«K.ZHUBANOV AKTOBE REGIONAL UNIVERSITY»
DEPARTMENT OF INTERNATIONAL COOPERATION
|
Факультет декандарына, кафедра меңгерушілеріне
Қызметтік хат
07.11.2022
Халықаралық ынтымақтастық департаменті академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2022-2023 оқу жылының 2 жартыжылдығына мемлекеттік грант бойынша оқитын 2,3 курс (бакалавриат) және 1 курс (магистратура) білім алушыларына университет есебінен (бюджеттен тыс) оқуға құжаттарды жинау басталғанын хабарлаймыз. Оқу үлгерімі GPA 3.33-тен төмен болмауы тиіс.
Конкурс күнін факультет координаторларына алдын ала хабарлаймыз (қажетті құжаттар толығырақ Қосымша 1-де). Толық емес құжаттар пакеті автоматты түрде қарастырылмайды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына барғысы келетін студенттер 100, 80 және 50 пайыздық жеңілдікке ие бола алады. Осыған орай бұл конкурсқа қатысты университеттен арнайы комиссия құрылатын болады.
Мемлекеттік гранттар бөлінбейтін білім бағдарламаларының студенттері (Экономика және құқық факультетіне қатысты) академиялық ұтқырлық бағдарламасына арнайы коммиссия арқылы қараластырылатын болады.
Ақылы негізде оқитын білім алушылар өз қаражаты бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қосымша 2-де берілген талаптарға сәйкес өтініштерін қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.
Егер шетел тілін (ағылшынша және түрікше) меңгеру деңгейі туралы құжат болмаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымын институционалды тестілеу өткізілетін болады.
Сізден, 21 қарашаға дейін бюджеттен тыс және өз қаражаты бойынша өтініш білдірген білім алушылардың тізімін (Факультет деканы атынан қызметтік хат, хаттама, білім алушылардың құжаттары) Халықаралық ынтымақтастық департаментіне тапсыруыңызды сұраймыз.
Сұрақтар бойынша байланыс aidana.kulmanova@zhubanov.edu.kz
Жауапты маман:Кулманова Айдана
Қосымша 1 - Студенттердің жинайтын қажетті құжаттар тізімі:
Резюме;
Паспорт көшірмесі;
Жеке куәлік көшірмесі;
Ректор атына жазылатын өтініш;
Ұсыныс хат (кафедра меңгерушісінің атынан)
Оқу орнынан анықтама (СҚКО-дан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
Транскрипт (СҚКО-дан берілген, Бас ғимарат 1 қабат);
Шет тілін меңгергені туралы сертификат;
Халықаралық, Республикалық немесе таңдалған оқу бағыты бойынша шараларға қатысқаны туралы дипломдар, сертификаттар мен марапттардың көшірмелері (болған жағдайда);
студенттің көп балалы отбасын растайтын отбасының құрамы туралы құжат (болған жағдайда);
студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы азаматының анкетасы;
№ 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығу үшін);
Оқып жатқан студенттің өтініші (2 дана);
Оқуға келісім (2 дана);
Студенттің жеке оқу жоспары (ИУПС);
Фото – 3*4, 6 дана;
Папка файлдармен – 1д;
Қосымша 2. Ақылы негізде оқитын білім алушылар өз қаражаты бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу талаптары:
GPA-2,67 аз болмауы тиіс;
Академиялық қарызы болмауы керек;
Ата-анасының рұқсат қағазы болуы шарт;
18 жастан асқан 2-3 курс студенттері қатыса алады.
Қосымша 3 Шетелдік Университеттер тізімі
Canakkale Onsekiz Mart University
Katowice Business University
Hacettepe Üniversitesi
Akademia Pomorska w Słupsku
Kastamonu University
Kafkas Ünievrsitesi
Pamukkale Ünievrsitesi
Ankara Yıldırım Beyazıt Üniversitesi
Sakarya Universitesi
Kastamonu Universitesi
University of Economy Bydgoszcz
Балтийская Международная Академия, Латвия
Достарыңызбен бөлісу: |