Орындаған: Есбосынов д тексерген: Удербаева а графит Графит



Дата19.05.2022
өлшемі0,66 Mb.
#34993
Байланысты:
графит каз


Орындаған:Есбосынов Д
Тексерген:Удербаева А
Графит
Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.
Түсі қара, сұр, қара сұр,
металдай жылтыр.
Қаттылығы 1,
Меншікті салмағы 2,2 г/см3.
Балқу температурасы 38500С.
Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді.
Қышқылға төзімді, жоғары температурада ғана тотығады
Жеңіл өңделеді, жұмсақ, майысқыш.
Г р а ф и т
Алынуы
Графит, негізінен, құрамында битумды зат бар саздардың қатты метаморфтануға шалынуынан түзілген кристалды тақтатастардан алынады
Электр пешінде 22000С-тан астам қыздырғанда тас көмір (антрацит) графитке айналады. Домна пештерінде балқыған шойынды баяу салқындатқанда графит алынады
Құрылымы бойынша графит кені арасында айқын кристалды, қабыршақ және жасырын кристалды (аморфты) түрлері бөлінеді. Айқын кристалды кен арнайы байытуды қажет етпейді, оның құрамында 60-80% графит болу керек. Қабыршақты графит кені байытуды қажет етеді, құрамындағы минерал 6% -дан аз болмауы керек. Аморфты кенде графиттің мөлшері 15%-дан (байытылады) 70% -ға(байытылмайды)ү Графит табиғи жағдайда, жоғары температурада, ауа жоқ жағдайда көміртектен пайда болады.
Жаратылысы
Графиттің кенорындары
ТМД-да графит кенінің ең ірі жері — Алибер кені (Байкалдың оңтүстік-батыс жағындағы Тункин тауларында). Украинада, Азов теңізінің солтүстік-батыс жағасында (Жданов, Осипенко қалаларынан солтүстікке қарай) графит кені бар. Қазақстан жерінде графиттің Аягөз, Қалғұтты, Қарағайлы, Делбегетай және Балтатерек Сиялысай кенорындарындары бар.
Назарларыңызға рахмет ! ! !

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет