«Оғыз қаған» дастаны түркітектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар



Pdf көрінісі
Дата29.10.2022
өлшемі25,58 Kb.
#46113


1-мәтін
«Оғыз қаған» дастаны – түркітектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар
негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оғыз» сөзінің мағынасы уыз, уыздас,
сүттес, емшектес, яғни бір анадан сүт емген деген мағынаны береді. Ежелгі ғұндардың
ұрпақтары «Оғыз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.
Дастанда қырықтан астам хикаят бар. Әрбір хикаятта Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.
Оғыздар көк түсті қасиетті санағандықтан, жырда оғыздардың Көк тәңірге табынып, өздерін
көк бөріден тарататындарын аңғаруға болады.
«Оғыз қаған» дастаны – Мөденің жауынгерлік жорықтарынан хабар беретін шығарма. Оғыз
қаған – ғұндардың атақты көсемі, патшасы Мөденің әдеби бейнесі. Әкесі Тұман біздің
заманымыздан бұрынғы 206 жылы қайтыс болғаннан кейін Мөде патша тағына отырады.
Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Мөде билік
жүргізген кезеңде ғұндар қазіргі Кореядан сонау Тибетке дейін, одан әрі Шығыс Түркістаннан
бастап, Алтай өңіріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені түгелдей өздеріне қаратып алған еді. Қытай
«Ұлы қорғанын» осы Мөденің әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «Ұлы қорған»
ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады. Ғұндар қытай әскерін күйрете жеңіп, оларды
«тыныштық және туыстық» шартына қол қоюға мәжбүр етеді. Бұл шарт бойынша олар
ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болады.
Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ халқы жасаған белгілі
эпостық жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып
жатады.
«Оғыз қаған» дастанын зерттеуде Түркия елінің Н. Атсыз, Н. Банарлы, Б. Аталай сияқты
ғалымдары көп еңбек сіңірді. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлар жырындағы
әртүрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлі, Ө. Күмісбаев сынды ғалымдары
да өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге, бұл салада ағылшын, француз, орыс ғалымдары да
еңбек еткен.
kazaksha.info


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет