Ожж тамырлы аурулары



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі32,97 Kb.
#18407
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 Тақырып


Құрмантай Жансая

ЖТД-701



№2 Тақырып

1. ОЖЖ тамырлы аурулары.

2. Естің бұзылысы. Жедел ми қан айналымынын бұзылысы


  1. ОЖЖ тамырлы аурулары.

1. Бас миының қан мен қамтамасыз етілуі.Әр бассейн қан тамырларының зақымдалуының семиотикасы.

Миды  екі ішкі ұйқы артериясы(оң және сол) және екі омыртқа артериясы (сол және оң) қанмен қамтамасыз етеді.  Ішкі ұйқы артерия ұйқы өзегі( canalis caroticus) арқылы бассүйек ішіне енеді. Осы өзекке кіре берісінде үңгір тәрізді қойнаудағы үңгір тәрізді қабшыққа келеді де, S-тәрізді иін түзеді. Ішкі көз нервісі өзегінің артында және латералды артерия бассүйек негізінің субдуралды кеңістікке енеді. Осы жерде ұйқы артериясынан көз тармағы шығады. Ол көз нервісімен бірге көз шарасына барады.

Көз тармағы шыққаннан кейін одан милық алдыңғы және ортаңғы артериялар шығады. Біріншісі алдыға қарай сүйел тәрізді денеге және медиалды жарты шарға қарай бағытталады. Екіншісі латералды бағытталып, бүйірлік тесікке еніп, мидың маңдай, төбе және самай бөліктеріне тармақтарын береді. Екі омыртқа артерия бұғана асты артериясынан шығады да, үлкен шүйделік тесік арқылы бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінің негізінде олар бірігіп, негізгі артерияны құрайды(a.basilaris). Ол милық көпірдің төменгі бетінің жүлгесі арқылы өтеді және одан артқы милық артериялар шығады. Ол сопақша ми, мишықты қанмен қамтамасыз етеді және шүйде мен самай бөлігіне тармағын береді. Үш артериялық бағаналар ұйқы артериясы мен негізгі артериялардың бөлінуінен туындайды. A.communicans anterior алдыңғы милық артериялармен анастомоз құрадыa.communicans posterior ортаңғы және артқы милық артериялармен анастомоз жасап артериялық сақинаны құрайды(circulus arteriorus), ол мидың негізіндегі субарахноидалды кеңістікте көру нервісінің қиылысы мен көпірде орналасады.

Артериялық шеңберді құрайтын тармақтар екі жүйелі тамырлардан құралады:

1) ми қыртысының артериялары;

2) қыртыс асты қабықтың артериялары.

Артериялық шеңбер құрылымының өзгешелігі  бар. Ол байланыстырушы артериялардың әртүрлілігі және оның бірінің жоқтығымен ерекшеленеді.

Бассүйектен венозды қанның шығу тармақтары қатты ми қабықтың қойнаулары арқылы жүзеге асады. Ол ішкі мойындұрық венасына құйады. Осы қойнауға бассүйектен қан ми веналары арқылы келеді. Милық веналардың бірнеше ерекшеліктері бар. Веналардың екі тобын бөледі:

1) жоғарғы-мидың шығыңқы жарты шарында орналасқан; олар жоғарғы сагиталды қойнауға құяды;

2) төменгі-мидың негізгі бетінде орналасып, олар бассүйектің қойнауларының ағымы болып табылады.

Әрбір аталған топтар екі звенодан, терең(ми ішілік) веналар мен мидың негізгі немесе бетіндегі тамырлық қабаттың астында орналасқан беткі веналардан құралады. Миы веналары артериялармен қатар немесе олардың бойымен жүрмейді. Кейде жоғарғы сагиталды мен үңгірлі қойнаулар арасында беткі орналасқан  анастомоз-Тролар венасы болады. Осы вена Лаббэ венасымен көлденең қойнау  арасындағы беткі көлденең анастомозбен жалғасуы мүмкін. Аталған анастомоздық веналар бас ішінде жеке қойнаулар арасындағы венозды қан ағысын анықтауда үлкен маңызды болып саналады. Ми қарыншаларының хориоиды өрімінен венозды қан мидың үлкен венасына (Гален)(v.cerebri magna) құяды. Ол одан әрі тік синусқа құяды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет