Орындаған Аскарова Гульденсин 5поток 23 топ



Дата28.10.2022
өлшемі18 Kb.
#46024


Орындаған Аскарова Гульденсин
5поток 23 топ
1.Дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің мақсаты қандай?

  • апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару);

  • апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу);

  • қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу;

жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Жалпы алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемнің мақсаты - жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу және зардап шегушінің жарақатының жеңіл өтуіне көмегін тигізу.
2.Агональды жағдайдың, биологиялық және клиникалық өлімнің белгілері

Агонияның клиникалық белгілерінің бірі – ол агональды тыныс, яғни сирек, уақыты бойынша қысқа, құрысумен жүретін терең тыныс алу әрекеттері, кейде қаңқа бұлшықеттерінің қатысуымен. Тыныс алу әрекеттері әлсіз, төмен амплитудалы болуы мүмкін. Екі жағдайда да сыртқы тыныс алу тиімділігі төмендейді. Агония кезеңіндегі соңғы тыныс алудан соң, клиникалық өлім кезеңі басталады.


Клиникалық өлім – бұл бірнеше уақыт аралығында ағзаның басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде қан айналым және тыныс тоқтайды, тіршіліктің, өмір сүрудің сыртқы көріністері толық жоғалады, бірақ гипоксияға сезімтал ұлпаларда әлі қайтымсыз өзгерістер дамымайды. Бұл өмір мен өлім арасындағы қысқа уақытылы кезең.Клиникалық өлімнің белгілері:

  1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.

  2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.

  3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.

  4. Естен тану.

  5. Қоңыр-сұр түске ену.

Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секунд та тоспай, реанимацияны бастау керек. Тыныс салу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты терминальды күйден шығаруы мүмкін.
 Биологиялық өлім
Адам ұзақ ауырып, оның организміндегі тіршілікке маңызды органдарында (мысалы, жүйке жүйесінде, т.б.)қайтымсыз өзгерістер байқалса, организмді тірілтуге мүмкіндік болмайды. Бұл кезде өлімнің биологиялық сатысы басталады.Биологиялық өлімнің белгілері:

  • Дене температурасы қоршаған орта температурасына дейін төмендейді;

  • Мәйіт дақтарының пайда болуы, ол тері бетіндегі көкшіл-күлгін дақтар.

  • Мәйіт арқасымен жатқанда дақтар жауырын, бел, жамбас аймақтарында, ал ішімен жатқанда- бет, мойын, кеуде, іш аймағында пайда болады.

  • Мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі. Ол бет бұлшықеттерінен басталып, дене бұлшықеттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.

  • «Мысық көзі» симптомының болуы – көзді басқанда көз қарашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады;

  • Көздің мөлдір қабы майланып кебеді, көз алмасы босаңсиды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет