Орындаған: Көпжасар м тобы: 1507-21 Тексерген



Дата29.11.2022
өлшемі21,96 Kb.
#53500
Байланысты:
Көпжасар М. эссе


Эссе


Тақырыбы: Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі


Орындаған: Көпжасар М
Тобы: 1507-21
Тексерген: Бегдаулетова К.Д

Жоспар:

  1. Өнер туралы түсінік

  2. Тұлға үшін өнердің маңыздылығы

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі заманғы адамның өміріндегі өнердің рөлі


Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері (архитектура) оларды суреткердің ішкі идеялық–сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық.[1]
Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн.[2]
Қазақ халқының өнері – оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі. Рухани өнердің өмірге келуі, біртіндеп дамуы, халықтың сипат алуы, оның біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғартады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен өнерінің іргетасы тым ерте кезеңдерден бастап қаланған.
Өнер–оның өзіне тән сезімталдылығымен, шабытымен және көпшілік шеберлерінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашан алда жүреді. Сондықтан да халық атты композитор көп бейнелі барлық өнер әлеміне бүкіл жан–жақтылығымен әсер етеді»-деп, музыкатанушы Б.Асафьев қазақ өнерінің өміршеңдігін атап көрсетті. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тағы бір үлкен саласы–би өнері. Би – өнер атаулары ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған. Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойы тұрмыс–тіршілігінен, кәсібінен, салт–дәстүрінен мағлұмат алуға болады, ал қазіргі кезде жастар (қазіргі заман талабына сай құрылған дискотекаға) көбірек көңіл бөледі. [3]
Музыка–эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларынан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбекпен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.[4]
Өнер-адам баласының жан-жақты жетілуіне,эмоциялық күйіне,өсуіне мүмкіндік береді.Өнер туындылары адам сезіміне қозғау салып,оқиғаны басынан өткізгендей күй кешіреді,ләззәтқа бөлейді.Мысалы:Театрға барып спектакль көрсеңіз не кинотеатрдан кино көрсеңіз не әзіл-сықақ театрына барсаңыз,өз сезіміңізге ие бола алмай сахна көрінісіне қарап күліп не жылап алатыныңыз сөзсіз.Бұл өнердің құдыреті.Қазақ халқының өмірінде сөз өнерінің орны ерекше болған.Ертеден қолданылып келе жатқан мақал-мәтел, ән-өлеңдер,шешендік сөздер тіл өнері арқылы ұрпақтан -ұрпаққа жетіп отырған."Өнер алды-қызыл тіл"-деп бекер айтылмаса керек.Кең тынысты қазақы әнші-серілер ән арқылы ішкі сезімдерін,күй арқылы ой -толғауларын халыққа жеткізіп отырған.Өнердің адам өмірінде алатын орны ерекше. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көруге болады.Қолөнер қазақтың салт дәстүрі арқылы өркендеп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.Мысалы киіз үйдің қолдан істелетін бүкіл жабдықтары өнер емей немене?!Адам өз жан дүниесіндегі ішкі сезімін,ойын,даналығын,тарихын өнер арқылы білдіріп отырған.Өнерлі бала озар-деп күйшілер күй құдыретін өнері арқылы халқымызға жеткізіп отырған.Өнер адам баласы үшін-таусылмас азық,жұтаймас байлық.Өнер біздің өміріміздің өрнегі.[5]
Қорытындылай келе, Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстарымен бағаланады.
Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады.
Қазақстандағы өнер түрлері де ерте кезде-ақ пайда болып, қазіргі таңда адамның жан азығы мен рухани байлығы іспеттес. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып - тануға міндеттіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • www.google.ru "Қазақ Энциклопедиясы"кітабы

  • Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет