Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет1/6
Дата11.12.2023
өлшемі90,5 Kb.
#137311
  1   2   3   4   5   6

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


«СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР» ФАКУЛЬТЕТІ


«Дене тәрбиесі және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы


БӨЖ


Тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Бағдарлау туралы түсінік. Көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан денелері және жергілікті жер бедері бойынша анықтау.

Қабылдаған: аға оқытушы, подполковник Алмазхан Асанов
Орындаған: Балабеков Рамазан
Тобы: Бәд-011

Мазмұны

Кіріспe
Негізгі бөлім


Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері
Азимут туралы түсінік.
Азимут бойынша жылжу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Бағдар алу туралы жалпы түсінік. Қазіргі жағдайда жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі топографиялық карта бойынша бағдарлану болып табылады. Карта бойынша бағдарлану – картада бағдарланудан, ондағы тұру нүктесіне берілетін анықтамадан және картаны жергілікті жермен салыстырудан тұрады.
Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет