Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты



Дата25.05.2023
өлшемі14,68 Kb.
#97400
Байланысты:
пән мұғалімі мінездеме


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы
6В01505 «Биология» мамандығының 4 курс студенті
Кенжебай Жанар Марғұланқызына


Мінездеме

2023 жылдың 23 қаңтары мен 05мамыр аралығында Қостанай облысы білім басқармасының" Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектеп "мекемесінен Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының 4 курс студенті Кенжебай Жанар Марғұланқызы оқу-тәрбиелік, педагогикалық практиканы өтті.


Практика барысында Жанар онлайн мектеп білім беру платформасымен, Kundelik.kz.- электрондық күнделікпен танысып, жұмыс жасады. Кері байланыс Whats App мессенджері арқылы жүргізілді. Биология пәнінен екі ашық сабақ өткізді. Балалар қашықтықтан оқыған кездерінде, ашық сабақтар қашықтықтан өткізілді. АКТ-ны жетік меңгерген. Сынақтық сабақтар өткізу үшін ZOOM білім беру платформасын пайдаланды. Сабақтар презентацияны көрсетумен, жалпы АКТ элементтерін қолданумен өтті.
3-ақпан күні 10 «Б» сыныбына «Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия» атты тақырыпта алғашқы сабағын өткізді.
17 ақпан күні 10 «Б» сыныбына «Тіршілік үшін күрес. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар» атты тақырыпта екінші сынақ сабағын өткізді. Өзінің институт қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Сабақ беру барысында машықкер сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйреніп, тәжірибе жинақтады.
Жанар өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап, өз білімін оқушыларға бере ала біледі. Сабақты өткізу барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланды.. Оқушылар мен машықкер арасында жақсы қарым-қатынас орын алды. Машықкердің сөйлеу мәнері нақты әрі дауыс ырғағы жақсы болды. Машықкер оқушылардың ақпаратты қаншалықты дұрыс меңгергенін бақылады. Машықкер сабақ өткізу барысында өз талпынысы мен білімін көрсетті. Әр сабақты өткізу кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Ұйымдастыру кезеңі мен сабақты қорытындылау барысында жаңа технологияларды іске асырды. Сабақты өткізу барысында сабаққа дайындық және сабақ жүргізу кезінде өте жақсы теориялық білім мен практикалық біліктілік көрсете білді. Сабағы қазіргі сабақ талаптарына сай болды.
Практиканы өту барысында өзінің жауапкершілігі мен сабақ беру қабілетін көрсете білді. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алады. Болашақта өзінің шеберлігін шыңдау арқылы жақсы нәтижеге жете алады.

Машықтану бағасы - «5» деген бағамен бағалаймын.


Машықтанудан өту бағасы: 95 балл
Мектеп директоры: Молдахаликов Асемхан Нуртазинович
Пән мұғалімі Муканова Гульбану Мукашева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет