Сабақ: «Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын таныту»



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі32,24 Kb.
#81245
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ашық сабақ


Ашық сабақ: «Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын таныту»
Сабақтың мақсаты:
а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан — жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой — өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: буклет, шрифтограммалар, кітаптар, ойындар және өлең жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, проблемалық, сайыс т. б.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу
2. Өтілген материалдарды жинақтау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.
Топ мүшелері Ибраһим, Абай, Телғара деген атпен үш топқа бөлініп, өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар «әр командаға 7 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек).
Ибраһим тобына:
1. Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3. Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай — Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7. Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
Абай тобына:
1. Абайдың ең момын, жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. «Медғат — Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)
Телғара тобына:
1. Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2. Абайдың «қараша, желтоқсан мен сол бір — екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)
3. Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4. Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма!…» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6. Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7. Абайдың орыс досы. (Михаэлис)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет