Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Азықтық тамыртүйнектілер мен бақшалық дақылдар



бет31/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Азықтық тамыртүйнектілер мен бақшалық дақылдар.Азықтық картоп, қызылша, жер алмұрты (топинамбур), турнепс секілді тамыртүйнектер мен азықтық асқабақ, қарбыз секілді бақшалық дақылдар қысқы кезеңдегі малдың өте маңызды шырынды азығы болып табылады.
Құрамында суы көп (70-90%) болғанымен, өнімділігінің арқасында олардан егістік бірлігінен жиналатын қоректік зат көк және дәнді азықтікінен артады және негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан ...қанттар мен крахмалдан, гемицеллюлоза мен пектиндерден... тұратын құрғақ затының құнарлылығы өте жоғары. Оның құрамында биологиялық тұрғыдан құнды, мысалы, картоптың негізгі белогі болып табылатын туберин секілді протеині, макроэлементтерден калий элементі басым болып, кальций-фосфорлық қатынасы оңтайлы, күлінің реакциясы ас қорытуға жағымды сәл сілтілі болып келеді.
Азықтық тамыртүйнектілер мен бақшалық дақылдардың барлығы дерлік С мен В тобының витаминдеріне, ал сәбіз бен асқабақта каротинге (100-250 кг/мг) бай келеді. Құрғақ затының қорытылуы жеңіл және жоғары – 85-90%болғандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі құнарлы жемдікіндей 1 а.ө. жетеді.
Жиналған тамыртүйнек пен бақша дақылындағы торшалық тыныстану мен ферменттік ыдырауды тежеу үшін 0-20С аралығындағы температурада сақтау керек. Олар минус 1-1,50С- та үсікке шалдығып, +3-40С-та көп тыныстанып, көгеріп, шіри бастайды. Сақтауға суы мол ірі тамыртүйнектерге қарағанда орта және ұсақтары шыдамды келеді. Жақсы сақталуы үшін олардың тазалығы мен бүтіндігіне көңіл бөледі.
Азықтық тамыртүйнектер мен бақша дақылдары түрі, тазалығы, бүтіндігі, ірілігі мен сақталу қалпы (үсімегендігі, толықтығы, көгермендігі) бойынша бағалап, күдіктісін малға жегізер алдында тазартып, жуып, бумен өңдейді. Әсіресе, малды картоптағы соланиннің глюкозидінің түйнектегі көлемі - 10 мг%, қабықтағы көлемі - 60 мг%, сабағындағы көлемі - 700 мг% асып, уландыруынан сақтандыру керек.
Мал азығына дайындалған картопты органолептикалық тәсілмен бағалау үшін партиясынан 100 талын алып, бүтіндігі, бұзылмағандығы бойынша, қажет болса қабығын аршып көріп бағалайды. Бактериозға шалдыққан, саңырауқұлақпен зақымдалған картоптың малға жегізу мөлшерін 50%-ға азайтады. Бұл ауруларына қоса 1/3 бөлігі шіріген болса, картопты пісіріп (ол пісірілген суын төгіп барып) жегізеді, ал 2/3 бөлігі шіріген картопты малға жегізуге тыиым салады. Пісірілген картоп жарғанда ұнтақты, ақ түсті, жағымды иісті болса - жақсы, балауыз тәріздес, қарая бастаған, тартымсыз иісті болса - орта, сулы, қарайған, жағымсыз иісті болсанашар бағаланады.
Қызылшаны нитриттер көлемі бойынша бағалайды. Ол үшін қызылша тамырының әр жерінен алынған 10-15 г үлгісін колбаға салып, 50 мл дистилденген су кұяды да, 15 мин. қайнатып, бір қабат сорғыш қағаздан өткізіп, сүзеді. Сүзбені фарфор шәшкеде кептіріп, түбіндегі сарғыш тұнбаға дифениламиннің бірнеше кристалын салып, бірнеше тамшы күкірт қышқылын тамызғанда нитриты көп ерітінді - көк, ал аз ерітінді - алқызыл түске боялады.
1 кг картопта орташа - 0,3 а.ө., 12 г қорыт. прот., 0,14 г Са, 0,7 г Р; топинамбур не жер алмұртында - 0,27 а.ө., 15 г қорыт. прот., 0,4 г Са, 0,4 г Р; қант қызылшасында - 0,24 а.ө., 12 г қорыт. прот., 120-160 г қант, 0,5 г Са, 0,5 г Р; азықтық қызылшада - 0,12 а.ө., 9 г қорыт. прот., 40-60 г, кднт, 0,4 г Са, 0,4 г Р; сәбізде - 0,14 а.ө., 7 г қорыт. прот., 0,5 г Са, 0,5 г Р, 150-250 мг каротин; турнепсте - 0,1 а.е., 6 г қорыт. прот., 0,5 г Са, 0,4 г Р; азықтык. асқабақта - 0,1 а.е., 9 г қорыт. прот., 0,4 г Са, 0,3 г Р, 30-60 мг каротин; азықтық қарбызда - 0,09 а.ө., 6 г қорыт. прот., 0,2 г Са, 0,2 г Р болады.
1-тапсырма. Шаруашылықта мал азығынадайындалған тамыртүйнек пен бақшалықдақыл үлгісімен, оларды сақтау жағдайыментанысып, бағалаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет