Өмірхан Әбдиманұлы Шоқан Шортанбаев


Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912)



Pdf көрінісі
бет15/84
Дата06.01.2022
өлшемі3,36 Mb.
#13091
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
 
Әбубәкір (Кердері) Шоқанов (1958-1912). Ақтөбе облысында туып 
өскен.  Әбубәкірдің  1903  жылы  “Әдебиет  қазақия“  деген  кітабы 
шыққан.  Бұл  кітаптың  өз  кезеңіндегі  маңызы  зор.  Ондағы  өлең-
толғаулардың  тақырыбы  әркелкі.  Ақынның  заман  жайы,  қазақтың 
бұрынғы  хал-жайы,  қоғам,  адам  жайлы  өзіндік  ой  түйіндері  өте  мол. 
Дін  жолына,  ғылым-өнерге  үндеуде  өз  дәуірі  тұрғысынан  алғанда 
ілгершілдік көзқарастары бар. Ол өз тұсындағы қазаққа тән емес жат 
құбылыстарды,  ел  арасындағы  жағымсыз  мінез-құлықтарды  аяусыз 
сынайды.  Өлеңдерінің  көбі  отаршылдық  озбырлыққа  қарсылықты 
сарында  жазылған.  Көбіне  өткен  өмірдің  жақсылықты  жақтарын 
поэзиясына арқау етіп, бүгіннен түңілгендей сипат танытады. “Сырқау 
болып жатқанда“ өлеңіндегі өмір, адам туралы толғаныстары, ақындық 
ой-топшылаулары өте мәнді. Адам өмірінде ғылымбілімнің алар орны 
туралы  ақын  орнықты  ой-пікірлер  айтқан.  “Заманның  опасыз  халінде 
айтқан  өлеңінде“  өз  заманының  келбетін  кеңінен  суреттейді.  Өсиет-
терінің  өмірмен  тығыз  байланыстылығы  бар.  “Әбубәкір  молланың 
ноғай  халқына  насихат  қылып  айтқаны“  толғауында  түркі  тектес 


халықтарды  бірлікке,  ынтымақтыққа  шақырып,  діндес,  тілдес 
ұлттардың 
бірлігін 
жақтайды. 
Жалпы 
алғанда, 
Әбубәкір 
шығармашылығындағы  өмір  өзгерісін,  қайшылықтарды  сынау,  ең 
алдымен, діни ұғыммен астасып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет