1. жалпы мәліметтер пән оқытушылары



бет1/7
Дата08.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#106675
  1   2   3   4   5   6   7


1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР




Пән оқытушылары: п.ғ.к., доцент Елеусинова Г.Е.
Электронды адрес: Eleusinova71@mail.ru
Zoom идентификаторы 3778152246, пароль: Asylzhan2011.
магистр Изтлеуова С.Ш.
Электронды адрес: Samanta.Iztleuova@ mail.ru
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні, мақсаты мен міндеті, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдері. Фонетиканы оқыту әдістемесі. Грамматика мен сөзжасамды оқытудың әдістемесі.Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту. Сын есім туралы жалпы түсінік.Сан есім туралы жалпы түсінік, сан есімді оқыту әдістемесі.Бастауыш сыныпта етістікті оқыту әдістемесі.Есімдік туралы жалпы түсінік, бастауышта есімдікті оқыту әдістемесі.Орфографияны оқыту әдістемесі.Тіл дамыту әдістемесі.Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту әдістемесі.Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында білім, білік дағдыны есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқыту мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі» пәнінің мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін, кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
А) Оқытылатын пәннің теориялық негіздерін білу; білім берудің қазіргі даму кезеңіндегі оқытылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін түсінуі
В) Оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны тұрғысынан білім мен дағдыларды ірілендіруге және қазіргі қоғамдастықты табысты әлеуметтендіру мен интеграциялауда педагогикалық білімді қолдана білу
С) Қазақ (орыс) тілі, математика, жаратылыстану оқу пәні ретінде ерек
шеліктерін, білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлеріне сай қазақ (орыс) тілі, математика, жаратылыстану пәндерінің мақсаты мен міндеттерін білуі, талдауы
D) Жеке іс-әрекеттерде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану: ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату интернет ресурстары, бұлт және мобильді қызметтер
Е) Тарих, философия және әлеуметтік-саяси пәндер туралы негізгі білімді ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың түрлі салаларында жағдайларды бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет