Өңдіріс теориясы



Дата19.04.2023
өлшемі104,83 Kb.
#84398
Байланысты:
эконом теория

Өңдіріс теориясы

Жоспар

Өндіріс мәні мен факторлары

Өндіріс технологиясы

Өндіріс функциясы

Өндіріс мәні мен факторлары

Өндіріс – адам өміріне тікелей қажет нәрсе, қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктің құру процессі.


Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Кез-келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:


Сол өнімді дайындайтын табиғи зат
Өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
Адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
Аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы

Өндіріс технологиясы

  • еңбек затының жай-күйін өзгерту және анықтау жөніндегі нысаналы әрекеттен тұратын өндірістік үдеріс бөлігі. Шикізатты, материалдарды немесе дүмбілзаттарды алу, өңдеу не қайта өңдеу тәсілдері мен әдістерінің жиынтығымен, олардың орындалу дәйектілігімен және орындалатын жерімен, қолданылатын құралдардың құрамымен сипатталады

Өндіріс функциясы

Өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс.


Q = f * ( L, K, N, M )

Өндірістік кесте

Өндірістік функцияны өндірістік кесте арқылы сипаттауға болады. Ал өндірістік кесте дегеніміз – бұл факторлардың әрбір үйлесімінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірілетін өнімнің барынша үлкен көлемін анықтау үшін өндірістік функцияны сипаттайтын өндірістік тор. Кестеде капитал мен еңбек шығындарының (сағатпен есептелген) альтернативті үйлесімділіктері мен олардың көмегімен өндірілетін өнім көлемі көрсетілед

Изокванта (лат. “iso” – тең және “quant” – көлем, яғни, тең көлемді өнімдер қисығы дегенді білдіреді) дегеніміз – бұл бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әртүрлі комбинацияларын көрсететін қисық. Бұл жерде тек екі факторлы өндірісті және өндірістік функцияны ғана қарастырамыз

Изокванта (лат. “iso” – тең және “quant” – көлем, яғни, тең көлемді өнімдер қисығы дегенді білдіреді) дегеніміз – бұл бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әртүрлі комбинацияларын көрсететін қисық. Бұл жерде тек екі факторлы өндірісті және өндірістік функцияны ғана қарастырамыз

Изокванталар өндірістік функцияны сипаттаудың графикалық формасы бола отырып, сол өндірістік функция сияқты бірнеше қасиеттерге ие болады:

  • изокванта факторлардың әрбір жеке үйлесімі үшін өнім өндірудің максималды көлемін көрсетеді;
  •  изокванталар теріс көлбеулі болады, себебі факторлар әртүрлі бағытта өзгеріп отырады: өнім көлемін өзгертпей (мысалы, 38 дана күйінде) бір фактордың (K) санын белгілі бір мөлшерге арттыру екінші бір фактордың (L) санын сол мөлшерге азайтуды талап етеді;
  • изокванталар қисығы жоғарыдан төменге қарай еңкіш болып келеді;
  • изокванталар координаттардың басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан ресурстар үйлесімдерінің беретін өнім көлемі көп болады;
  • изокванталар қисықтары бір бірімен қиылыспайды.

Изокванта, изокванта картасы

Изокванталар картасы

Изокванталар картасы дегеніміз – бұл өндірісті жүзеге асырудың барлық қол жетімді нұсқаларын көрсететін мүмкін болатын изокванталардың жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет