Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды



бет1/7
Дата22.04.2022
өлшемі35,59 Kb.
#31875
  1   2   3   4   5   6   7

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында пайда болған режиссура өнерінің қазақ мәдениетінде жаңа эстетикалық жүйенің қалыптасуына негіз болғаны теориялық деңгейде пайымдалды. Режиссура өнерінің ұлттық кескін-келбетті ұстап тұрудағы рөлі сараланды.
ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында жаңадан шаңырақ көтерген театрмен қоса, режиссерлік өнер де қатар туды. Бұл өнердің бастауында кімдердің тұрғаны туралы осы уақытқа дейін жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде аз айтылған жоқ. Дегенмен де әлі де болса терең зерттелетін, айқындықпен баяндалатын бірқыдыру мәселелер бар. Солардың бірі қазақ режиссурасы. Қазақ театрының әлеуметтік және эстетикалық негіздері, қоғамдық ұлы өзгерістерге сабақтаса туған жаңа театрлық құбылыстар, шығармашылық күштерді ұйымдастыру сияқты мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.
Қазақ тетртану ғылымының қол жеткен табыстарын еске алған уақытта режиссура өнерінің арнайы зерттелінбей, әртүрлі пікірлердің туғанын аңғару қиындыққа түспейді. Театртану саласындағы мұндай кемшіліктің объективтік те, субъективтік те себептері бар. Тарихтан жақсы мәлім партияның ХХ съезіне дейін жеке адамға табынушылықтың зардаптары салдарынан қазақ әдебиеті мен мәдениетін өркендету жолында аянбай еңбек еткен С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты көптеген қаламгерлерлердің шығармашылығын зерттеуге мүмкіндік болмады. Одан қалды жарты ғасырдан астам уақыт бойы “халық жауы» санатында қара тізімге тіркелген күйі ел көзінен бүркеліп келген Ж.Аймауытовтың, Д.Әділұлының, С.Садуақасовтың, Қ.Кемеңгеровтың, Т.Жүргеновтың тағы да 3 басқа зиялыларымыздың шығармашылық ерекшеліктері мен театрды құруға қосқан үлестері жұртшылығымызға белгісіз болды. Содан барып театртану ғылымында қоғамдық даму мен көркемдік дамудың заңдылықтарынан гөрі тұспалдарға сүйенген, театрдың қалыптасып даму үдерісіндегі режиссердің рөлі онша ашылмай қалды. Айталық, Н.Львовтың “Казахский академический театр”, [2] “Қазақ театр тарихында” (1, 2 томдар) [3], [4], 1920-30 жылдары режиссурамен айналысқан және режиссура өнерінің қалыптасуына үлес қосқан ірі тұлғалардың есімдері ауызға мүлде алынған жоқ.
Егемендікке дейін қазақ театрының туу, қалыптасу дәуірінде орасан мол еңбек еткен әдебиет пен мәдениет, қоғам қайраткерлері орынсыз кінәланғандықтан ол кездегі театрлық атмосфера, идеялық-шығармашылық және өнерпаз күштерді ұйымдастыру мәселелері де нағыз ғылыми зерттеуден тыс қалды. Қазақ театрының алғашқы дәуірінде өздерінің ерен шығармашылық эрудициясымен жас театр өнерінің қабырғасын қатайтуға сүбелі үлес қосқан ұлт зиялыларының шығармашылығы мәлімсіз болды. Халқымыздың басынан өткерген тарихи кезеңдердің, дүрбелеңге толы дәуірлердің әсері мен ықпалы ұлттық болмысымыздың молая түсуіне мүмкіндік бермей, орасан зор орны толмас өкініштерге ұшыратқаны баршамызға белгілі.
Әдебиет пен театр жасаушы мәдениет пен қоғам қайраткерлері “буржуазияшыл”, “ұлтшыл”, “халық жауы”, “пантүркі” атанып қара күйе жағылған тұста тіл күрмеліп, көз байланды. Шындықтың жүзі бүркемеленіп, ақиқат бұрмаланды. Жариялық жылдарынан бастап режиссура өнерініңнегізін қаласқан аса көрнекті өкілдердің ақталып, театр үдерісіне қайта 4 енуі тәуелсіздік тұсындағы ұлттық театрдың тынысын ашып, бұрынғы ұғым түсініктерге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Театр өнеріндегі жаңа құбылыстарды жаңаша зерделеу бағыты айқындалды. Режиссерлік өнердің дамуын үдеріс ретінде түсіну әдістемелік тұрғыда маңызды, әрі көркем ойлаудағы әлеуметтік, тарихи өлшемді барынша ескеріп, театрдағы құбылыстарды дәуірмен, әлеуметтік өзгерістермен үндестікте саралауға бастайды. Театрдың ішкі заңдылықтарының трансформациясы, оның көркемдік өзгешелігі мен ұлттық режиссураның түлеп түрленуі дәуір тынысынан туындады.

Бүгін қазақ халқы ұлттық тәуелсіздігін танып, егеменді ел болған тұста оның ұзақ ғасырлар бойғы жасаған мәдени мұрасы мен өнерін түгендеп алу, оны бүгінгі заманның игілігіне жарату тәрізді маңызды міндетті іске асыруда мемлекетіміз де қарап қалған жоқ. Қызыл қырғын мен жаппай қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына байланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жариялануы, келесі 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы, ғасырлар тоғысындағы 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде тарихи әділет үстемдік алып, зерде жаңарып, сана сауыққандай болды. Төл тарихымызды, елдік дәстүр, халықтық тағдыр талайымызды танып-білуде, ескерткіш мұрағаттарымызды жинастыру мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Жинақталған мәдени мұра мен рухани қазынаның дәнін тауып, сөлін сүзіп ұлттың кәдесіне жарату зиялы қауым мен ғалымдарға жүктелетін шаруа.
5
Қазақ режиссурасының тарихи даму жолы, театрлық құбылыстарды жаңа көзқарастар тұрғысынан, қазіргі түсініктер рухында, театрдың әлеуметтік, эстетикалық қызметін жаңаша саралау, бірінші кезекте жаңа әдіснамалық деңгейде қарастыруды талап етеді. Театрлық үдерісті талдау, театр режиссерлерінің шығармашылық шеберлігі мен қарымын бағалау, жалпы халықтық, жалпыұлттық және гуманистік идеяларға басымдылық беру қажеттілігінен туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет