Орындаған: Жасұланұлы ш тексерген: Джакупова Ч. А



Дата16.10.2023
өлшемі188,31 Kb.
#115915

“алматы технологиялық университеті”

Тақырыбы: “Мәдениет мәні туралы білімнің, мәдениет морфологиясы мен анатомиясының мәдениет туралы ғылым үшін мәнін ашып көрсету”

Орындаған: Жасұланұлы Ш

Тексерген: Джакупова Ч.А

Жоспар

  • Мәдниет анықтамасы.
  • Казіргі заманғы мәдениетке берілген анықтама .
  • Мәдениеттану ғылым ретінде.
  • Мәдениеттанудың даму кезеңдері.
  • Қорытынды .

Мәдениет

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым – қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.


Бұл қарым – қатынастың мәні
Мәдениет
Адам
Адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.

Қазіргі заманғы мәдениетке берілген анықтамалар


Мәдениет
Адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті,құқық мәдениеті ж.т.б)
Белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы
Адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б )
Агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б)

Мәдениет


Рухани
мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер ғылымынан құралады. Рухани мәдиниеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылымның туындыларынан құралатын көркем мәдиниетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым өз кезегінде зерделік, ғылыми – техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады
Материалдық
мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын өндірістік ғимараттар мен үйірмереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды.
Рухани
Материалдық
Материалдық және рухани арасында терең бірлік бар, өйткені олардың екеуі адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Алайда материалдық және рухани мәдениетке бөлу көбінесе шартты түрде болады, өйткені ол шынайы өмірде олар тығыз байланысты, бір – бірімен сіңісіп, толықтырып тұрады. Тек материалдыққа немесе руханиға жатқызуға болмайтын мәдениеттің бір қатар түрлері бар (экономикалық, саяси, экологиялық, эстетикалық)

Мәдениеттану ғылым ретінде

Мәдениеттану ғылым ретінде “культурология ” атауымен Еуропада қалыптасқан. Бұл сөздің өзі екі: латын және грек тілдеріндегі екі сөзден құралған. “Культура” сөзі латын тілінде жер айдау, топырақ өңдеу дегенді білдіреді. Ал “логос” сөзі грек тілінен алынған. Ол көп мағыналы: “ғылым”, “ілім”, “теория” деген ұғымдарды береді. Демек, культурология – мәдениет туралы ілім, теория, ғылым. Мәдениеттану ғылымының қалыптасуында мәдениеттің табиғаты мен мәнін түсіне білу маңызды орын алады. Мәдениет ұғымының даму тарихы мәдениет туралы жан – жақты тұжырымданады: марксизмнің еңбек құралы тұжырымдамасын; Н.Я.Данилевскийдің мәдени тарихи тип тұжырымдамасын; мәдениеттің ойын ретіндегі теориясы және басқа тұжырымдамаларын өмірге келтіреді. ХІХ-ХХ ғғ бойында мәдениетті зерттеуде антропологиялық бағыт қалыптасты, онда адам мен мәдениеттің қарым – қатынасы басты назарға алынды.

Мәдениеттанудың даму кезеңдері

  • Этнографиялық кезеңде (1800-1860) жазуға дейінгі кезеңнің этностық қауымдастықтары зерттелді.
  • Эволюциялық кезеңде (1860-1890 жылдар ортасы) Э.Б.Тайлор еңбектері басшылыққа алынды.
  • Тарихи кезең (1890-1920) эмпириялық сипаттама енгізген Ф. Боастың қызметіне байланысты.
  • Психологиялық кезеңде (1920-1950) М.Мид, Р.Бенедикт сияқты ғалымдар мәдени орта жағдайындағы жеке тұлға мінез құлқын зерттеді.
  • Құрылымдық функционалдық кезеңге (1930-1950) мәдениеттің әр бөлігі өзінше қызмет атқаратын біртұтас нәрсе деп қарауға ұмтылыс тән болды.
  • Жаңа эволюциялық кезең (1950-1980) классикалық эволюционизмнің негізгі идеяларын өңдеген түрде қайта тудырды.
  • Постструктурализмнің ерекшелігі (1980 жылдан бері) анықталмаған, тұрақсыз мәдени құбылыстарға көңіл бөлу болды.

Цицеронның талдауындағы мәдениет ұғымы

Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағына берген. Цицеронныі еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Ал кейінірек уақыт өте келе еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазақ тілінде бұл термин арабтың “маданият” – қала деген сөзінен енген

Қорытынды

Мәдениетбұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі. Бұл – өзінен өзін туындататын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оныі әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет – бұл адамзаттың жасаған дүниесі

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет