Оқиғасы кейінгі дəуірлерден алынған эпостық жырларының бірі «Айма-Шолпан». «Айман-Шолпан» жырының ХІХ ғасырда туғандығы туралы тұжырым көпшілік ғалымдарымыздың тарапынан айтылған екен. М



бет1/2
Дата30.03.2022
өлшемі30,1 Kb.
#29235
  1   2
Байланысты:
Айман-Шолпан сож


Оқиғасы кейінгі дəуірлерден алынған эпостық жырларының бірі – «Айма–Шолпан». «Айман–Шолпан» жырының ХІХ ғасырда туғандығы туралы тұжырым көпшілік ғалымдарымыздың тарапынан айтылған екен. М. Əуезов жыр жөнінде: «Жырдың Көтібар, Есет сияқты кейіпкерлері өткен ғасырдың орта шенінде өмір сүрген адамдар екендігіне қарап дастан сол тұста немесе содан кейінгі кезеңде туған деп байлам жасауға болады», – дейді (Əуезов М., 1997, 45 б.). Сонымен қатар, М. Əуезов жырдың халық арасына көп таралуының сыры оның образдық-сюжеттік негізінің өмірден алынған шынайылығында, реалистік ерекшелігінде деп көрсетеді: «Көркемдік қасиеті жағынан қазақ эпосының үздік үлгілері саналатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» немесе «Қыз Жібек» жырындай болмағанымен, «Айман — Шолпан» — халық арасына ең көп таралған дастандардың бірі. Сірə, мұның сыры жырдың образдық-сюжеттік негізінің өмірден алынған шынайылығында, реалистік ерекшелігінде болса керек» (Əуезов М., 1997, 45 б.).

Əдебиетші — ғалым Қ.Жұмалиев «Айман — Шолпан» жырының оқиғасы Исатай мен Махамбет бастаған халық көтерілісінен кейін туған, – дейді. Ал филология ғылымдарының кандидаты Ə. Қоңыратбаев «Қазақ əдебиетінің тарихына» (Қоңыратбаев Ə., 1991, 207 б.) жазған еңбегінде бұл жырдың XIX ғасырдың орта шенінде туғандығын айтады. М. Ақынжановтың айтуына қарағанда, бұл жыр өткен ғасырдың екінші жартысының бас шенінде, яғни Қазақстанның Россияға қосылуы аяқталған кезде, туған. Бұлардың қайсысы болса да жырдың нақтылы шыққан мезгілін дəлдеп айтпағанымен де, оқиғасы шындық өмірден алынғандығын анықтайды.

Жалпы жырдың туындау кезеңі ХІХ ғасыр деген тұжырыммен М. Ғабдуллин де келіседі. «Айман — Шолпан» халықтық жыр жəне ол ХІХ ғасырдың 70 жылдарында шығарылған секілді. Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, əлеуметтік-қоғамдық өмірінде болған жаңалықтарды суреттеу идеясынан туған деуге болады» – дей келе бұған бірнеше дəлелдер келтіріп кетеді. Жырдың сюжеттік желісінде көрінетін əлеуметтік астар туралы 30-жылдары əдебиет алыптары М. Əуезов пен С. Мұқанов пікір таластырған. Бұл туралы С .Мұқанов: «Айман — Шолпанда» үлкен бір жиында Маман деген байдың Көтібар батырды қорлағаны, оған ашуланған батырдың Маманның Айман мен Шолпан деген екі қызын тартып алумен бірге байды шауып кетуі сөз болады. Отызыншы жылдардың аяғында осы жыр төңірегінде марқұм М.Əуезовпен баспасөз бетінде пікір таластырғаным бар. Сонда, меніңше, Көтібардың қылығы рушылдық қара дүрсінділікке жатқанымен, оның негізінде əлеуметтік астар, яғни байдың қорлығына кедейдің қарсы қимылы бар. Мен əлі сол пікірдемін», – дейді. 1939 жылы жазылған «Жақсы сынға жан пида» атты пікір алысу ретінде жазылған мақаласында Мұхтар Əуезов С. Мұқановтың халық мұрасын игеруге байланысты «Айман–Шолпан» сценариіне айтқан сынына қарсы жауап айтып, ол сынның бірбеткей қияс кеткендігін атап көрсеткен еді.

Жырдың көркемдік ерекшеліктерін Ə. Қоңыратбаев жəне Ы. Дүйсенбаев жан-жақты зерттеген болатын. Жырдың бізге жеткен нұсқасы мен жариялануы жөнінде ғалым Ы.Дүйсенбаев та: «Қазір бізге мəлім «Айман — Шолпан» жырының жалғыз ғана нұсқасы бар. Оның өзі революциядан бұрын бес рет басылып шыққан. Кейін осы нұсқа сол қалпында совет жылдарында да сан рет баспа жүзін көрді», – деген. (Дүйсенбаев Ы., 1973, 107 б.). «Қазақ халық əдебиеті» деп аталатын зерттеуінде (баяндама) Х.Досмұхамедов халық əдебиетінің классификациясын 46 түрге топтастырып, біз қарастырып отырған жырды лирика-эпикалық сипатты тұрмыстық жырлар (бытовые поэмы) қатарына жатқызған: «Батырлық жəне тарихи поэмалармен қатар қазақ əдебиетінде лирика-эпикалық сипаттағы тұрмыстық жырлар да («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», т.б.) бар. Бұл жырларға жеке бір адамдардың көңіл-күйі күйініш-сүйініші арқау болғанмен, сонымен қатар қазақтардың тұрмыс-тіршілігі де жан-жақты суреттеледі». (Досмұхамедұлы Х. Аламан, 1991, 27 б.).

Ал ғалым Ə. Қоңыратбаев жырдың жанрлық түрі туралы ойын: «Айман – Шолпанның» жанрын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларына ұқсаған нағыз романтикалық-ғашықтық эпос үлгісі демесек те, Көтібарға олжа болатын қазақтың жазықсыз қыздары Айман мен Шолпан тағдырына қарап, оны лиро-эпосқа жатқызамыз. Өйткені жырдың бас тақырыбы қазақ қызының басындағы теңсіздік екенін аңғару қиын емес…», – деп түйіндейді. «Тегі осы атына байланысты болса керек, біз «Айман — Шолпанды» лиро-эпос жанрына қосып, көптен бері зерттеп келдік. «Айман — Шолпан» жырының оқиғасы бұлдыр замандарға кететін аңыздық-ертегілік сюжет емес. Оның оқиғасы XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ өмірінің шындығынан алынған. Айман мен Шолпанды барымта жолымен олжалайтын Көтібар – тарихта болған адам. Көтібар, Есет, Бекет, Арыстандар XIX ғасырда шектінің ірі батырлары болған. Көркемдік дегенді шығарманың бүкіл компоненттерінің бірлігінен, үйлесім-келісімінен іздеуіміз керек. «Айман — Шолпан» – композициялық құрылысы, оқиғаны баяндауы жағынан өзіндік ерекшелігі бар жырдың бірі.

Жырдың басты ерекшелігі – оқиғаны шиеленіскен тартысқа құруында. Оның қандай əңгімесін алсақ та үлкен тартысты көреміз. Мұның өзі жыр оқиғасын əрі қызықты, əрі əсерлі етеді. Көтібар мен Маман, Айман мен Көтібар, Теңге мен Айман арасындағы тартыс, қақтығысуларды суреттеу арқылы жыр оқиғасы дами түседі.

Екіншіден, жыршы ақын жағымсыз кейіпкерлерді суреттегенде, олардың мінездерін, іс-əрекеттерін күлкі, мазақ ете, сықақтай сипаттайды. Маманның байлығын айтып шіренуі, Көтібардың «батырмын» деп кеудесін соғуы – жырда ащы мысқыл, келекеге айналады. «Жырдың құрылысы, бейнелер жасау əдісі, тіл ерекшеліктеріне тоқталсақ, ақын негізінде ескіден келе жатқан дəстүрден шықпаған, көп жерлерде де ескі жырдың түрін, диалог қолдану үлгілерін кеңінен пайдаланған. Сырт қарағанда кейіпкерлердің бейнелерін беруде де онша жаңалық бірден көзге түсе қоймайды. Əйткенмен үңіле түскендей болсақ, көптеген жаңалықтарды, ауыз əдебиетінен көп жерлерде қол үзіп, жазба əдебиетінің дəстүріне ауа бастаушылықты немесе сол жазба үлгінің əдісіне бой ұрушылықты ап-айқын көреміз», – дейді жырдың көркемдік ерекшелігін терең зертеуші ғалымдарымыздың бірі Ы. Дүйсенбаев. Жырдың құрылысы өте шебер жасалған. Оқиғаның басталуы, даму сатысы кемеліне жетіп барып, түпкі түйіннің шешілуіне дейін оқушыны жалықтырмай үнемі өзіне тартып, қызықтырып отырады.

Жырдың басталуы мен аяқталуында екі ұдай қайталама бар: 1) егес себебі алтындаған салтанатты ақ үйге таласудан басталса, кейін кұда болған соң Маман бай сол Көтібарға алтын шатыр сыйлайды; 2) жеңу белгісі əңгіменің бас кезінде Көтібар батыр Маман байдың қорасында тұрып алып, екі қызға үйден тез шығыңдар деп өктемдік жасаса, кейін күш Мамандар жағында басым болған шақта, сондай астамшылықты Көтібардың өзі сезетін болады. Бұл екі қайталаудың екеуі де өте орынды, шебер қолданылған тəсіл. Жырдағы қолданылған өлең өлшемі туралы зерттеушілер пікірі де бір жерден шығып жатады. Осы мəселеге орай Ə. Қоңыратбаев пен Ы. Дүйсенбаевтардың пікірлеріне жүгінер болсақ: «Айман — Шолпан» жыры өзінің реалистік-сатиралық рухына қарай 11 буынды қара өлеңмен жырланған. Нарға жайдақ мінген екі қыздың сөзінде қайым элементі бар. Екі қыздың оңаша сөздері, Айманның ішкі ойлары кейде қара сөзбен берілген. Əлібек келетін жердегі сөздер 7–8 буындық жырмен айтылған. Жыр поэтикалық, көтеріңкі стильге тəн өлшеумен шығарылған. Айманның азаттығы Əлібектің ерлігімен байланысты». «Жыр негізінен он бір буын қара өлеңмен жазылған, тек үш жерде ғана жеті буынды жыр түрінде беріледі. Тілі таза, кітапшалау жоқтың қасы, ескірген сөздер де өте сирек кездеседі.

Көлемі шағын болса да бұл жырда эпикалық ұзақ туындыларда ұшырасатын, оқиғалардың арасын қарасөзбен жалғап отыру əдеті де бар. Мүмкін, бұл жағдай дастанның жолдары түгел сақталмай, ара-тұра түсіп қалудан да пайда болған шығар. Жырдың сюжеті жұмыр боп келеді. Тартыс бас кейіпкер Айман тағдырына құрылған. Мысалы, жырдың басындағы Маман мен Көтібардың егесі сырт қарағанда оқиғаның байланысы сияқты. Расында егес, ас, бəйге – мұның бəрі жырдың экспозициясы ғана. Ол кезде Айман көрінбейді. Оқиғаның байланысы – Маман байды шауып алып, екі қыздың пенде болуы, дамуы – Шолпанның азаттық алуы, олжа бөлісі, шарықтау шегі — Əлібектің келуі, шешуі – екі елдің табысып, Əлібек пен Айманның қосылуы. Əдеби туындының шеберлігін танытатын басты компоненттерінің бірі тіл дейтін болсақ, Шоқан қазақ əдебиетінің тазалығын мөлдір бұлаққа, сұлу табиғаттың өзіне теңеген екен.

«Қазақ əдебиеті дүниесінде, оның ішінде ауыз əдебиетінде эпостың, лиро-эпостың үлесі қомақты. Оның тілінің əдеби тілге, қазақтың ескі жазба тіліне, тіпті осы күнгі жазба əдеби тіліне қайнар көз болудағы орны да айырықша. Қазақ ауыз əдебиетінің (фольклордың) тілі əдеби сипат алған, белгілі бір сөз жұмсау нормаларын қалыптастырған, көркемдік-эстетикалық қуаты күшті тіл екенін зерттеушілеріміз баса көрсетеді». (Жұбанов Е., 1978, 112 б.). Қазақ ауыз əдебиетінің мол үлгілерін жинап, оларды өзінің «Түркі халықтары əдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томдық тарихи еңбегінде жариялаған академик В.В.Радлов былай жазады: «Сөз сұлулығына соншалықты рахаттанып, лəззат алатын халықтың шешен сөзге ең биік өнер ретінде қарайтыны өзінен өзі түсінікті. Сондықтан да киргиздарда (қазақтарда) халық поэзиясы дамудың ең жоғарғы сатысына жеткен. Қазақ-қырғыз шешен келеді; олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады» (Жолдасбеков М., 1993, 297 б.).

Жыр халықтың таза сөйлеу тіліне негізделген. Сондықтан көпшілікке танымал əрі көркем. Оның тілінде ирониялық сөздермен қатар фольклорға тəн «ақ Айман», «сұлу Шолпан», «ер Əлібек» дейтін тұрақты эпитеттер, əсіресе барыс жалғаулы ұйқастар мен етістік, баяндауыштар өте көп. Етістік сөздердің көп болуын жырдың реалистік сипатынан деп түсінген жөн.

Жыр мəтініне көз жүгіртер болсақ, оның өзіне ғана тəн ерекшелігі барлығын да байқай аламыз. Бұл əсіресе, жырдың көркемдік кестелеріне немесе поэтикалық тіліне қатысты болып келеді. Басқа лиро-эпостық жырлардағыдай кейіпкерлер (əсіресе, арулар) бейнесінің кестелі сөздермен жасалған портреттерін көре алмаймыз. Айманның қысқа портреті жырда бір-ақ жерде теңеумен берілген: Айманның ақ мамықтай білегі бар. Майысқан жез қармақтай сүйегі бар. Поэмада қолданылатын негізгі əдіс – баяндау, монолог, диалог. Оқиғаны суреттеуде, кейіпкерлер образдарын жасауда пейзаж, портрет, суреттеу, жанама мінездеулер кездеспейді. Айманның ақ мамықтай білегі бар, Майысқан жез қармақтай сүйегі бар», – деген тəрізді жол арасында айтылған кейбір портреттік элементтер болмаса, айрықша тоқталып, сұлу қыздың портретін жасауға, не мінезін суреттеуге көңіл бөлінбейді. Ал дегенмен поэмадағы негізгі образдар шебер жасалған. Көтібар, Айман, Арыстан — əрқайсысы өз ортасының мінез-құлық, іс-əрекетін танытатын адамдар. Адам образын, мінездерін жекешелеп көрсету айрықша суреттелмесе де, каһармандардың іс-амалы жəне сөздерінің (монолог, диалог) өзінен-ақ қаһарман мінезінің кейбір жақтары көрініп қалып отырады. Сəл нəрсеге байланып: Алмасам тоқалдыққа Айманыңды, Көтібар менің атым жерге кірсін! – деген сөздердің өзінен-ақ Көтібардың ой-өрісі, мінезі, қандай адам екендігі байқалады, көп суреттеп жатуды керек етпейді. Топ алдында серттесіп, ел шауып, жесір алып, дандайсыған батыр үй тіктіріп қоямын деп озып кетсе де, Теңгенің шеңгеліне бүріліп, қарсы алуға да жарамай қалғандығы Айманның айтқан бір ауыз өлеңінен-ақ түсінікті. Оның үстіне бұл сөздерден қыздың ақыл-айласы да тамаша аңғарылады.

Айман қыз сөз сөйлейді ақылынан, Кей адам бейнет тартар жақынынан, Үйінен батыр неғып шықпай қалды Жатыр ма батыр қорқып қатынынан. Көркі кетіп, күші азайып, тілі ғана қалған шалды көк долы Теңгенің қалай бүретіндігін жақсы білетін Айман Көтібарды екі ауыз сөзбен-ақ тақырға отырғызып кетеді. Поэманың бір алуан ерекшілігі осы айтылған əдістермен байланысты. Екінші ерекшелігі халықтық юмор, сатира элементтерінде деуге болады. Оқиға желісі, негізінде, нəзік юмор, сатираға құрылған. Көтібар да, Маман да əр жағдайда-ақ көп алдында күлкі болып қалып отырады. Поэманың стиліндегі юморлық, сатиралық əдіс оның тіліне де əсер еткен. Поэмада ирония, сарказмдер жиі ұшырайды. Мысалы, Айман: Базарда Теңге болсаң, бұл боларсың, Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың. Батырдың айтқан сөзі рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың, – деп, Теңгенің есімін ажуалаудан бастап, сөзін астарлап қалжың, сықаққа айналдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет