Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі- ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндіріс құрайды.
Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
Бөлу – әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрғын үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процессінде жасалады.
Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процессі. Бұл процесстің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процессінде игіліктерімен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» леген түсінік өндірістің әртүрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процессінде қолдануға болатын қоршаған ортаның ресурстары, пайдалы қазбалары.
Материалдық ресурстар – дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарна қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер – бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процессінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаға технологияларды, жаға материалдарды және тағы да басқа қызмет еттіреді. Технологиялық қатынастар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістік технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.
Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады
Достарыңызбен бөлісу: |