Өндірістік тәжірибе мақсаты



бет1/9
Дата16.05.2023
өлшемі97,8 Kb.
#93256
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. 


Өндірістік тәжірибе мақсаты:

  • теоретикалық білімді ары қарай тереңдетіп, бекіту,

  • қаржылық – экономикалық талдау аймағында қажетті іс-тәжірибелік дағды мен іскерліктерге ие болу,

  • есептік – аналитикалық жұмыстардың автоматтандырылуының бағдарламалық тәсілдерін пайдалану,

  • мекеме жұмысының нәтижелерін объективті бағалау, шаруашылық етудің тиімділігінің ары қарай өсу резервын анықтау,

  • ұсынылған тауар, жұмыс және қызметке деген сұранысты толығымен қанағаттандыру жолдарын іздеу.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • мекемемен, оның құрылымымен, өнімнің технологиясымен, өндірістік және басқарушылық бөлімшелердің негізгі қызметтерімен танысу;

  • мекемедегі есептік жұмыс іс-тәжірибесін, басқару құралының құрылымын, есептеу мен талдаудың қолданылатын тәсілдерінің автоматтандырылуы, қаржылық құжатнамалар мен құжат айналымының сызбасы құрамы мен мазмұнын зерттеу;

  • есептеу мен талдау ұйымының сыни талдауы, олардың ары қарай толық жетілуіне ұсыныстар енгізу.

Яғни кәсіпорынның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат беретін бухгалтерлік есептің бүгінгі күнгі басқару жүйесіндегі маңызы зор. Осыған орай, бухгалтерлік есеп саласында жоғары оқу орнында алынған теориялық білімдерді тәжірибиеде пайдалану үшін өндірістік тәжірибиесі өтілетін орын болып "Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалды.
Мен «Есеп және аудит» мамандығының оқушысы Алимова Жанель өндірістік тәжірибемді 2021 жылғы 24 мамыр айынан 27 маусым айы аралығында "Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің бухгалтерия бөлімінде бухгалтердің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеден өттім.
"Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік практика өту барысында келесі міндеттерді орындадым:
- кәсіпорынмен, оның қызмет саласымен, заңы мен құқықтарымен, басқаруы мен ұйымдастыру құрылымымен танысу;
- бухгалтерия жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу;
- бас бухгалтер мен бухгалтерияның өзге де қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерімен танысу;
- кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру;
- алғашқы құжаттармен танысу;
- бухгалтердің жұмыс орнында өзіндік жұмыс дағдысы мен тәжірибе жинау;
- қаржылық есептілікті құру мен ұсыну тәртібімен танысу;
- өнім өндіруге кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Өндірістік тәжірибиесінің негізгі мақсаты білім алушылардың жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибие негізінде бекіту болғандықтан, ол жерде жинақтаған білімімді қолдандым және қабылданған материалдардың, шот фактуралардың, жүк құжаттары мен орындалған жұмыстардың актілерін қабылдап, жинақтау және «1С: Кәсіпорын 8.2» бағдарламасында жүргізуді үйрендім.

1 Ұйымның жалпы сипаттамасы


"MARJAN QURYLYS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БИН 141040015860
Орысша аты: ТОВАРИЩЕСТВО С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ "MARJAN QURYLYS"
Қазақша аты: "MARJAN QURYLYS" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
Заңды мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Шәймерден Қосшығұлұлы, 11
Басшысы: Айтмағамбетов Жанболат Борамбайұлы
Қызмет түрі: Тұрғын үйлердің құрылысы
Тіркелу күні: 17 қантар 2014 жылы

"Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – ұйымдық - құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, орыс және мемлекеттік тілдегі өзінің атауы мен мөртаңбасы бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.


"Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіyде бухгалтерлік есепті бухгалтер жүргізеді. Бухгалтерлік есеп келесі нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерияда жүргізіледі:

  1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы, 02.28. 2007. No 234-ІІІ (өзгерістер мен
толықтырулармен 04.07.2013 ж.);

  1. "Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Есеп

саясаты;

  1. "Marjan qurulys" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік

есеп жоспарымен жұмыс жасау;

  1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастыру бойынша

нормативтік құқықтық актілер.
"Marjan qurulys" ЖШС-де бухгалтерлік есебі мынадай қағидаттарға сәйкес жүргізіледі:

  • кірістерді тапқан кезде (өтеу алған кезде емес) және шығыстар пайда болған кезде танылатын есептеулер;

  • компания жақын болашақта жұмыс істейді және жалғастырады деген болжам бойынша қаржылық есептілік дайындалатын үздіксіз концерн.

"Marjan qurulys" ЖШС-гі бухгалтерлік есеп нысаны журнал-ордер болып табылады. Бухгалтерлік есеп «1С: Кәсіпорын 8.2» бухгалтерлік бағдарламасында дербес компьютерлердің көмегімен автоматтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулыларымен бекітілген және шаруашылық операциясының фактісін белгілейтін бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Бастапқы құжаттың электрондық кескіні қағазда жасалған бастапқы құжаттың күшіне ие. "Marjan qurulys" ЖШС-гі бастапқы құжаттар операцияны жүргізу кезінде, ал бұл мүмкін болмаса – операция аяқталғаннан кейін бірден рәсімделеді.
Біртекті шаруашылық операциялары үшін жиынтық есеп құжаттары (түгендеулер, ведомостар және т.б.) жасалады, егер оларға бастапқы құжаттар тіркелген болса, олардың дәлелдеу мәні сақталады.
Бастапқы құжаттар мен есепке алу регистрлерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер болып табылады, оларға қол жеткізу "Marjan qurulys" ЖШС-нің басшылығының рұқсаты бар тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстанның Республика заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана беріледі.
"Marjan qurulys" ЖШС-нің бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрлерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде, қаржылық есептілікті, есеп саясатын, бухгалтерлік есеп деректерін электрондық өңдеуге арналған бағдарламаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақтайды (Республикалық Кодекстің 66-бабы. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»).
Кесте 1 Құжаттарды сақтау мерзімі
Кесте 1



Құжаттың атауы

Сақтау мерзімі

1



Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі және оларға түсіндірме жазбалар
А. Біріктірілген жылдық
Б. Жылдық
В. Тоқсандық
Негізгі құралдарды қайта бағалау және амортизациялық аударымдарды есептеу актілері, актісі

Үнемі
Үнемі


5 жыл
Үнемі

2

Жеке шоттар:
А. Жұмысшылар мен қызметкерлер
В. Зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алушылар

75 жыл
5 жыл



3

Жоғарыда көрсетілмеген барлық басқа құжаттар

5 жыл






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет