Сабақтың тақырыбы: Біздің айналымыздағы ақпарат. Қауіпсіздік техникасы



Дата15.11.2023
өлшемі2,48 Mb.
#123146
түріСабақ
Байланысты:
3-сынып-кмж 1


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютер және программалар

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып: 3

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Біздің айналымыздағы ақпарат. Қауіпсіздік техникасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.3.2- әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Ақпарат» ұғымы туралы анықтама береді, қабылдауына қарай ақпарат түрлерін біледі

Көптеген оқушылар:

суреттерге қарап ақпарат алу жолдарын көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерінің дұрыс және бұрыс жақтарын ажыратады



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Презентацияда 2-6 слайдтарда суреттер көрсетілген.
-Суреттерді көрейік.
-Суреттерге қарап, ақпарат көздерін ата.
-Бұлар неліктен ақпарат көздері болып саналады?
-Біз суреттерден не көрдік, не білдік?
-Бұл суреттер бізге ақпарат береді.

ҚБ: жұлдыз /1 балл/



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Сұрақтарға жауап береді.

Жұлдыз
1 балл



Презентация



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Презентация.

Ақпарат-қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар мен хабарлар туралы мәліметтер, ал қоршаған орта-ақпарат көзі.


Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Үштік» әдісі


-Қалай ойлайсың, ақпаратты тек адам ғана пайдалана ма? Жануарлар мен өсімдіктер ше?
Мысалдар келтір.

Дескриптор:


-жануарлар ақпаратты қалай қолданатыны туралы мысалдар келтіреді;
-өсімдіктер ақпаратты қалай қолданатыны туралы мысалдар келтіреді.

ҚБ: жұлдыз /4 балл/


Жеке жұмыс. 2-тапсырма.


Жұмыс дәптері, 6-7 бет.
Дескриптор:
-суреттерге қарап ақпарат алу жолдарын көрсетеді;
-өзі пайдаланатын ақпарат көздерін жасыл түспен бояйды;
-қалғандарын қызыл түспен бояйды.

ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


Жеке жұмыс.3-тапсырма.


Жұмыс дәптері, 9 бет.

Дескриптор:


-суретке қарап дұрыс әрекеттерді жасыл түспен белгілейді;
-бұрыс әрекеттерді қызыл түспен белгілейді.

ҚБ: жұлдыз / 3 балл/



Мұғалімді тыңдайды

Презентациямен танысады


1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындайды




Жұлдыз
Жұлдыз


Жұлдыз




Презентация
Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
Жасыл түс- Мен бұл тақырыпты толық түсіндім
Сары түс – Мен жартылай түсіндім
Қызыл түс- Мен мүлдем түсінбедім

Өзін-өзі бағалау.






Үй тапсырмасы

§ 1, жұмыс дәптері 8-бет






































Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет