Онлайн школа



Дата29.05.2022
өлшемі356,89 Kb.
#35882
түріСабақ

Бөлім тақырыбы:
«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»
Қазақ әдебиеті
6-сынып
Сабақтың тақырыбы:
«О. Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»
Оқу мақсаты:
Б/С3 Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты:
Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасы-лық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
Бағалау крийтерилері:
  • Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасы-лық құндылық тұрғысынан талдайды;
  • Әдеби эссе жазады

Қызығушылықты ояту


2
5
Дескриптор:
Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға шапшаң жауап береді.
Зымыран сұрақтар 1. Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін атаңыз
2. Әңгімеде қандай кітап айтылады? 3. Ауыл қайда орналасқан? 4. Тортай ақ боз атқа міне алды ма? 5. Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді?
6. Тортайдың арманы қандай? 7. Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады? 8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал? 9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады?

Өзіңді тексер!


2
5
1. Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін атаңыз (Ораз, Тортай) 2. Әңгімеде қандай кітап айтылады? («Аласталған Алитет») 3. Ауыл қайда орналасқан? (Салықсалғанның иығында) 4. Тортай ақ боз атқа міне алды ма? (жоқ) 5. Басқа балалардан Тортай несімен ерекшеленеді? (Таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын) 6. Тортайдың арманы қандай? (кітап жазып, жазушы болу) 7. Әңгімеде қай жылғы оқиға баяндалады? (соғыстан кейінгі) 8. Тортайдың түсіндегі арғымаққа айналған қандай мал? (көк өгіз) 9. Ораш оқуға кетерде Тортай оған не сыйлады? (кітап)

Ой қозғау


2
5
Дескриптор: сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын болжайды.
  • Қарым-қатынас қандай болу керек?
  • Ораш пен Тортайдың қарым-қатынасы қандай болды?
  • Бір-бірін қадірлей алды ма?

  • - Неліктен Ораш Тортайдан алыстап кетті?

Мағынаны тану кезеңі.


Әдеби эссе
Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

Мағынаны тану кезеңі.



Эссе

Кіріспе

Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?»

Негізгі

Дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар бұл сұрақ бойынша бар мәліметтерге қарағанда басқа дәлелдер мен ұстанымдардың негіздеу қажет.
Эссенің негізгі мазмұны осында. Сондықтан маңыздысы тақырыпшалар, олардың негізінде дәлелдемелердің жүйеленуі (логикалық мәліметтерді қолдану немесе ой толғаулар) жүзеге асады, яғни ұсынылған дәлелдемелерді/талдауды негіздеу қажет.

Қорытынды

Тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет.

1-тапсырма. Берілген тақырыптардың бірін таңдап әдеби эссе жаз.


1) Тортайдың отбасының болмауы тағдырына қалай әсер етті?
2) Тортай арманының орындалмауына кім кінәлі: Тортай ма, тағдыр ма?
3) «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз ақ нәрсем бар,ол- кітап»-, дейді Тортай. Сендер нені пір тұтасыңдар? Неліктен?
Эссенің сөз саны - 120-150
Дескриптор:

Бүгінгі сабақта:

  • Қарым-қатынас қандай болу керектігін білдіңіздер;
  • Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасы-лық құндылық тұрғысынан талдадыңыздар;
  • Эссе жазу талаптарын еске түсірдіңіздер;
  • Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жаздыңыздар.

Қосымша тапсырма.

  • Әңгіменің мазмұнын толық оқу;
  • Тортайды көз алдарыңызға елестетіп шығарма негізінде сурет салыңыздар.

Дескриптор:
Әңгіменің мазмұның толық оқып шығады;
Тортайды көз алдарына елестетіп шығарма негізінде сурет салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет