Сабақтың тақырыбы: Біртүрлі мамандықтар Оқу мақсаттары



бет1/4
Дата11.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#137642
түріСабақ
  1   2   3   4




Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-тоқсан, 2-апта, 4-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары.Лексика

Сабақтың тақырыбы:

Біртүрлі мамандықтар

Оқу мақсаттары:

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты:

8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу;
8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Бағалау критериі:

  • Бірнеше біртүрлі мамандық түрлерімен танысады

  • перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба біледі

  • сөздік қор, сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар




1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіз бе?
8-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіз!
Сабағымыздың тақырыбы: Біртүрлі мамандықтар
Бүгінгі сабақта:
Сіздің білетініңіз:
• Жаңа мамандық түрлері
Сіздің меңгеретініңіз:

  • біртүрлі мамандықтар төңірегінде көзқарасыңыз кеңейеді

  • мәтінмен жұмыс жасай аласыз

  • сөздік қордағы сөздер жаңа сөз тудыруға ұйытқы болып, сөздік құрамды байытатынын білесіз




Презентация




2 минут
1 минут

4 минут



Жаңа сабақ

Ойтүрткі сұрақтар.

  1. Жүсіпбек Аймауытовтың «»Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген мамандық туралы сөзін қалай түсінесіз?

2. Біртүрлі мамандық дегенді естуіңіз бар ма?
Кіріспе.
Әлем тез дамыған сайын жаңа мамандықтар қатары күн сайын артып жатыр. Бірақ оның көбі біздің қоғамға, бізге бейтаныс. Дегенмен, қазіргі жастар жаңа заманның талабына сай жұмыс істегенді қалайды. Қысқаша айтқанда, маман атану – табысқа жеткізетін жол. Сондай біртүрлі мамандықтардың бірі


Гольф добын суда жүзіп алып беруші
Нағыз джентельмендерге арналған гольф алаңы өзен, көлдердің жағасына салынады. Бұл ойынды тәжірибесіз адамдар да ойнауға құмар. Олардың добы белгіленген межеге емес, өзен-суларға қарай кетіп жатады. Сол доптардың алып беруші мамандар жылына 100 мың доллларға жуық табыс табады. Екі гольфсүңгуірінің жұмыс кезінде суға батып, қайтыс болғаны тіркелген екен. Сондықтан бұл мамандықты бәрі бірдей атқара алмайды

Әңгімелесуші мамандығы алғаш Жапонияда пайда болды. Әңгімелесуші арнайы үйшікте отырады. Кез келген адам мұңы, реніші, ашуы, қорқынышы, қуанышымен бөлісіп, ішіндегі сезімін сыртқа шығара алады. Мұндай маман аптасына 10 мыңнан аса адам қабылдауы мүмкін.

Жыланның уын алушы. Жыланның көптеген түрі улы болатынын білесіздер. Осы тұрғыда жыланның уын алуға сарысу пайдаланылады. Жыланның аузын ашып тұрып, уын алу тек кәсіби маманның ғана қолынан келеді.

Құрт жинаушы
Балық аулауды жаны сүйетін, бірақ, өздері жерен құрт қазуға ерінетіндер үшін арнайы құрт жинаушылар да табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет