Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» Мақсаты



Дата16.06.2022
өлшемі17,31 Kb.
#36949
Байланысты:
сайыс (копия)


Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты қыздар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер.Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.
Жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен
Ендеше, “Қыз сұлу көрінер өнерімен” атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ.(Есімдері мен топтарын атап ортаға шақыру)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:
1-
2-

Даланың терең жұтсақ ауасы кең,
Танысайық бұл кештің шарасымен:
Бүгінгі байқауда аруларымыз 3 бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1. «Мен қазақтың қызымын» - Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
2.«Адам көркі - шүберек» - сән үлгілерін көрсету. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген сән үлгісін көрсетеді және сол киім үлгісінің қалай тігілгені жөнінде сөз етеді. Қатысушылардың сән үлгісіне, жүріс тұрысына,сөз мәнеріне ерекше мән беріледі.
3.Өз өнері.Дәл осы жерде қатысушы қыздар өз қолдарымен ою ойып,жабыстырады және оюдың атауымен таныстырады.
Ендеше қатысушы қыздарымызды сахна төрінен қошеметпен шығарып салайық.
Ән:Қыздарымыз дайын болғанша әсем әнге кезек берейік………….. орындауында …….әнімен қарсы алайық.
Қатысушылар тізімі ретімен: “1-Бөлім Таныстыру”
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
2-бөлім. “Адам көркі-шүберек” сән үлгісін көрсету. Қыздарымыз сән үлгісіне дайындалып болғанша ……………………орындауында әсем әнге кезек берейік.
(қыздарды ретімен шығару)
3-бөлім.Өз өнері.Ою ойып оларды таныстыру керек.
Жүргізуші:
Өнердің сан түрлерін сараладым,
Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Әзірге әділқазылар өз шешімдерін айтпас бұрын концерттік номерге кезек берейік.
(Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.)
Құттықтау, марапаттау.
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз! «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет