтамай бір 
сапта күн кешу үшін, кешірімді болуға мұқтажбыз. 
Расында, ғафу ету, кеңшілік таныту сияқты рухани 
құндылықтарды үйреніп, оны үйретуге, қоғамға оны 
дұрыс ұғым ретінде жеткізе білуіміз қажет. Аталмыш 
рухани құндылықтардың жеке тұлғаға да, қоғамға да 
берер оң нәтижесін түсіндіргеніміз жөн. 
Біз бұл өмірде жалғыз өмір сүріп жатқан жоқпыз. 
Мен қоғаммен, қоғам менімен бірге күн кешіп жатыр. 
Сол себептен бір-бірімізге ғафушыл, кешірімшіл, кең 
болып, жаңадан түлеп шығуымыз керек. 


iqup
125
Қандай істерге кешіріммен 
қарау қажет?
«Арзан сөздерді дереу кешіре салу керек» 
Достоевский Ф.
Ө
мірімізде біз дағдыланып қалған ескі ой-өріс, 
іс-әрекет көп. Біз оларға белгілі бір мақсат үшін 
емес, олардың өмірімізде бар болғанына әдеттенгенбіз. 
Кейде біз осы бір маңызды мәселенің есімізге салынуын 
қажет етеміз. Біз әдеттенген ескі ой-өрістің немесе іс-
әрекеттің жалғасын табуы, оны өзгертудің қажеттілігін 
бізге ұмыттырады. 
Бұл еңбегіміз арнайы осы тақырып үшін әзірленген 
десек болады. Өмірде «қандай да бір жайтқа ашулану 
керек» деген пікірге әдеттеніп қалуың мүмкін. Белгілі 
бір адамды кешірмеймін немесе бір кісінің саған 
көрсеткен іс-әрекетін, бойындағы сипатын мүлде қабыл 
алмаймын, деген пікірге үйреніп қалуың мүмкін. Өзіңді 
шектен тыс кінәлі сезіну әдетінен арыла алмауың 
мүмкін. Осындай жағдайда өзіңді, жан дүниеңді қайта 
түзеуге тырысып, уақыт өте ұмыт қалған бойыңдағы 
өзіңе белгілі кемшілікке назар аударуың мүмкін.


Өткеннен сабақ ал
126
Күш-жігер салмайынша, кешірімді болу қиын.
Жақсы қасиетке жету жолында талпынарсың. Бірде 
кешірсең, бірде оны кешіре алмай қалуың мүмкін. 
Алайда өміріңнің соңына дейін берілме! Кешірімді 
болу үшін, күн сайын өз нәпсіңмен күрес. Сонда кешіру 
қасиеті бойыңда біртіндеп қалыптасып келе жатқанын 
байқайсың. Кешірім таныту кей жағдайда жеңіл болып, 
ал кей кездері көрсете алмай, қайтадан кері кетуің 
мүмкін. Бірақ сен ешқашан берілме. 
Кереғар сезімнен туған жан жарасын, жүрек дертін 
емдеп, өзіңнің болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, өз 
түр-сипатыңа және өміріңе, сүріп жатқан күніңе риза 
болуың үшін, кешірімді болуға бар күш-жігеріңді сал. 
Жаныңды 
жаралаған 
барлық 
ауыртпалыққа 
кешіріммен қарауға тырыс. Нәпсіге жақпайтын қандай 
да бір жайттан, іс-әрекеттен, сын-пікірден ауырсынуың, 
мазаң қашуы – кешірімшіл болуға мұқтаждығыңның 
белгісі. Өткен шағыңдағы қате-кемшіліктеріңе, мазаңды 
қашырған ауыртпалықтарға, өмірде жағымсыз әсер 
қалдырған дүниелерге кеңшілікпен қара. 
Болмысыңды, тұлғаңды қабыл алып, оған 
кеңшілікпен қарамайынша, өзіңді жақсы көре 
а л м а й с ы ң . 
Өмірде белгілі бір себептің, жағдайдың әсерімен 
саған қаталдық танытқан ата-анаңа, мұғалімдеріңе 
кешіріммен қара. Бәлкім олар, сен ешқандай қателік 
істемесең де, білместікпен, пендешілікпен саған 


iqup
127
қаталдық көрсеткен шығар. Сен сол кезде олардың 
мұндай іс-әрекетке барған себебін түсінбеуің де 
мүмкін. Алайда сен қазір олардың іс-әрекеттеріне 
мың түрлі жауап іздеп, оларды ақтайтындай пайым-
парасатың қалыптасуда.
Қандай да бір пенделердің жағымсыз оқиғаларын 
естіп, оларға жек көрініш сезімің оянған соң, оларды 
іштей кешіре біл. Саған зиянын тигізбеген ондай 
бейбақтарға кешіріммен қара. Олардың істегендерінен 
ішіңді кек кернесе де, өштесу керек деген ойдан 
аулақ бол. Бір кісі туралы жағымсыз оқиғаны немесе 
достарыңнан бірінің нашар әрекетке бой алдырғанын 
естігеніңе бола, жек көріп, іргеңді аулақ салу – трагедия. 
Бұл мәселені түсінуің үшін, олардың пендешілікке бой 
алдырғаны сияқты кезінде сен де пендешілікке бой 
алдырғаныңды есіңе алуың жеткілікті. 
Достарыңа кешірімді бол. Егер олардың саған 
зияны тисе, оларды сені сыннан өткізер өмірдің 
бірнеше кезеңдері деп біл. Олармен өткізген өміріңнің 
шақтарынан сабақ ал. 
Сені алдаған адамдарға да кешіріммен қара. Ал егер 
оларды кешіре алмасаң, онда оларға өмірдің саған 
берген сабағы және өмірден алған тәжірибең ретінде 
қара. 
Өміріңдегі өткен келеңсіз оқиғаларды іште 
сақтаудың қажеті жоқ. Жаныңа ауыр тиген өткен 
оқиғаның қайталануына жол бермеуге тырыс. Оны 


Өткеннен сабақ ал
128
қайта-қайта еске алып, өзгелерге айта берме. Жеке 
бас сәтсіздіктеріңді еске ала берме. Жиырма жыл, 
отыз жыл, қырық жыл, тіпті елу жыл өтсе де, жанын 
жаралаған бұрынғы оқиғаларды қайта-қайта еске ала 
беретін адамдарды білемін. Олар әр кез өткен жан 
жарасының бетін ашып, асқындырып, оны қан мен іріңге 
айналдырады. Өткенді айта берме. Сонымен қатар еш 
нәрсе болмағандай ұмытып та кетпе. Өткеннен сабақ ал. 
Өйткені мүмін адамды жылан екі мәрте шаға алмайды. 
Яғни, бір істеген қателігін қайталамауға тырысады. 
«Адамдардың 
маған 
істегендерін 
ешқашан 
ұмытпаймын» деп айтқан небір уәделеріңді қой. Сен 
олардың істегендерін ұмыт, бірақ сақтан. Сақтықсыз 
құр ұмыта салу зардабын тигізуі де мүмкін немесе оң 
нәтижемен аяқталуы да мүмкін. Бұл енді таңдауыңа 
қалдырылатын іс. 
Басыңнан кешіріп жатқан жайттарға кеңшілікпен 
қара. Туып - өскен кездегі өмірлік жағдайларды, 
оқиғаларды тек Алланың тағдыры деп түсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет