Оразақын Асқар



Дата26.10.2022
өлшемі16,2 Kb.
#45473
Байланысты:
Оразакын Аскар


Оразақын Асқар


Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты МүкейҚаратас деген жерде туған. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 
1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
Қазір зейнеткер, сонымен бірге «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысуда.
1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964; Мейірім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Күнгей. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975; Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981; Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984; Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985; Расти большим. А., «Жалын», 1985; Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987; Қара өлең. А., «Жазушы», 1989; Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992; Құран хикаялары. Аударма. А., ңЖалынң, 1992; Керімсал. А., «Жазушы», 1994; Жарапазан. А., «Балауса», 1995; Суретті әліппе. А., «Өнер», 1996; Әріптер әлеміне саяхат. А., «Интерпечать», 1999. Орбұлақ. Өлеңдер. А., «Ануар», 2000; Тәуелсіздік тартулары. А., «Өнер», 2001; Отан деп оянғанда. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жалын», 2004; Атамекенге оралғанда. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2005; Ұяда нені көрсең... Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; Қос қоңырау. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; Сүт сыйлықтары. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; Ұлттық ойындар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; Жаңа баталар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; Жеткіншек. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Балалар әдебиеті», 2005; Әріп – дыбыстың таңбасы. Өлеңдер. А., «Аруна», 2005; Дербестік дес бергенде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2006; Мерекелер. Өлеңдер. А., 2007; Алтын абдыра. А., «Балауса», 2007; Елеулі елу ертегі, жебедей жетпіс жұмбақ. А., «Ана тілі», 2007; Ел ішінде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2008; Інжу маржан. Әлем елдерінің халықтық жырлары. Аударма. А., «Балауса», 2008; Балаларым – бақытым. Өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008; Ақша туралы ақиқат. Өлеңдер. А., «Мектеп», 2008; История денег. Стихи. А., «Мектеп», 2008; Логопедтік әліппе. Өлеңдер. А., 2008.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет