Он көлеміндегі сандарды оқыту Жүз көлеміндегі сандарды оқыту



Дата02.06.2022
өлшемі16,09 Kb.
#36189

  1. Он көлеміндегі сандарды оқыту

  2. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту

  3. Мың көлеміндегі сандарды оқыту

  4. Көп таңбалы сандарды оқыту

  5. Пайыз ұғымын оқыту (4-сынып)

  6. Бөлшектерді оқыту (4-сынып)

  7. Массаны оқыту әдістемесі

  8. Уақытты оқыту әдістемесі

  9. Ұзындықты оқыту әдістемесі

  10. Көлем мен сыйымдылықты оқыту әдістемесі

  11. Ауданды оқыту әдістемесі

  12. Үлесті оқыту әдістемесі

  13. Есеп ұғымы. Есепті шешу кезеңдері

  14. Кері және өзара кері есептер

  15. Қозғалысқа берілген есептер

  16. Пропорционал шамалармен байланысты есептер

  17. Өрнек, санды теңдік, теңсіздікті оқыту

  18. Теңдеулер

  19. Қарапайым геометриялық фигуралар

  20. Жазықтық фигураларын оқыту

  21. Кеңістік фигуралары.

  22. Жаңартылған білім беру бойынша математика пәнін оқытуда басшылыққа алынатын құжаттар

  23. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

  24. Бастауыш сыныптағы оқу жылының ұзақтығы және апталық жүктеме мөлшері

  25. 145 . 12 көбейтуін баған түрінде орындауды түсіндір

  26. Шамалардың өлшем бірліктерін түрлендір: а) 5 м 7 дм = ... мм; ә) 14 кг = ... г; б) 24 мин = ... с; в) 40000000 мм2= ... дм2. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға қандай білім, білік, дағдылар қажет болатынын түсіндір.

  27. Санның үлесін табуға және үлесі бойынша санды табуға берілген есептер құрастыр

  28. Шамаларды түрлендіруді орында: а) 24 м2 = ... см2; ә) 384 мин = ... сағ ... мин; б) 2 000 000 дм3= ... м3. Тапсырманың мақсаты не? Орындау үшін оқушыларға қандай білім, білік, дағдылар қажет болады?

  29. а + 20 = 14 . 15 теңдеуін шеш. Шешу жолын түсіндір. Теңдеуді шешу үшін оқушыға қандай білім, білік, дағдылар қажет?

  30. 1104:24, 125 . 14 өрнектерінің мәнін жазбаша табуды түсіндір.

  31. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру тәсілдерін түсіндір, мысал келтір

  32. Бір бағыттағы қозғалысқа берілген есеп құрастыр және шығар.

  33. Азайту амалының белгісіз компоненттерін табу ережесін түсіндір

  34. Бөлу амалының белгісіз компоненттерін табу ережесін түсіндір

  35. Қосу және көбейту амалдарының белгісіз компоненттерін табу ережесін түсіндір

  36. Бұрыш ұғымын және бұрыш түрлерін бекітуге арналған тапсырма құрастыр

  37. Теңдеуді шешу кезінде оқушылардың жіберетін қателіктері және оларды болдырмау жолдары

  38. Көп таңбалы сандардың жазылуындағы кластар мен разрядтарды мысалдар арқылы түсіндір

  39. «Тіктөртбұрыштың периметрі» тақырыбы бойынша тапсырма құрастырып, тапсырма үшін дескриптор жаз

  40. Комбинацияға берілген тапсырма құрастыр.

  41. «Салыстыр: 26+9 және 27+8» тапсырмасы үшін дескрипторды жаз.

  42. Белгісіз азайғышы бар теңдеуді шешуді түсіндір (1-сынып)

  43. Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешуді түсіндір (1-сынып)

  44. Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешуді түсіндір (1-сынып)

  45. 1-сынып үшін уақыт ұғымын бекітуге арналған тапсырма құрастыр

  46. Фигураның ауданын палетканың көмегімен табуды түсіндір

  47. Он көлеміндегі қосу кестесін (теңдіктер түрінде және шаршы түрінде) көрсет

  48. Дөңгелек пен шеңбер ұғымдарын пысықтауға арналған тапсырма құрастыр.

  49. 1-сынып үшін масса ұғымын пысықтауға арналған тапсырма құрастыр

  50. «Кітапханада бір күнде жануарлар туралы 17 кітапқа, ал одан 9-ы артық ертегілер кітабына тапсырыс берілді. Барлығы неше кітапқа тапсырыс берілді?» Берілген құрама есепті жай есептерге жікте.

  51. «Сәрсенбі күні кітапханаға 21 бала, ал бейсенбі күні одан 9 бала артық келді. Бейсенбіде неше бала келді?» Есепті шығар және кері есептер құрастыр.

  52. Жиындардың қиылысуы мен бірігуін (2-сынып) түсіндіруге арналған тапсырмалар құрастыр.

  53. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмін түсіндір: 15+28, 43-15

  54. «Мерекеге арнап 17 шар сатып алынды. 6 шар жарылды. Неше шар қалды?» Есептің сызбасын құрастыр және шығар. Кері есептер құрастыр.

  55. Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендіруге және амалдар қолдануға тапсырма құрастыр. (2-сынып)

  56. Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есеп құрастыр, сызбасын сал, шығар.

  57. Заттың бағасын, құнын және санын табуға берілген жай есептер құрастыр

  58. Рим цифрларын оқыту (2-сынып)

  59. 3-сынып үшін кез келген тақырыпқа математикалық диктант құрастыр (10 сұрақ)

  60. Педжағдаят: Оқушының шығарған есебін дәптерге дұрыс деп белгілеп, жақсы баға қойып жібердіңіз. Келесі күні ата-анасы есептің қате екендігін анықтап, сізге алып келді. Сіздің әрекетіңіз.

  61. Сызықтардың түрлерін ажыратуға берілген тапсырма құрастыр. (1-сынып)

  62. Текше мен тік бұрышты параллелепипедке сипаттама бер, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын, көлемдерін, бір жағының ауданын табуды түсіндір.

  63. Көпбұрыштар туралы білімді бекітуге арналған тапсырмалар құрастыр.

  64. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есеп құрастыр және шығар

  65. Ауданның өлшем бірліктерін түрлендіруге берілген тапсырма құрастыр.

  66. Жылдамдықты, уақытты, қашықтықты табуға берілген жай есептер құрастыр

  67. «Тіктөртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 6 см, ал екіншісінің ұзындығы одан 3 есе кем. Тіктөртбұрыштың периметрін тап. Әртүрлі тәсілмен есепте». Есепті шығар. Есепті шығару үшін оқушыға қандай білім, білік, дағдылар қажет?

  68. Тік төртбұрыш пен шаршыға сипаттама бер, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын, ауданын табуды түсіндір.

  69. Бүтіннің бөлігін табуға берілген есеп құрастыр және шығар. (4-сынып)

  70. Бөлігі бойынша бүтінді табуға берілген есеп құрастыр және шығар. (4сынып)

  71. «Саудаға қатысты есептер» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар бөліктерін жаз: оқу мақсаты, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, тілдік мақсаттар (1-сынып)

  72. «Үш-үштен комбинациялар нұсқасы» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар бөліктерін жаз: оқу мақсаты, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, тілдік мақсаттар (2-сынып)

  73. «Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар бөліктерін жаз: оқу мақсаты, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, тілдік мақсаттар (3-сынып)

  74. «2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар бөліктерін жаз: оқу мақсаты, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері, тілдік мақсаттар (4-сынып)

  75. Сызықтардың түрлерін ажырату бойынша тапсырма құрастыр. Тапсырма үшін дескриптор жаз. (1-сынып)

  76. Геометриялық мазмұндағы есептерді шығару бойынша 2 тапсырма құрастыр. Тапсырмалар үшін дескриптор жаз. (2-сынып)

  77. Симметриялы және симметриялы емес жазық фигуралар бойынша 2 тапсырма құрастыр. Тапсырмалар үшін дескриптор жаз. (3-сынып)

  78. Құрама фигуралардың ауданын табу бойынша 2 тапсырма құрастыр. Тапсырма үшін дескриптор жаз. (4-сынып)

  79. Бастауыш сыныптардағы комбинаторикалық есептер.

  80. Математика сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану

  81. Көп таңбалы сандардың жазылуындағы кластар мен разрядтар.

  82. Көбейту мен бөлуге берілген 2 жанама есеп құрастыр және шығар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет