Орындаған: Жаксибаева Дина



Дата17.04.2023
өлшемі119,55 Kb.
#83323

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Тақырыбы: Ғылыми-техникалық процеске арналған ғылыми жұмыстармен танысу, талдау, талқылау


Орындаған: Жаксибаева Дина
7м01602 1-курс студенті
Алматы
2022-2023
Адамзат қоғамының дамуында ғылымның көкжиегi кеңейе түсiп, зор
қарқынмен дамып келедi. Бүгiнгi таңда ғылымның әсер
етпейтiн саласы жоқ. Ол адамның ой-санасы мен басқару, қорғаныс,
техника, денсаулық — бір-бiрiмен тығыз байланысты. Ғылым мен техниканы
дамыту, қандай кезеңде, қандай экономикалық формацияда болсын, өндiргiш
күштердi өркендетудiң басты нысаны болып қала бередi.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуi
экономикалық және әлеуметтiк қиындықтарға әкелiп соқтырды. Осыған орай,
бiрiмен-бiрi сабақтасып жақан басты деген үш түрлi себеп-салдарының
шикiзат базасы ретiнде дамуы, екiншiден, халықтың тұрмыс дәрежесiнiң
төмендегi және ең соңғысы, экологиялық жағдайдың республика
территориясында насырға шабуы.
Осындай жағдайдан елдi алып шығудың бiрден-бiр жолы
ғылыми-техникалық потенциалдың мүмкiндiлiгiн кеңiнен пайдалану. ғылыми-
техникалық прогрестi экономиканы өркендетудiң құрамдас бөлiгi ретiнде
қарай отырып, оны басқаруды жетiлдiрудi нарықтық қатынастар төңiрегiнде
қарастыру бүгiнгi таңдағы басты мәселе қатарына жатады.
Жалпы алғанда, республика экономикасын дағдарыстан алып
шығып, өсiп-өркендету үшiн жаңа мемлекеттiк ғылыми-техникалық
прогресстi нарық арқылы реттеу өрiсiн кеңейту керек. Осы тұрғыдан
алғанда ғылыми-техникалық саясаттың аймақтық проблемалары бүгiнгi
күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi.
Қазқстан экономикасының, әсiресе Оңтүстiк Қазақстан аймағын
дамыту үшiн ұсынылып отырған технопарктер моделiн ендiрудiң маңызы зор.
Бүгiнгi өзектi мәселелердi шешу үшiн, Оңтүстiк аймақта жинақталған
ғылыми әлеуеттi химия, мұнайхимия, машина құрылысы және металлургия
кешендерiн дамытуда кеңiнен әрi тиiмдi пайдалану үшiн озық елдер
тәжiрбиесiнен алынған технопарк моделi ең дұрыс шешiм болмақ.
Жалпы алғанда, аса маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды шешу
жөнiнде арнаулы кешендi бағдарламалар жасалып, олардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету, жаңа техниканы жасау және меңгеру мерзiмдерiн едәуiр
қысқарту; ғылым мен өндiрiстiң өзара байланысын күшейту; салалық ғылыми
мекемелердегi зерттеулердiң дәрежесi мен аяқталған ғылыми жүмыстардың
нәтижелерiн өндiрiсте пайдалану; жаңадан жасалатын және шығарылатын
бұйымдардың техникалық дәрежесiн бағалау жүйесiн жақсарту, ескiрген
өнiмдi өндiрiстен дер кезiнде алу; ғылыми зерттеу және жобалау
конструкторлық ұйымдардың тәжрибелiк – өндiрiстiк базасын нығайту;
зерттеулер мен талдамалардың бағыты мен ғылыми мекемелердiң ұйымдық
қрылымын бүгiнгi күн талаптарына сәйкес дер кезiнде белгiлеп, өзгертiп
отыру; жоғарғы оқу орындарының ғылыми әлеуетiн халық шаруашылық
мiндеттерiн шешуге пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру – мiне осы
мәселелердiң барлығын аймақтық деңгейде шешу үшiн “Оңтүстiк әлеует ”
технопарк моделi ұсынылып отыр.
Бұл модель кәсiпорындарда озық инновациялық менеджменттi
пайдалануға үлкен мүмкiндiктер ашады.
Екiншi жағынан, Оңтүстiк аймақтық экономикасын өркендетуге
үлкен септiгiн тигiзетiнi сөзсiз.

1. Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi


1.1. Ғылыми-техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi
қағидалары
Ғылыми-техникалық саясат — Ғылым мен техниканың жиынтық дамуын
қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және
оларды тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму
үдетуiндегi ҒТП үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-
техникалық саясат – бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру
формалары мен оны басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен
табиғаттың даму заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды
қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық
мүддеге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес
ынталандыру және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды
конкурстық негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру
кезiнде ғылым мен ғылыми техникалығ қызмет саласындағы мемлекеттiк
органдардың ғылыми жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және
қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн
қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.

2. Ғылыми-техникалық саясат саласындағы


негізгі міндеттер мен мақсаттар

Ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi мақсаты- өмiрдiң сапасын


арттыруға бағытталған зерттеулердi дамыту, жоғары технологиялық
өнiмдердi экспорттауға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн ресурстарды
үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза өндiрiстер әзiрлеу, шикiзатқа
бағытталған экономиканы бiртiндеп технологиялық, ал технологиялықты-
интелектуалдық – ақпараттық экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшiн
жоғары бiлiктi мамандар даярлау болып табылады.
Оларды iске асыру үшiн:
-ғылым мен ғылыми техникалық қызметтi ұйымдастарудың жүйесiн,
нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны, соның iшiнде, ғылыми
зерттеу және тәжрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру
саласындағы базаны, оларды конкурстық iрiктеудi және нәтижелердi
практикалық игерудi, интелектуалдық меншiк құқығын єорғауды және
басқаларын жетiлдiрудi;
-iргелi зерттеулердi оңтайландыру;
-экономиканың базалық салаларын қажеттiлiгiн ғылыми техникалық
қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердiң бiiрншi кезектегi
бағыттылығын ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру,
зерттеу-әзiрлеу-өнеркәсiптiк игеру бiрiңғай ғылыми-өндiрiстiк циклға
көшуге ықпал ететiн инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай
жасауды;
-ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару, өнiмдегi импортты
алмастыратын (экспортқа бағдарланған) жаңа технология әзiрлеудi,
меншiктi –тәжiрибелi эксперименттiк және өндiрiстiк техникалық базаны
одан әрi нығайтуды (қайта жаңарту техникалық жағынан қайта
жарақтандыру) және дамытуды;
-қызмет бейiнiң сақтай отырып ғылыми техникалық
саланың
жекелеген объектiлерiн қайта құрылымдандыруды және
жекешелендiрудi;
-ғылыми қажетсiнетiн өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту үшiн
инвестицияны тартуды, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық жағынан
таза технологиялар енгiзудi;
-ғылыми-техникалық қызмет саласында шағын және орташа
кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, нарықтық инфрақұрылым
элементтерiн қалыптастыруды және дамытуды;
-зерттеу институттарын салалық ғылыми техникалық орталықтарды
және жоғары оқу орындарын, оқу процесi мен ғылыми қызметтi
ықпалдастырудың тиiмдi тетiгiн әзiрлеудi;
-басым бағыттар бойынша кадрлар, соның iшiнде жоғары бiлiктi
кадрлар даярлауды осы негiзде елдiң интелектуалдық қабiлетiн сақтауды
және дамытуды қамтамасыз етедi.
-озық шетелдiк технологияларды отандық жағдайда таңдау мен
бейiмдеуге және өнеркәсiпте игеруге елдiң ғылыми күштерiн тартуды;
Қазақстандық ғылымды әлемдiк ғылыми техникалық кеңiстiкке
ықпалдастыру процесiн жеделдету мiндеттерiн шешу қажет.
Инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижелерiн жаңа
немесе жетiлдiрiлген өнiмге аудару мен байланысты атқарылатын қызмет.
Ол инновацияларға әкелiп соғатын ғылыми-технологиялық, ұйымдық қаржылық
және коммерциялық iс шаралардың бiртұтас кешенiң қамтиды.
Инновациялық қызметтiң негiзгi түрлерi:
А) өндiрiстi дайындау және ұйымдастыру, ол жаңа технологиялық
процестi қалыптастыруға қажеттi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен,
инструменттер мен қамтамасыз етудi, олардағы өзгерiстердi, сондай-ақ
процедуралардағы, өндiрiс әдiстерiмен стандарттарындағы және сапаны
бақылаудағы өзгерiстердi қамтиды;
Ә) өнiм мен технологиялық процестiң модификациясын қамтитын
өндiрiске дейiнгi жұмыстар. Жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды
пайдалану үшiн жұмыскерлердi қайта дайындау.
Б) жаңа өнiмдер маркетингi. Ол жаңа өнiмдi нарыққа шығарумен,
нарықты алдын-ала зерттеумен, өнiмндi әртүрлi
нарықтарға бейiмдеумен, жарнамалаумен, нарықта сату-таратуорындарын
құрумен байланысты атқарылатын қызмет түрлерiн қамтиды;
В) сырттан патенттер, лицензиялар, ноу-хау ашулар, сауда
маркалары, конструкциялар, модельдер және технологиялық мазмұндағы
қызметтер түрендегi технологияларды алу;
Г) өзiнiң технологиялық мазмұны жағынан, кәсiпорынға өнiмдiк
немесе процестiк инновацияларды ендiрумен байланысты болатын мешиналар
мен қурал-жабдықтар алу;
Д) өндiстiк жобалау.
Инновациялық қызметтiң негiзi – ғылым мен техниканың барлық
салаларында ғылыми-техникалық бiлiмдi дамыту, тарату және пайдаланумен
тығыз байланысты.
Ғылыми-техникалық қызметте мына ұғымдардың маңызы үлкен:
Ғылыми (ғылыми-техникалық) бағыт – ғылым мен техниканың белгiлi
бiр саласын дамытуда маңызды бiр мiндеттердi шешуге арналған дербес
iрi ғылыми жұмыс.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) проблема – ғылыми бағыттың бiр
бөлiгi, оны шешудiң мүмкiн болатын бiр жолын көрсетедi.
Ғылыми жұмыс мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама түрiнде
орындалуы мүмкiн. Ол қорлар, орындаушылар, уақыт жағынан үйлестiрiлген
жұмыстар кешенiн қамтиды.
Ғылыми тақырып – мәселенiң бiр бөлiгi, жұмыстарды қаржыландыру,
жоспарлау және есепке алуда тақырыптық жоспардың негiзiне алынады және
әдетте ғылыми ұйымдық шегiнде шешiледi.
Инновациялық процесс жаңа ендiрулердi қалыптастыру және игеру
жөнiндегi қызмет ретiнде қаралады, алайда ол жаңалықты алғашқы
коммерциялық пайдаланумен бiрге тоқтап қалмайды, үздiксiз жалғаса
бередi, яғни жаңа ендiрудiң технико-экономикалық параметрлерi тұрақты
жетiлдiрiлiп, нарық талаптарына икемделедi.
Инновациялық процестiң мақсаттары төмендегiдей:
1. мiндеттiң жаңаша технилық шешiмiн табу – жаңалық ашу;
2. ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар жүргiзу, (НИОКР);
3. өнiмнiң сериялық өндiрiсiн игеру;
4. өнiмдi өткiзудi параллельдi дайындау және ұйымдастыру;
5. жаңа тауарды нарыққа ендiру;
6. өнiмнiң бәсеке қабiлеттiгiн жоғарлату, технологияны тұрақты жетiлдiру
арқылы жаңа нарықтарды игеру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Билич Ю. С. Из истории развития политико-административных карт СССР // Труды Московского института инженеров геодезии, аэрофотосъемки и картографии / МИИГАиК. — М.: Геодезиздат, 1957. — Вып. XXVIII. — С.
2.Греков В. И. О чертеже всей России до Китайского царства и до Никанского // Известия АН СССР. 1959. Серия географическая. № 2. С. 80-

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет