ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Сөж:
Тақырыбы: «М.Хайдеггер Онтологиясының негізгі ұғымдары»
Орындаған: Жаншина Мерей
Тексерген: Джанкадыров Сейфулла
Топ: Полиграфия 224_1
Жоспары:
I Кіріспе:
II Негізгі бөлім:
1. М.Хайдеггердің болмыс туралы түсінігі
2. <<Болмыс және уақыт>> еңбегі.
III Қорытынды.
IV Әдебиеттер тізімі.
Мартин Хайдеггер (1889 ж -1976 ж) — Неміс экзистенциализмінің ең ірі негіз қалаушысы боп Мартин Хайдеггер есепетеледі. Мартин Хайдеггер 1889 жылдың 26 қыркүйегінде Швабия өңіріндегі Мескирх деген жерде қарапайым қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі, Фридрих Хайдеггер бөшкі жасаушы болған және Әулие Мартин шіркеуінде шырақшы болған. Шешесі, Иоганна Кемпф, кішкентай ғана жері бар шаруалар отбасынан болған. Олардың баласының оқуына төлейтін қаржысы жоқ еді, оқуға құмар болашақ философты шіркеу өкілдері оқытты.
Неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология және теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Мартин Хайдеггер философияның пәні мен міндеттерін экзистенциалдық тұрғыдан түсінудің негіздерін жасаумен айналысты. Ол Құрлықтық философия дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.
Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды.
Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс. Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі. Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |