Құрастырушы: Тагабаева Л.М. ШЫМКЕНТ 2013 Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«_____» ____________ № «____» хаттама
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі _________________________Әлдешев А.Ә.
1 – сабақ 1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық этика, деонтология және биоэтика.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3. Сабақ түрі:тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасауға, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдануға үйрету.
тәрбиелік: Оқушыларды ауыр халдегі науқастарға күтім жасау кезінде, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану кезінде этикалық – деонтологиялық принциптерді сақтауға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарға күтім жасау, физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану
қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.