Орындаған: Есмухамбет Анель Мырзабек Гүлназ



Дата21.10.2023
өлшемі18,98 Kb.
#120124

Орындаған: Есмухамбет Анель
Мырзабек Гүлназ
Даналық-дара бітім
Қазақ халқына ел бірлігін насихаттауда үлкен рөл атқарған танымды тұлғалардың бірі-Асан қайғы.Ол қоғамның даму заңдылықтарына тұжырым жасап,адам мен табиғат арасындағы қатынасты біріктіріп,олардың қасиетін білуде біліктілігімен көрінген дана философ.Қазақ тайпалары мен рулары тұсындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі,хан кеңесшісі,жақтаушысы .Ел оны әулие тұтқан,ақыл-кеңесіне құлақ асқан. Жерінің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен. Үнемі халық ауызында жүрген.Белгілі жырау сонымен қатар тұрмыс мәселелеріне де тереңінен үнілген. Әр құбылыстың адамзаттық мағынасына тереңдей мән беретін ерекше тұлға. Оның бейнесін ашқан зерттеушілердің еңбегі әлі күнге дейін өз жалғасын табуда.
Асан толғауларынан ерте заманға тән бейнелерді, қазақ халқының құралу дәуіріндегі тарихи оқиғалардың баяндалуын байқауға болады. «Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегің көрсетеді», — деп жазады Б.Кенжебаев.Яғни,жырау елінің қамын кешіп,мұңын суреттеген.Асан мұңы-халық мұңы. Есіміне жалғанған Қайғы анықтамасы ел сүйіспеншілігінің белгісі.
Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала философы» деп атаған.Жұрт арасында танымал нақыл сөздердің,философиялық ойлардың авторы да Асан болып табылады.Оның рухани мұралары халық санасында ұрпақтан ұрпаққа сақталып келеді.Жыраудың халық бақытын,ел тыныштығын насихаттағаны толғауларынан байқауға болады.Толғауларында ойшыл үнемі халық атынан сөйлейді.Бүгінгі тіршіліктің,ертеңгі болашақтың қамын кешкендіктен.
Асан Жерұйықты іздеуде деректер бойынша Ақ Ордадан бастап,жеті өзенге дейін сапар шегіп,дүниенің төрт бұрышын аралаған.Оның жерұйықты іздеудегі мақсаты елінің қамы болатын.Ол елінің шөбі шүйгін,суы мөлдір,ауасы таза,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мекенде,адамды жүзге келмей өлмейтін,қойы екі төлдейтін,еркін өмір сүретін жерді қалап,аңсаған.Ол іздеген «Жерұйық» шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп, іске асырмақ болған.Осы бір сәттен Асан қайғының елінің болашағы мен ертеңі алаңдататынын байқаймыз.Бұл мұратын жырау “Жер ұйық”деп атаған.
М. Әуезов : « Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның «Жерұйықты» іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ» , — деп жазған.
Асан Қайғы туралы аңыздардың басты өзегі – қорған салып, отырықшылыққа бет қойған ханның саясатына келіспей, қазақ жұртына жағалаған жаудан алыс, айналасы тыныш жайлы қоныс іздеу
Аңыздағы Асанның бүгінгі Қазақ даласының шарламаған жері жоқ. Қай жерге бас бұрса да, ол алдымен жердің мал мен егінге жайлылығы мен жайсыздығына сын айтады және оның маңайдағы жаудан туатын қауып-қатерді де ескертіп отырады.Көп жағдайларда жыраудың айтқан сөздері мен толғаулары үнемі орындалған. Маңғыстауға келген кезде ол «Кім мал баққысы келсе, бұдан артық жер таппайды!» десе, Ертіс өзені туралы «Суы тұнық әрі таза, жағасы шүйгін шөпке, өзені балыққа толы бұл жерде кедейдің өзі қайдан азық табамын деп қиналмайды» депті.Ақын ұлттық идеяның ұйытқысы болып табылады.
Қазіргі уақытта абыз әулие туралы екі түрлі болжам бар. Бірі — оны аңыздардың жиынтығы ретіндегі бейне десе, екіншісі — Хасан Сəбитұлы — қазақ халқының мемлекет қайраткері, ақын, жырау, философ екендігі. Халық арасында айтуы бойынша, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Шоқан Уәлихановтың жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көл жағасында дүние салған.
Қорытындылай келе, адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені білу мәселелері Асан Қайғының фәлсафалық ойларының негізі болып табылады. Ұлы жырау поэзиясында адам туған жерін қалай құрметтесе, ар-ұят, адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді де дәл солай бағалау керектігі жайлы ойлар айтылады. Еліміздің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткендігін көре аламыз.  Оның бейнесі мәңгілікте халық жадында сақталып қалып,ұрпақтан ұрпаққа таралатынына кәміл сенімдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет