Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


«Қазақстан  Республикасының  геогра-



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата08.02.2017
өлшемі1,23 Mb.
#3663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Қазақстан  Республикасының  геогра-

Орайлы ұсыныс

71

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

фия лық атау ла рының қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ 

тіліне берілуібойынша» ұсынымынасәйкес берілуін басшылыққа алу;

11) өзгертілген көшелер, даңғылдар, орамдар және т.б. атауларының көрсет-

кіштері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық онома-

стика комиссиясы мақұлдаған 



«Республикалық, облыстық, аудандық маңызы 

бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі 

көше  аншлагтарын  жазу  және  орналастыру  жөніндегі»  ұсынымға  сәйкес 

берілуін басшылыққа алу. 



3. Объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі

3. Объектілерге атау беру және қайта атау кезінде:

3.1.Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық  онома-

стика комиссия  мемлекет меншігіндегі объектілерге, мемлекет қатысатын заңды 

тұлғаларға және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне 

(даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, саябақтарға, көпірлерге) атау беру және 

оларды қайта атау жөнінде шешім қабылдау кезінде ең бірінші кезекте Қазақ 

халқының, қазақ елінің тарихында айрықша орын алатын, жалпы халық білетін 

әрі  құрмет  тұтатын  ұлы  тұлғалардың,аса  көрнекті  мемлекет,  қоғам,  ғылым, 

мәдениет қайраткерлерінің, мемлекеттік жоғары наградалармен  марапатталған 

және басқа да  ерекше еңбек сіңірген жеке адамдардың есімдерін беруді негізге 

алуы қажет;

3.2. білім және мәдениет мекемелеріне Қазақстан тарихындағы аса көрнекті 

тұлғалардың, аталған салаларға айрықша еңбек сіңірген республикаға танымал 

адамдардың ғана есімдері берілуі шарт;

3.3.бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi объектілерге (белім беру, мәде-

ниет, спорт және денсаулық мекемелері) бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібін 

қа  таң бақылау;

3.4. тұлғаларға атау беру олардың қайтыс болған күнінен бастап кемінде 5 

жыл өткен соң ғана жүзеге асырылады;

3.5.  облыстық,  аудандық  маңызы  бар  қалалардағы  объектілерге,  мемлекет 

қатысатын  заңды  тұлғаларға  және  басқа  да  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің 

құрамдас бөліктеріне (даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, саябақтарға, кө пір­



лерге) атау беру және қайта атауда бірінші кезекте осы ұсынымның 3.1. тәр ті бін 

басшылыққа алады;

3.6. жергілікті атқарушы органдар тарапынан ономастикалық нысандардың та-

рихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіруге қатысты ұсыныстарды(қабылдау/

қарастыру) зерделеу және пысықтау мақсатында құрылған ғалымдар мен онома-

стика саласының мамандарынан тұратын жұмыс топтарының сараптамаларын 

негізге алады;

Орайлы ұсыныс


72

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

3.7. объектілерді көзі тірі адамдардың есімдерімен атауға болмайды;

3.8. объектілерге атау беру, атау берілген (өзгертілген) күнінен бастап он жыл 

өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады;

3.9.әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, 

автовокзалдарға объекті орналасқан сол елді мекеннің, қаланың атауы беріледі, 

бірнеше объектілер кездескен жағдайда олар реттік сандармен белгіленеді (мы-

салы, 1- Астана, 2- Астана);

3.10.метрополитен стансаларының атауы объектінің орналасқан аудан, көше, 

әкімшілік  ғимаратының,  табиғи,  тарихи-мәдени,  қала  құрылысы  және  өзге  де 

маңызды объектілерге сәйкес алынады;

3.11.  ұсынылатын  атаулар  Қазақстан  Республикасының  тарихы  мен  мәде-

ниетіне,  мемлекеттік  және  қоғамдық  мүддеге,  моральдық  және  адамгершілік 

қағидаларына  сәйкес  келуі  тиіс,  сонымен  бірге  нысан    атаулары  атқаратын 

қызметіне сай ақпарат беруі тиіс.

4. Физикалық-географиялық объектілерге атау беру және

 қайта атау тәртібі

4.1. физикалық-географиялық объектілерге атау беру және қайта атау кезінде 

өзінің  тарихи  атауымен,  объектінің  орналасқан  елді  мекен  атауымен,  табиғи, 

тарихи-мәдени және өзге де маңызды объектілердің атауымен атау

4.2.өзгертілген  физикалық-географиялық  атаулар  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған 



«Қазақстан  Республикасының  географиялық  атауларының  қазақ  тілінен 

орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне берілуі бойынша» ұсынымына 

сәйкес берілуін басшылыққа алу.



5. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және 

қайта атау тәртібі

5. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау кезінде:

5.1. елді мекенді тарихи атауымен қайта атау кезінде оның ұлттық байырғы 

атауы туралы расталған мұрағаттық құжаттар, жазбаша тарихи деректер ескеріле 

отырып, негізге алынады;

5.2.  мұрағат  құжаттары,  жазбаша  тарихи  деректер  болмаған  жағдайда, 

жергілікті көнекөз қариялардың, ғалымдардың, өлкетанушылардың пікірлеріне 

сүйену қажет;

5.3.  жергілікті  жердің  географиялық  ерекшеліктері,  климаттық  жағдайлары 

ескеріледі;

5.4.қалаларға,  қала  үлгісіндегі  кенттерге,  аудандарға,  ауылдарға,  ауылдық 

округтерге кісі есімдері берілмейді;



Орайлы ұсыныс

73

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

5.5. бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегiелдi мекендерге, елдiмекен дер-

дiң құрамдас бөлiктерiнебiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібін қатаң ба қылау;

5.6.әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атау оның атау берілген (өзгертілген) 

күнінен бастап кемінде он жыл өткен жағдайда ғана жүзеге асырылады;

5.7.өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің атаулары Қазақстан Респуб-

ликасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұл-

даған 


«Қазақстан  Республикасының  географиялық  атауларының  қа зақ 

тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне берілуі бойынша» ұсы ны-

мына сәйкес беріледі.



6. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне 

атау беру және қайта атау тәртібі

6.  Әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру  және 

қайта атау кезінде:

6.1.  бірінші  кезекте  осы  ұсынымдардың  3.1.,  3.4.,  3.5.  тәртібі  басшылыққа 

алынады;

6.2.  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Республи-

ка  лық  ономастика  комиссиясы  мақұлдаған  әкімшілік-аумақтық  бірліктер  мен 

олардың  құрамдас  бөліктеріне  (даңғылдарға,  көшелерге,  орамдарға,  саябақ­



тарға, көпірлерге) атау беру және оларды қайта атау кезінде бірінші кезекте  та-

рихи, байырғы жер-су атаулары негізге алынады;

6.3.мағыналары  тар  атаулар  немесе  жалпылық  сипатта  болатын,  жеке 

тұлғалардың есімдеріне меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атауларға негізделмеген 

атаулардың берілмеуі қадағаланады (Мысалы: Ботагөз, Қарлығаш, Замандас­

тар, Мектеп, Мерей,  Мұрагер т.б.);

6.4. бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдiмекендерге, елдiмекен дер-

дiң құрамдас бөлiктерiнебiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібін қатаң бақылау;

6.5.әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  құрамдас  бөліктерін  қайта  атау  оның 

атау берілген (өзгертілген) күнінен бастап кемінде он жыл өткен жағдайда ғана 

жүзеге асыру;

6.6.  әкімшілік-аумақтық  бірліктер  мен  олардың  құрамдас  бөліктеріне  атау 

беру  және  оны  қайта  атау  кезінде  берілетін  атаулардың  мағынасы,  сондай-

ақ  атаудың  тарихи  және  мәдени  құндылығы  солардың  сипатына,  жағдайына, 

тұрқына сәйкес келуі тиіс. 

6.7. өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері атау ла-

ры ның көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Респуб-

ликалық ономастика комиссиясымен  мақұлданған  

«Республикалық, облыс-

тық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа 

да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегі» 

ұсынымға сәйкес берілуін басшылыққа алу.



Орайлы ұсыныс

74

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

7. Атау беру және қайта атау кезінде тиісті аумақ 

халқының пікірін ескеру тәртібі

7.Тиісті  аумақ  халқының  пікірін  ескеру  тәртібі  қолданыстағы  2014  жылғы 

24  ақпандағы  №  138  Үкіметтің  қаулысымен  бекітілген  «Әкімшілік-аумақтық 

бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, 

сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде 

тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады:



7.1. республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы) тиісті 

аумақ халқының пікірін ескеру:

7.1.1.  республикалық  маңызы  бар  қалалардағы  (Астана  мен  Алматы)аудан-

дарға, қаладағы құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезін-

де,тиісті  жергілікті  атқарушы  органдар  тиісті  аумақ  халқының  пікірін  ескеру 

үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың қарауына енгізеді;

7.1.2.тиісті  аумақ  халқының  пікірі  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының 

өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді; 

7.1.3.тиісті  мәслихаттардың  тұрақты  комиссияларының  хаттамалары  жеті 

жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында 

орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тарала-

тын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады; 

7.1.4.тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресім-

делген республикалық маңызы бар қаладағы аудандарға, құрамдас бөлік теріне 

атау  беру  және  оларды  қайта  атау  кезінде  тиісті  аумақ  халқының  ескерілген 

пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 

тиісті ономастика комиссияларының (Республикалық ономастика комиссиясы) 

қарауына ұсынылады;

7.1.5.республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін, Респуб-

ликалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  (Астана  мен  Алматы)  ономас -

тика комиссиясы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы 

аудандарына,  құрамдас  бөлiктерiне  атау  беру,  оларды  қайта  атау  бойынша 

қорытындылар береді;

7.1.6.  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  қаладағы  аудан-

дарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  жөнiндегi  мәселені 

республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жергiлiктi  өкiлдi  және 

атқарушы органдары республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен 

кейін, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссия-

сының қорытындысы негiзiн дешешім шығарады.

Орайлы ұсыныс


75

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

7.2.Облыстық  маңызы  бар  қалалардағы  (облыс  орталықтары  мен 

облыстық маңызы бар қалалар)тиісті аумақ халқының пікірін ескеру:

7.2.1. облыстық маңызы бар қалалардағы (облыс орталықтары мен облыстық 

маңызы бар қалалар)аудандарға, қаладағы құрамдас бөліктеріне атау беру және 

оларды  қайта  атау  кезінде,  тиісті  жергілікті  атқарушы  органдар  тиісті  аумақ 

халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың, 

яғни облыс орталығының, облыстық маңызы бар қаланың қалалық мәслихаттың 

қарауына енгізеді;

7.2.2. тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының 

өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді; 

7.2.3.тиісті  мәслихаттардың  тұрақты  комиссияларының  хаттамалары  жеті 

жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында 

орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тарала-

тын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады; 

7.2.4.  тиісті  мәслихаттардың  тұрақты  комиссияларының  хаттамасымен 

ресім делген облыстық маңызы бар қаладағы аудандарға, құрамдас бөліктеріне 

атау  беру  және  оларды  қайта  атау  кезінде  тиісті  аумақ  халқының  ескерілген 

пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 

тиісті ономастика (Республикалық ономастика комиссиясы) комиссияларының 

қарауына ұсынылады;

7.2.5.  республикалық  ономастика  комиссиясымен  келісілгеннен  кейін, 

облыстық  өкілді  және  атқарушы  органдар  облыстық  маңызы  бар  қаладағы 

аудандарға, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау бойынша мәселе 

облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен жүзеге асы-

рады.


 8. Облыстық өкілді және атқарушы органдардың қызметі

8. Облыстық өкілді және атқарушы органдар:

8.1.  облыстық  ономастика  комиссиясының  құрамына  филолог  мамандар, 

тарихшылар, өлкетанушылар және тағы басқа да ономастика саласын зерттеп 

жүрген ғалымдарды енгізеді;

8.2. облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып табылатын 

тіл  саясатымен  айналысатын  басқармалар  облыстық  маңызы  бар  қалалардың 

құрамдас  бөліктеріне  (көше,  даңғыл,  орамдар,  саябақ  және  т.б)  атау  беру 

және  қайта  атау  бойынша  тиісті  жұмыстар  жүргізіп,  құжаттарды  сараптап, 

толықтырып,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық 

ономастика комиссиясының қарауына ұсынады;

8.3.  елді  мекендерді,  кенттерді,  ауылдық  округтерді,  ауылдарды  және  т.б. 

атау және қайта атау мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы 

Орайлы ұсыныс


76

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Республикалық ономастика комиссиясының келісімінен кейін облыстық онома-

стика комиссиясының отырысында қаралады;

8.4.  бiр  әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктiң  шегiндегi  елдiмекендерге,  елдiмекен-

дер дiң құрамдас бөлiктерiнебiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібініңсақталуын 

қатаң бақылайды;

8.5.облыстық  маңызы  бар  қалалардың  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру 

және  қайта  атау  кезінде  тиісті  аумақ  халқының  пікірін  ескеру  қолданыстағы                   

2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-

аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды 

қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен 

өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес және 

осы  ұсынымның  7-бөлігінде  көрсетілген  талаптарға  сәйкес  тиісті  жұмыстар 

жүргізеді;

8.6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономас-

ти ка комиссиясының қарауына жолданатын құжаттарды сараптап, яғни қолда-

ныстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы әдістемелік ұсынымда 

көрсетілген тәртіпке сәйкес жолдануын жіті қадағалайды;

8.7. қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы әдістемелік 

ұсынымда көрсетілген тәртіпке сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдамай, кері 

қайтарады; 

8.8. сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды                        11-бөлікте 

көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;

8.9. атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша республи-

ка халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында халықпен  түсіндіру 

жұмыстарын, мерзімді баспасөзде материалдар жариялау, теледидар мен радио-

дан (белгілі зиялы қауым өкілдерін тарта отырып) хабарлар ұйымдастырады;

8.10. ономастиканың көкейтесті проблемалары бойынша республикалық кон-

ференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

9. Қалалық өкілді және атқарушы органдардың қызметі

9.1. қалалық өкілді және атқарушы органдардың жанынан ономастика саласы-

на қатысты құрамы ғалымдар (филолог, тарихшы, өлкетанушы және ономасти-

ка саласын зерттеп жүрген белгілі ғалымдар) мен арнайы мамандардан тұратын 

жұмыс топтары құрылады;

9.2. аталған жұмыс топтары қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;

9.3. жұмыс топтары облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне 

(көше, даңғыл, орамдар, саябақ, және т.б) атау беру және қайта атау бойынша 

тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарды сараптап, толықтырып, облыстық өкілді 

және атқарушы органдарға ұсынады;

Орайлы ұсыныс


77

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

9.4. бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге, елдi мекен-

дердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібінің сақталуын 

қатаң бақылайды;

9.5.облыстық  маңызы  бар  қалалардың  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру 

және  қайта  атау  кезінде  тиісті  аумақ  халқының  пікірін  ескеру  қолданыстағы                   

2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-

аумақтық  бірліктерге,  елді  мекендердің  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  олар-

ды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен 

өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес және 

осы  ұсынымдағы  7-бөлігінде  көрсетілген  талаптарға  сәйкес  тиісті  жұмыстар 

жүргізеді;

9.6.облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын құжаттарды 

сараптап,  яғни  қолданыстағы  заңнамада  көрсетілген  критерийлерге  және  осы 

әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген тәртіпке сәйкес жолдануын жіті қадаға-

лай ды;


9.7. қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы әдістемелік 

ұсынымда көрсетілген тәртіпке сәйкес келмейтін құжаттарды қабылдамай, кері 

қайтарады;

9.8. сыртқы жарнама  мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды 11-бөлікте 

көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;

9.9.атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша  республи-

ка халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында халықпен  түсіндіру 

жұмыстарын, мерзімді баспасөзде материалдар жариялау, теледидар мен радио-

дан (белгілі зиялы қауым өкілдерін тарта отырып) хабарлар ұйымдастырады;

9.10. ономастиканың көкейтесті проблемалары бойынша республикалық кон-

ференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

10.Аудандық өкілді және атқарушы органдардың қызметі

10.1. аудандық өкілді және атқарушы органдардың жанынан ономастика са-

ласына қатысты құрамы ғалымдар (филолог, тарихшы, өлкетанушы және оно-

мастика  саласын  зерттеп  жүрген  белгілі  ғалымдар)  мен  арнайы  мамандардан 

тұратын жұмыс топтары құрылады;

10.2. аталған жұмыс топтары аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;

10.3.бұл  арнайы  құрылған  жұмыс  топтары  тиісті  өңірлерде  байырғы  елді 

мекендердің  тарихи  атауларын  қайтару  мақсатында  көнекөз  қарияларды, 

өлкетанушыларды, тарихшыларды тарту арқылы  жұмыстар жүргізуі қажет; 

10.4. елді мекендерді (ауыл, ауылдық округтер және т.б.) және аудандық маңызы 

бар қалалардың құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл, орамдар, саябақ және т.б) 

Орайлы ұсыныс


78

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

атау беру және қайта атау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарды са-

раптап, толықтырып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынады; 

10.5.  бiр  әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктiң  шегiндегi  елдi  мекендерге,  елдi  ме-

кендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібінің сақ-

талуын қатаң бақылайды;

10.6. облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын құжаттар-

ды  сараптап,  яғни  қолданыстағы  заңнамада  көрсетілген  критерийлерге  және 

осы  әдістемелік  ұсынымдарда  көрсетілген  тәртіпке  сәйкес  жолдануын  жіті 

қадағалайды;

10.7.  қолданыстағы  заңнамада  көрсетілген  критерийлерге  және  осы  әдіс-

темелік  ұсынымдарда  көрсетілген  тәртіпке  сәйкес  келмейтін  құжаттарды 

қабылдамай, кері қайтарады;

10.8.  байырғы  тарихи  атаулары  бар  елді  мекендер  бойынша  жергілікті 

ғалымдарды тарта отырып, олардың тарихи атауларын қайтару жөнінде тиісті 

жұмыстар жүргізеді;

10.9. ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің 

құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының 

пікірін  ескеру  қолданыстағы  2014  жылғы  24  ақпандағы  №  138  Үкіметтің 

қаулысымен  бекітілген  «Әкімшілік-аумақтық  бірліктерге,  елді  мекендердің 

құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  кезінде  тиісті  аумақ 

халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады;

10.10. сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды 11-бө лік те 

көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;

10.11. атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша, әсіресе 

елді мекендердің байырғы таихи атауын қайтарукезінде халықты хабардар ету, 

сондай-ақ республика халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында 

халықпен  түсіндіру  жұмыстарын,  елді  мекеннің  қайтарылатын  тарихи  атауы 

туралы  мерзімді  баспасөзде  материалдар  жариялау,  теледидар  мен  радиодан 



(белгілі зиялы қауым өкілдерін тарта отырып) хабарлар ұйымдастырады;

10.12.  ономастиканың  көкейтесті  проблемалары  бойынша  республикалық 

конференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

11. Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама мәселелері

11.  Жергілікті  атқарушы  органдарға  (облыстық,  қалалық,  аудандық)  осы 

бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында:

11.1. сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде орын алған қателік-

терді түзету және олардың алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер мен жарнама 

агенттіктерімен тығыз байланыс орнатады;



Орайлы ұсыныс

79

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

11.2. облыстық тіл саясатымен айналысатын басқармалары, аудандық, қалалық 

тіл  және  мәдениет  бөлімдері  жанынан  сыртқы  жарнама  мен  көрнекі  ақпарат, 

әсіресе тауарлық жапсырмалар (этикеткалар) мәтіндерінің қатесіз сауатты жа-

зылуын  бақылау  мақсатында  тегін  кеңес  беретін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет