«Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?» деп Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті



Дата05.05.2023
өлшемі19,64 Kb.
#90439
Байланысты:
Интеллект


«Ойын ойнап ән салмай,өсер бала болама?» деп Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да балада оқу мен білімнің,тәрбиенің негізін қалыптастыратын да-ойын әрекеті болып саналады. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Интеллектуалдық ойындар – баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс-әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», — деп жазды.
Танымдық әрекет – баланың бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде балаларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.
Біз өз балабақшамызда интеллектуалдық ойын түрлерін жиі пайдалану барысында балалардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейміз.
Интеллектуалдық ойын — танымдық қызығушылығын күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды.
Интеллектуалдық ойындардың педагогикалық-психологиялық негіздері
Ойынның баланың интеллектуалдық дамуына ықпал ету мүмкіндігі педагогика ғылымы саласында жан-жақты қарастырылып, ойын әрекеті оқу әрекетінің жетекші формасына айналған. Ойын, ойыншық сөздері ой сөзімен тікелей байланысты, сөйтіп, ойнау біруақытта ойлаумен әрекеттеседі. Ойын – бұл қарым-қатынас, өмірлік тәжірибе жинақтау құралы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес” – дейді. Өйткені кез келген адам бала кезінен өмір әлеміне ойын арқылы кіріп, дүниені ойын әрекетімен тани бастайды. Қоршаған дүние туралы түсінік ойын арқылы қалыптасады. Л.Выготский: «Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайында білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады — дейді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынмен өседі, оның жан-жақты дамуына тікелей ықпал етеді. Ол – баланың миын жаттықтыратын, әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
Интеллектуалдық дамыту ойыны — баланың мектепке дейінгі жасынан бастап, танымдық қабілеті мен әлеуметтік дағдыларының негізін қалайтын, білім алу және тәрбие процесіндегі жетекші іс-әрекеттің түрі, өмір құбылыстарының бірі, сондай-ақ баланың ақыл-ойын қалыптастыруға бағытталған әсерімен ерекшеленетін әрекет. Мұндай ойындар барысында:
— әлеуметтік топта оның рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі;
— топтың, ұжымның, сондай-ақ баланың тұлғалық және жеке даму мүмкіндіктері қарастырылады.
Интеллектуалдық ойындардан күтілетін нәтижелер:
— баланың ақыл – ойы дамиды;
— сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады;
— тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады;
— қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады;
— ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді;
еңбеккке тәрбиеленеді;
— бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады;
— әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады;
— бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.
Осы күтілетін нәтижелер баланың жас ерекшелігіне сәйкес және жеке даму кезеңдеріне қарай бөлінеді. Сәйкесінше интелектуалдық дамыту ойындары баланың осы жүйе бойынша қабілетіне, қабылдауына қарай топталады, жинақталады, қарапайымнан күрделіге қарай жүйеленеді.
Қорыта айтқанда, аталған ойындар кешені баланың қиялын, бейнелі ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Құрбыларымен бірлесіп ойнауға, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді.Интеллектуалдық дамыту ойыны — әлеуметтік қызмет, ол — баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Ойын- бұл еркін және өзіндік әрекет , ол баланың жеке қызуғушылығынан туады, баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,
Алға қойған мақсатың, ісің барда! –дегендей, интеллектуалдық ойын – бұл тек білім бұлағы ғана емес, ептілік танытып, қиындықтан жол тауып, өз біліміңді көрсетіп, жеткен жеңісіңе қуану.
Интеллектуалдық дамыту ойыны баланың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын білім беру әдісінің бір түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет